Сатып аламынорналасқан тұрады сатушысатыладыдүкен сатадынан
Сабақ тақырыбы
«Мен азық-түлік дүкеніне барамын» (3-сынып).
Сабақтың мақсаты
-
1) Білімділік
Жаңа тақырыпты меңгерту, диалог пен сөйлем құрастыру.
-
2) Дамытушылық
Ойлау қабілеттерін дамыту, белсенділікті арттыру, қызығушылықты ояту.
-
3) Тәрбиелік
Дұрыс тамақтануға және тазалыққа тәрбиелеу.
Әдістері мен түрі
Сабақтың әдістері
Сұрақ–жауап, жұптық жұмыс, ой қозғау.
Сабақтың түрі
Дәстүрлі сабақ.
Нәтиже күтілімі
- Оқушы дүкен тақырыбы бойынша 2–3 сөйлем құрастырады.
- Диалог құрып, сатып алу жағдайын сипаттайды.
- Сөйлемге сұрақ қоя алады.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Амандасу, оқушыларды түгелдеу.
- Үй тапсырмасын тексеру: «Сен қай дүкенге бардың?» тақырыбында диалог оқыту.
2) Үй тапсырмасын тексеру (диалог)
Оқушылар үйде құрастырған диалогтарын оқиды. Мұғалім мазмұн, сөйлем құрылысы және дұрыс дыбыстауға назар аударады.
3) Жаңа сабаққа кіріспе (сұрақ–жауап)
Мұғалімнің бағыттаушы сұрақтары
- Қазір қандай сабақ басталды?
- Біз қандай тақырыптарды өттік? («Дүкен»)
- Қандай дүкен түрлерін білесіңдер? (ыдыс, азық-түлік, киім, ойыншық)
- Нанды, сүтті, айранды қай дүкеннен аламыз?
- Сатып алу үшін азық-түлік дүкеніне не істеймін? (барамын)
Тақырыпты бекіту
Бүгінгі тақырыбымыз: «Мен азық-түлік дүкеніне барамын».
Сабақ жоспары
- Сөйлем құрастыру.
- Диалог құрастыру.
- Сөйлемге сұрақ қою.
4) Сөздік қорды еске түсіру
«Дүкен» сөзіне қатысты сөздерді қайталаймыз. Азық-түлік, ойыншық, ыдыс дүкенінде кім жұмыс істейді, кім сатады, не сатылады?
5) Тапсырмалар
1-тапсырма: сөйлем құрастыру
Берілген сөздерді қатыстырып, өткен тақырыптарды еске түсіріп, 2–3 сөйлем құрастырыңдар.
2-тапсырма: диалог құрастыру
Құрастырған сөйлемдеріңді пайдаланып, жұппен қысқа диалог жасаңыздар.
3-тапсырма: мәтінмен жұмыс
Мәтін оқылады. Оқушы ұнаған сөйлемді таңдап, сол сөйлемге сұрақ қояды.
4-тапсырма: тақтамен жұмыс
Берілген сұрақтарға сүйеніп сөйлем құрастыру: Кім? / Қайдан? / Қандай? / Не? / Не істейді?
Үлгі сөйлем (I жақ)
Мен азық-түлік дүкенінен жұмсақ нан сатып аламын.
Қажет болса, II жақ және III жақта да сөйлем құрастырылады.
Қорытынды
«Дүкен» ойынын ойнау арқылы тақырыпты бекіту.
Үй тапсырмасы
Тақырып бойынша қысқа мәтін құрастыру.
Бағалау
Оқушылардың сөйлем құрастыруы, диалогқа қатысуы және сұрақ қою дағдысы бойынша бағалау.
Мұғалім туралы
Орыс мектебіндегі қазақ тілі пәнінің мұғалімі: Аймаханова Жанар Құрманғалиқызы.