Үлес Сабақ мақсаты

Сабақ мақсаты

Үлес ұғымын қолдана отырып, әртүрлі есептерді шығару дағдыларын дамыту.

Күтілетін нәтиже

  • а Үлес ұғымына арналған есептерді шығара алады.
  • ә Тапсырма орындау барысында түрлі тәсілдерді қолдана алады.
  • б Пайымдайды, болжайды және қорытынды жасайды.

Сабақ барысы

Білу

Кіріспе

Ұйымдастыру

5 минут

Оқушылар екі-екіден қол ұстасып «үй» құрады, қалғандары сол «үйде» тұрады. Белгіленген сөз айтылған кезде оқушылар шапшаң орын ауыстырады.

Үй жұмысын тексеру

Оқушылар шеңбер бойымен тұрып, жіпті қарсы тұрған оқушыға лақтырады. Жіпті ұстаған оқушы үй тапсырмасы бойынша жауабын/тапсырмасын айтады.

Түсіну

Тұсаукесер

Ой шақыру

5 минут

Оқушылар «үлес» ұғымына қатысты өз ойларын айтып, ортақ шешімге келеді.

Негізгі бөлім

Практика

Тапсырмалар

30 минут

Постер жұмысы

«Ширек», «жарты», «бүтін», «бөлік», «үштен бір» сөздерінің мәнін ашып, мысалдар келтіреді.

Қима қағазбен жұмыс

Әр топқа тіктөртбұрыш пішініндегі қима қағаз беріледі. Оқушылар оны екіге, үшке, төртке бөлудің бірнеше тәсілін көрсетеді және нәтижесін түсіндіреді.

Мағынаны тану

Тапсырма барысында оқушылар өз ойларын дәлелдеп, пайымдау жасап, қорытынды шығарады.