Дарындыларды оқыту
Сабақ туралы жалпы мәлімет
Сынып
7-сынып
Тақырып
Спорт және спорт түрлері
Сабақ түрі
Аралас
Ортақ мақсат
Оқудағы және оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту.
Сабақтың негізгі идеясы
Оқушыларды қазақша ойлап, ойларын еркін әрі жүйелі жеткізуге үйрету, сөйлету.
Міндеттері
-
1) Білімділік
Топтарды қалыптастыру; бір-бірімен белсенді қарым-қатынас жасауға үйрету; диалогтық оқыту арқылы сыни ойлауға төселдіру; қалай оқу керектігін және өзін-өзі бағалай білуді меңгерту.
-
2) Дамытушылық
Ауызекі тілін дамыту; ойды толық жеткізу дағдысын қалыптастыру; сөздік қорды байыту; тіл мәдениетін арттыру; сөйлеу әрекеті дағдыларын шыңдау; спорт терминдерінің емлесін, ырықсыз етіс пен еріндік дауыстылар туралы білімді бекіту.
-
3) Тәрбиелік
Серіктестік қарым-қатынас орнату; еңбексүйгіштікке, өнерді қастерлеуге баулу; салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Ресурстар
- Суретті слайдтар
- Интербелсенді тақта
- Ватман
- Оқушылардың сурет көрмесі
- Бағалау парақтары
- Ламинатталған беттер
- Маркерлер, фломастерлер
- Оқулық, дәптер
Қолданылған әдіс-тәсілдер мен модульдер
- 1 Диалогтық оқыту (оқудағы және оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер)
- 2 Сыни тұрғыдан ойлау
- 3 Оқу үшін бағалау және оқытуды бағалау
- 4 АКТ қолдану
- 5 Дарынды оқушылармен жұмыс
- 6 Оқушыларды жас ерекшелігіне сай оқыту
- 7 Оқудағы көшбасшылық және басқару
Сабақ құрылымы (технологиялық карта)
1) Шақыру кезеңі
-
Психологиялық ахуал
«Шаттық шеңбері»: оқушылар ортаға шығып, қол ұстасып, алақан жылуын сезінеді.
-
Миға шабуыл
Слайдтар арқылы тақырыпты анықтау, мақсат қою.
-
Ассоциация стратегиясы
«Спорт» сөзіне ассоциациялық алаң құру (ламинатталған парақтар).
2) Ойлану кезеңі
-
«ЖИГСО» әдісі
Оқулықтағы мәтінмен жұмыс (171-бет): кластер құрып, негізгі ойды анықтау.
-
«Карусель» стратегиясы
Топтар орын ауыстырып, мәтінді бір-біріне түсіндіреді.
-
Формативті бағалау
«2 жұлдыз, 1 тілек» арқылы өзара кері байланыс беру.
3) Рефлексия кезеңі
-
Синквейн
«Спорт» сөзіне синквейн құрастыру және қорғау.
-
Венн диаграммасы
Дәстүрлі спорт пен ұлттық спорт түрлерінің ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау.
-
«Жарық жұлдызға жету»
Сабақты қорытындылау және мақсатқа жетуді бағамдау.
Сабақ барысы: негізгі қадамдар
Ұйымдастыру және ынталандыру
Мұғалім сөзі
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Барлығымыз ортаға шығып, шаттық шеңберін құрайық. Енді бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан жылуын сезінейік. Тамаша!
Бізге Сочи қаласынан ақ олимпиада алауы келіпті. Енді алауды қолдан қолға беріп, бір-бірімізге ақ тілегімізді айтайық.
Сабақ ұраны
Тезірек, биігірек, күштірек
Тақырыпты анықтау және топқа бөлу
-
Топтар
Жүйріктер
быстрые
Биіктер
высокие
Күштілер
сильные
Оқушылар топ атауларын аударады, атаудың неге байланысты екенін түсіндіреді. Спорт тақырыбына 3–4 слайд көрсетіліп, сабақтың тақырыбы мен мақсаты бірлесіп анықталады.
-
Оқушы білімін өзектендіру
Ламинатталған қағазда «спорт» сөзіне ассоциациялық алаң құрылады, жұмыстар қорғалады. Алдын ала тапсырма бойынша бір оқушы дайындаған слайдтарын ұсынып, тақырып бойынша қысқаша ақпарат береді.
Жаңа тақырыпты меңгерту
-
Оқулықпен жұмыс (171-бет)
Мәтін «ЖИГСО» әдісімен талданады: топтар кластер құрып, мазмұнын дайындайды.
-
«Карусель» арқылы түсіндіру
Топтар орын ауыстырып, бір-біріне түсіндіреді; мәтін бойынша ауызша мазмұндама жасайды.
-
Тілдік тапсырма
Мәтінді оқып, орыс тілінде мазмұнын жеткізу (аударма және түсіну дағдыларын тексеру).
Бекіту және қорытындылау
-
Формативті бағалау
Әр топ волонтер арқылы өзге топқа «2 жұлдыз, 1 тілек» береді.
-
Шығармашылық жұмыс
«Спорт» сөзіне синквейн құрып, топ алдында қорғайды.
-
Салыстыру тапсырмасы
Дәстүрлі спорт пен ұлттық спортты Венн диаграммасы арқылы салыстырып, қорғайды.
-
Топ басшыларының бағалауы
Бағалау парақтары жиналып, нәтижелер қорытындыланады.
Рефлексия сұрақтары
Негізгі ұғым
- Спорт деген не?
- Спорт түрлері қандай?
Құндылық пен бағдар
- «Қазақстан–2050» бағдарламасында атап көрсетілген негізгі міндет қандай?
Нәтиже
- Сабақ мақсатына жетті ме?
- Топ басшылары сұрақтарға жауап бере отырып, өз топ мүшелеріне «медаль» алуға ұмтылады.
Үй тапсырмасы
171-бет, 3-тапсырма: жазбаша орындау.
Бағалау критерийлері
- Тапсырма толық әрі түсінікті орындалған.
- Ассоциациялық алаңда спорт түрлері көрсетілген, терминдер дұрыс жазылған.
- Мәтін мазмұны орыс тіліне дұрыс аударылған.
- Кластерде негізгі ой нақты берілген.
- Мазмұндама нақты әрі қысқа жасалған.
- Синквейн дұрыс құрылып, сауатты қорғалған.
- Венн диаграммасында ұқсастық пен айырмашылық дұрыс көрсетілген.
- Сұрақтарға нақты, қысқа әрі дұрыс жауап берілген.
Бағалау парағы (үлгі)
| Топ атауы | 1) Тақырып пен мақсат (2 б.) | 2) Ассоциация (2 б.) | 3a) Аудару (3 б.) | 3ә) Кластер (3 б.) | 3б) Мазмұндау (4 б.) | 4) Синквейн (2 б.) | 5) Венн диаграммасы (2 б.) | 6) «Жарық жұлдыз» |
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Жүйріктер | — | — | — | — | — | — | — | — |
| Биіктер | — | — | — | — | — | — | — | — |
| Күштілер | — | — | — | — | — | — | — | — |
Ескерту: Бағалау парағын сынып ерекшелігіне қарай ықшамдап немесе кеңейтіп қолдануға болады.