Жапон халқының музыкалық театры
Сабақтың тақырыбы
Корей халқының музыкалық театры
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға барлық өнердің қайнар көзі халықта екенін түсіндіру. Корей халық музыкасы мен өнері туралы түсінік қалыптастыру, өнерді сүюге және қадірлеуге тәрбиелеу.
Тәрбиелік
Оқушыларды ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа, әдептілікке және ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық
Оқушылардың ой-өрісін және тілін дамыту, өз ойын жүйелі жеткізу дағдысын қалыптастыру.
Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап
- Әңгіме
- Пікірталас
- Мәтінге мәтін қосу
- Басқа ұлт музыкасын салыстыру
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу, түгелдеу, білім алушылардың назарын сабаққа аудару.
- Оқушылар сыныпқа корей музыкасының әуенімен кіреді.
- Мұғалім сұрағы: «Бұл қай ұлттың музыкасы?» Жауапты табу үшін өткен тақырыптарға шолу жасалып, сөзжұмбақ шешіледі.
2) Үй тапсырмасын қайталау
- Жапон халқының музыкалық театры: Кабуки
- Бірігіп ән орындайтын орындаушылар тобы: хор
- Тарихи тақырыпқа құрылған үнді классикалық музыкасы: рага
- Үнді классикалық биінің түрі: сегіз
- Аспаптық музыка: күй
Жаңа сабақ: Корей музыкасы және музыкалық театр
Тарихы мен қалыптасуы
Корей музыкасы — Қиыр Шығыстың көне музыкалық дәстүрлерінің бірі. Оның қайнар көзі біздің заманымызға дейінгі I мыңжылдықтан бастау алады.
Әр түрлі тарихи кезеңдерде ол Орталық және Шығыс Азияның, сондай-ақ Тынық мұхит аралдарының (әсіресе Жапонияның) музыкалық мәдениеттерімен тығыз байланыста дамыды.
«Коре» атауы нені білдіреді?
«Корей» атауы орта ғасырлық «Коре» мемлекетінің атауынан шыққан. «Коре» — «Таң самалы елі» деген мағынаны білдіреді.
Музыканың қоғамдағы орны
Корей халқының салт-дәстүрінде музыка ерекше орын алады. Деректерде музыканың қырық түрі аталады.
Бір ғана флейтаға арналған 600-ге жуық шығарма жазылғаны айтылады. Өнер мен театр — халық үшін рухани азық.
Фольклор, би және ұлттық ойындар
Корейдің дәстүрлі фольклорлық шығармалары, халық әндері, ертегі-аңыздары сақталған. Музыкасы мен би өнері жақсы дамыған.
Дәстүрлі ұлттық ойындарға спорттық ойындар, ән-би ойындары, түрлі сайыстар және балалар ойындары жатады. Ән-би ойындарының ерекше түрі — маска киіп билеу.
Кең тараған аспаптар
- Комунго
- Каягым
- Флейта
- Барабан
Маска биі: шығу тегі туралы аңыз
Маска биінің көне тарихы бар. Аңыз бойынша, біздің дәуірімізге дейінгі I ғасырдың соңында Силладан шыққан Хван Чхан Ран есімді бала Пэкчже королінің сарайында қылышпен билеу өнерін көрсетіп жүріп, корольді өлтірген. Бала жазаланғаннан кейін, Силла халқы оны еске алу үшін баланың келбеті бейнеленген маска киіп, қылышпен би орындауды дәстүрге айналдырған.
Музыкалық театрдың дамуы
XVIII–XIX ғасырларда корей музыкасында музыкалық театрдың әр алуан түрлері пайда болды: ақындық сөздер, театрландырылған би-драмалық қойылымдар және түрлі билер.
Бұл бағыттар шамандық қимылдардан бастап орта ғасырлық маскалық театрларға дейінгі ұзақ даму жолынан өтті. Олардың қатарында хваран дәстүрімен байланысты қаһармандық пьесалар, эпикалық пантомималық көріністер және би-драмалық қойылымдар аталады.
Корей ұлттық музыкалық драмасының (пхангык) қалыптасуына пхансори секілді жанрлар ықпал етіп, кейінірек Еуропа театры элементтерімен де ұштасқан. Бұл бағыттың негізін қалаушылардың бірі ретінде ақын-музыкант Син Джэ Хён аталады; оның дәстүрін Ли Наль Ехи мен Ким Сэнджон жалғастырған.
Жаңа дәуір: хор, оркестр және сахналық жанрлар
XVII–XVIII ғасырларда христиан дінінің таралуымен байланысты католиктік әндер дамыды.
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында әскери үрмелі оркестрлер, опера, балет, симфония және камералық музыка жанрлары кең өріс ала бастады.
Қазақстандағы корей мәдениеті
Тұңғыш кәсіби корей театры 1930 жылдары Владивостокта ашылған. Қазіргі уақытта оның дәстүрі Қазақстанда, соның ішінде Алматы қаласында жалғасып келеді.
Қазақстанда корей тілінде мектептер мен оқу топтары жұмыс істейді. Алматыда корей халқының мәдени орталығы құрылған. Сонымен қатар корейлердің ұлттық-мәдени орталығы, Республикалық корей музыкалық комедия театры қызмет етеді; корей тілінде газеттер мен кітаптар шығарылады.
Көрсетілім
Корей халқының биінен және ұлттық аспаптарда орындауынан үзінді видео арқылы көрсетіледі.
Ән үйрену: «Достық»
Авторлары
- Музыкасы
- И. Нүсіпбаев
- Сөзі
- Е. Елубаев
Әннің қысқаша мазмұны түсіндіріліп, композитор туралы қысқаша мағлұмат беріледі.
Ән мәтіні
1-шумақ
Ортақ мекен — жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан.
2-шумақ
Ортақ бізге бір Отан,
Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ, жыр ортақ,
Ортақ бізге барлығы.
3-шумақ
Туыспыз біз бәріміз,
Бір Отанды сүйеміз.
Бақытты елде туған соң,
Бақытты өмір сүреміз.
Қорытынды
Үй тапсырмасы
- «Достық» әнін жаттап келу.
- «Достық» тақырыбына сурет салу.
Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысуы, жауаптарының нақтылығы, шығармашылық тапсырмаларды орындауы және ән айтудағы белсенділігі ескеріледі.