2008 жылы Елордамызда Қазақ елі

Елім менің – еңселі!

Бұл мерекелік шараның мақсаты — еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жетістіктерін таныстыру, тәрбиеленушілерді Отанды сүюге, ел байлығын қорғауға, әдет-ғұрыпты құрметтеуге баулу.

Көрнекіліктер

  • Шарлар
  • Плакаттар
  • Суреттер
  • Нақыл сөздер

Жүргізушілердің арнауы

1-жүргізуші

Тәуелсіздік — қырансың, қалықтаған,
Алты алаштың көгінде шарықтаған.
Көптен күткен халқымның сәбиісің,
Әлдилеген құшағында алып далам.

Тұғырыңды шыңдағы таныт маған,
Көк байрағым, желбіре — шабыттанам.

2-жүргізуші

Айқара ашқан тұманды ел түндігін,
Азаттықпен арайлы көгін бүгін.
Ынтымағы жарасқан әз халқыммен
Жаса мәңгі, жасампаз Еркіндігім!
Жаса мәңгі, жасампаз Еркіндігім!

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жыл мерекесіне арналған, мектеп жанындағы жатақхана оқушыларымен ұйымдастырылған «Елім менің – еңселі!» атты шараға қош келдіңіздер.

ӘН

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

Рәсімдік бөлім

Тәуелсіздік туралы ой

Елдік негіз

Тарихқа көз жүгіртсек, қазақ — нағыз батыр халық екенін мойындаймыз. Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшіп-қонып жүрген ата-бабаларымыз үш құндылықты бойтұмардай сақтап қадірлеген: ел, жер және ана тілі. Қандай халық болмасын, осы үшеуінсіз егемен ел екенін толық дәлелдей алмайды.

Жаңа дәуірдің бастауы

Еліміздің еркіндік алуы халқымыз тарихында жаңа дәуірдің бетін ашып, қоғамдық өмірімізге тың леп пен серпін әкелді. Бұл — баршамыздың бейбіт өмірде, ақ ниет пен ақ тілекпен көтерген ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі.

Тәуелсіздік шежіресі (1991–2016)

Тәуелсіздік жылдары Қазақстан маңызды тарихи белестерден өтті. Төмендегі хронология — сол кезеңнің қысқаша шолуы.

Негізгі даталар мен оқиғалар

Қоғамдық, саяси және мәдени өмірдегі елеулі қадамдар

  1. 1991

    16 желтоқсан — Қазақстан Тәуелсіздігін алды.

  2. 1992

    Мемлекеттік рәміздер қабылданды.

  3. 1993

    Ұлттық валюта енгізілді.

  4. 1994

    Тұңғыш мемлекеттік ордендер бекітілді. Т. Мұсабаев «Союз-ТМ6» ғарыш кемесімен көкке самғады.

  5. 1995

    Конституция қабылданды.

  6. 1996

    Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті отырысы өтті.

  7. 1997

    Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы деп аталды.

  8. 1998

    6 мамыр — Астана күні. Елорда жаңа сәулетімен көркейіп, елдің басты қаласына айналды.

  9. 1999

    10 қаңтар — Президент сайлауы өтті. ҚР Президенті болып Н. Ә. Назарбаев сайланды.

  10. 2000

    Мәдениетті қолдау жылы. Түркістанға 1500 жыл толды.

  11. 2001

    Астана халықаралық деңгейдегі әлем қалалары қатарына енді.

  12. 2002

    Елордада «Астана – Бәйтерек» монументі салынды.

  13. 2003

    Ауыл жылы деп аталды.

  14. 2004

    Қазақстан–Ресей жылы. ҚР Тұңғыш Президентінің музейі ашылды.

  15. 2005

    Ресейде Абай жылы аталып өтті.

  16. 2006

    Елордада Пирамида үлгісіндегі Бейбітшілік пен келісім сарайы ашылды.

  17. 2007

    Қазақ тілін қолдау жылы деп аталды.

  18. 2008

    Елордада «Қазақ елі!» монументі салтанатты түрде ашылды.

  19. 2009

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жетілдіру жылы болды.

  20. 2010

    Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық етті.

  21. 2011

    Кезектен тыс президент сайлауы өтті. Н. Ә. Назарбаев сайлаушылардың 99,5% дауысын алды.

  22. 2012

    ЕХРО-2017 көрмесін өткізу құқығына арналған конкурста Қазақстан жеңіске жетті.

  23. 2013

    «Әділет» пен «Руханият» партиялары бірігіп, «Бірлік» партиясы атанды.

  24. 2014

    «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдау жылдың басты құндылықтарының біріне айналды.

  25. 2015

    Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толды.

  26. 2016

    Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы аталып өтті. Көпшілік назарына шағын көрініс ұсынылды.

Қорытынды ой

Тәуелсіздік — ең басты құндылығымыз. Қантөгіссіз, бейбіт жолмен қол жеткізілген еркіндік елді әлемнің өркениетті мемлекеттері қатарына қосуға мүмкіндік берді. Осы 25 жыл ішінде Қазақстанды дүниежүзінің мықты мемлекеттері танып, сыйлайтындай деңгейге жеткізу жолында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясаткер ретіндегі еңбегі ерекше аталады.