Шығу парағының сұрақтары
География, 8-сынып: «Сарыарқа» тақырыбы бойынша сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы
Сарыарқа
Сабақтың түрі
Жаңа сабақты меңгерту
Негізгі мақсат
Қасиетті өлке Сарыарқаның географиялық орнын анықтау; табиғат компоненттері арасындағы байланысты логикалық түрде бейнелеуге және үйлестіруге дағдыландыру.
Дамытушылық мақсат
Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылықпен жұмыс істеуіне мүмкіндік беру.
Тәрбиелік мәні
Табиғатты қорғауға баулу, өз еліне және Отанына сүйіспеншілігін арттыру.
Пәнаралық байланыс
- Биология
- Қазақ әдебиеті
- Тарих
- Информатика
- Экология
Көрнекілік пен ресурстар
- Қазақстанның физикалық картасы, атлас, кескін карта
- Буклеттер, Сарыарқа және Астана суреттері
- Компьютер, электрондық оқулық
Әдістер мен тәсілдер
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу және 4 топқа бөлу.
II. Қызығушылықты ояту (психологиялық дайындық)
Оқушылардың назарын сабаққа аудару үшін бүркіт, күн және бұлт суреттері көрсетіледі. Әр оқушы таңдаған суретінің себебін қысқаша түсіндіреді.
III. Үй тапсырмасын тексеру
1) «Ой шақыру» стратегиясы
Әр топ экранына 2 сұрақтан шығарылады. Ойлануға 1 минут беріледі. Уақыт аяқталған соң әр топтан 1 спикер шығып, жауап береді.
2) «Артық сөзді алып таста» ойыны
Әр топқа сөздер тізімі беріледі. Мақсат — тізімдегі артық сөздерді табу. Уақыт: 1 минут. Уақыт аяқталған соң топ спикері жауап береді.
1-топ
Өзендері
Жем, Үй, Есіл, Ойыл, Әйет, Жайық, Обаған, Шу, Тоғызақ, Торғай, Шағалалы, Талас.
Жануарлары
Бүйі, сарышұнақ, ақ құр, үйрек, мәлін, сұр тырна, бозторғай, жұртшы, аққу, қоян, тиін, ақбөкен, сусар, бұлан, оқ жылан.
2-топ
Пайдалы қазбалары
Фосфорит, кобальт, газ, хромит, боксит, темір, вольфрам, құрылыс материалдары, сурьма, тас көмір, сынап, марганец.
Өсімдіктері
Шілік, боз, өлеңшөп, арпабас, көктерек, итмұрын, шырғанақ, тошала, бүлдірген, ши, мойыл, бидайық, дермене жусан, жөке, бетеге, шеңгел, шайшөп, бұйырғын.
3-топ
Өсімдіктері
Қарабас, арпабас, майқарағай, сәбізшөп, итсиген, қамыс, сексеуіл, қайың, көктерек, жыңғыл, жүзгін, емен, беде, сантонин.
Топырағы
Қара, ашық қоңыр, сортаң, ашық қызғылт, қызыл қоңыр, қызғылт күрең, сұр-қоңыр, аллювийлі сор, құмды шағыл, күлгін, орманның сұр топырағы, таулы аймақ топырағы.
4-топ
Жануарлары
Бұлан, елік, қоян, бұғы, қарсақ, күзен, ақбөкен, қасқыр, түлкі, қарақұйрық, аламан, ақкіс, сарышұнақ, ұлар, аққу, муфлон.
Номенклатура
Есіл, Жалпы Сырт, Құсмұрын, Орал алды, Сілеті теңіз, Жем, Құлынды, Обаған, Қызыларай, Павлодар, Қашар, Әйет, Жетісу, Лисаковск, Наурызым, Тастау.
3) Мағынаны ажырату
а) Венн диаграммасы арқылы әр топ ортақ ұқсастықтарды анықтайды.
Тапсырмалар
- Жазық пен таудың ұқсастығы мен айырмашылығын Венн диаграммасына түсіру.
- Сарыарқаның «Қазақтың ұсақ шоқысы» деп аталуының себептерін жазу.
ә) Электрондық оқулықпен жұмыс
Әр топқа «Сарыарқа» тақырыбының бөлімдері бөлініп беріледі. Оқушылар мәтінді оқып, талқылау парағына негізгі ойды түсіреді. Уақыт: 5 минут. Уақыт аяқталған соң әр топтан 1 спикер қорытынды жасап, картадан көрсетіп түсіндіреді (әр топқа 1 минут).
1-топ
Географиялық орны, жер бедері, геологиялық құрылысы.
2-топ
Пайдалы қазбалары, климаты.
3-топ
Өзендері мен көлдері, қорықтары.
4-топ
Табиғат зоналары, өсімдіктері мен жануарлары.
4) Жобаны қорғау: «Астана — жас қалам»
Әр топ үйде дайындап әкелген жобасын қорғайды. Уақыт: әр топқа 2 минут.
Топтарға қойылатын сұрақтар
- 1-топ: Қай күнді біз Астана күні деп тойлаймыз?
- 2-топ: Астана Алматыдан қай жылы көшірілді?
- 3-топ: Астананың климаты қандай?
- 4-топ: Астанадан қандай өзен ағып өтеді?
IV. Қорытындылау кезеңі
«Ой бөлісу, ортаға салу» стратегиясы: әр топқа 1 сұрақ беріледі. Ойлануға 30 секунд. Уақыт аяқталған соң 1 спикер жауап береді.
«Төрт жолды өлең» әдісі
Әр топ 4 жолдан тұратын өлең құрастырады (уақыт: 2 минут):
- 1-жол: зат есім
- 2-жол: сан есім
- 3-жол: сын есім
- 4-жол: етістік
Дәптермен жұмыс: номенклатура
Қызыларай, Ақсораң, Қарқаралы, Кент, Баянауыл, Шыңғыстау, Көкшетау, Ұлытау таулары; Қарағанды, Екібастұз, Саяқ, Қоңырат, Жезқазған, Қарсақпай, Атасу, Жәйрем, Балқаш кен орындары; Теміртау қаласы; Есіл, Нұра, Сарысу, Сілеті, Шідерті, Тоқырауын өзендері; Бурабай, Шортанды, Қорғалжын көлдері.
Бағалау және кері байланыс
Сабақ аяқталуына 5 минут қалғанда «Бағалау парағы» және «Шығу парағы» таратылады.
Шығу парағының сұрақтары
- Топта жұмыс істеу оңай болды ма?
- Кім өзін еркін сезінбеді? Неліктен?
- Бірлескен жұмыстан не алдың?
Үй тапсырмасы
- 1 «Сарыарқа» тақырыбын оқып келу.
- 2 Балқаш көлінің экологиясы бойынша суреттер салып, жоба дайындау.
- 3 Кескін картаға Сарыарқа жоталарының атауларын және созылу бағыттарын түсіру.