Өсімдіктің жынысты көбеюі
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Сынып
6
Пән
Биология
Сабақтың тақырыбы
Өсімдіктердің көбею (генеративті) мүшелері тарауын қайталау
Сабақтың мақсаты
Өсімдіктер тарауы бойынша алған білімді жүйелеу және қорытындылау.
Білімділік
Өсімдіктің тыныс алуын, гүл бөліктерін, гүлшоғыр түрлерін, жеміс типтерін және тұқым құрылысының ерекшеліктерін еске түсіру.
Тәрбиелілік
Ұқыптылыққа, сыпайылыққа, әдептілікке және сабақ барысында тәртіп сақтауға тәрбиелеу.
Дамытушылық
Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыра отырып, өсімдіктің адам өміріндегі маңызын түсіндіру.
Сабақтың түрі
Қайталау
Сабақтың типі
Аралас сабақ
Сабақтың әдісі
Сайыс-сабақ
Көрнекіліктер
Интерактивті тақта, плакаттар, жемістер, гүлдер
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу.
- Құрал-жабдықтарды тексеру.
- Сынып оқушыларын түгелдеу.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2) Қамтылатын тақырыптар
- 1Гүлдің құрылысы.
- 2Қосжынысты және даражынысты гүлдер. Гүл формуласы.
- 3Гүлшоғырлар.
- 4Өсімдіктің жынысты көбеюі: тозаңдану мен ұрықтану.
- 5Жемістер.
- 6Тұқым. Қосжарнақты және даражарнақты тұқымдардың құрылысы.
3) «Миға шабуыл» сұрақтары
Жылдам жауап беру форматы
1. Гүл бөліктерін ата.
2. Қосжынысты гүл дегеніміз не?
3. Гүл формуласы дегеніміз не?
4. Гүлшоғырларды неше топқа бөлеміз?
5. Жынысты көбею дегеніміз не?
6. Тозаңданудың неше түрі бар?
7. Ұрықтану дегеніміз не?
8. Жемістерді неше топқа бөлеміз?
9. Тұқым қайдан дамиды?
10. Қосжарнақты тұқымның құрылысын ата.
11. Даражарнақты тұқымның құрылысын ата.
12. Даражынысты гүл дегеніміз не?
4) Сайыс бөлімдері
Ұяшықтар сыр шертеді
Қысқа сұрақ-жауап арқылы білімді бекіту.
Суреттер сөйлейді
Топтар сурет бойынша сипаттама береді (әр топқа екі сурет).
TV Bingo
Ойын элементтері арқылы қайталау.
Тапқырлар сайысы
Қапшықтан таңдалған жеміс/гүлге сипаттама беру.
Интернетпен жұмыс
Топ басшылары интернеттен қызықты дерек тауып, сыныпқа оқиды.
Ассоциация құру
Плакат пен маркер арқылы тақырып бойынша ұғым картасын құрастыру.
Қорытынды тест
Тарау бойынша негізгі ұғымдарды тексеру.
«Ұяшықтар сыр шертеді» сұрақтары
Жеміс-жидек дақылдарын отырғызу бойынша мәліметтер
| № | Сұрақ | Жауап |
|---|---|---|
| 1 | Алма мен алмұрт ағаштарын отырғызуға арналған көшеттердің биіктігі қанша? | 50–60 см |
| 2 | Алхоры, өрік, шие, шабдалы ағаштарын отырғызғандағы арақашықтық қанша? | 3 м |
| 3 | Қарақат пен қарлығанды отырғызу үшін қазылатын шұңқырдың тереңдігі қанша? | 30–35 см |
| 4 | Ағаштар мен бұталарды отырғызуға арналған шұңқырды көктемде неше күн бұрын қазады? | 5 күн бұрын |
| 5 | Алхоры, өрік, шие, шабдалы ағаштарына арналған көшеттердің биіктігі қанша? | 40–50 см |
| 6 | Алма мен алмұртты отырғызғандағы қатар аралығы қанша? | 6 м |
| 7 | Таңқурай отырғызғанда қазылатын шұңқырдың ені қанша? | 30 см |
| 8 | Қара қарақат пен қарлығанның өркен биіктігі қанша? | 20 см |
| 9 | Жеміс-жидек ағаштарына қандай өсімдіктер жатады? | Алма, алмұрт, алхоры, шие, шабдалы және т.б. |
| 10 | Қызыл және сары қарақат отырғызылғанда қатар аралығы қанша? | 2 м |
| 11 | Қарақат пен қарлығанды отырғызуда қазылатын шұңқырдың тереңдігі қанша? | 30–35 см |
| 12 | Таңқурай отырғызылғандағы өсімдіктер арасындағы арақашықтық қанша? | 0,6–0,7 м |
| 13 | Таңқурай отырғызғанда қазылатын шұңқырдың тереңдігі қанша? | 30 см |
| 14 | Қара қарақат пен қарлыған бұталары отырғызылғанда арақашықтық қанша? | 1,5 м |
| 15 | Таңқурайдың қатар аралығы қанша? | 1,8–2 м |
| 16 | Қара қарақат пен қарлығанды отырғызу үшін неше жылдық өркен алынады? | 2 жылдық |
«Тапқырлар сайысы» (сипаттама беру)
Ортаға 6 түрлі қағаз пакет қойылады. Әр пакетте бір жеміс немесе бір гүл болады. Оқушылар пакетті таңдап, ішіндегі нысанға сипаттама береді.
Интернетпен жұмыс және ассоциация құру
Интернетпен жұмыс
Әр топтың басшысы телефон арқылы интернеттен тақырыпқа қатысты қызықты материал тауып, сыныпқа оқып береді.
Ассоциация құру
Әр топқа плакат пен маркерлер беріледі. Тақырып бойынша ассоциация (ұғымдар байланысы) құрастырады:
- Гүл бөліктері
- Гүлшоғырлар
- Жеміс
- Тұқым
Қорытынды тест
Көп таңдаулы сұрақтар
1) Гүлдің жеміс түзуге қатысатын негізгі бөлігі:
- A) Гүлтабан
- B) Гүлсерік
- C) Тостағанша
- D) Аналық
2) Бунақденелілер қоректенеді:
- A) Аналық жыныс жасушасымен
- B) Аналық түйінімен
- C) Бүршікпен
- D) Гүл шірнесімен
- E) Гүл күлтесімен
3) Даражарнақты өсімдік:
- A) Қияр
- B) Күнбағыс
- C) Үрмебұршақ
- D) Қарабидай
- E) Асқабақ
4) Өсімдіктің генеративті мүшелері:
- A) Гүл, тұқым, жеміс
- B) Тамыр, жеміс
- C) Сабақ, гүл
- D) Тамыр, сабақ, жапырақ
- E) Жапырақ, тұқым
5) Гүлдің дәл ортасында орналасқан:
- A) Аталық
- B) Тозаңқап
- C) Гүлсағақ
- D) Гүлсерік
- E) Аналық
6) Тостағанша жапырақшадан кейін орналасады:
- A) Күлте
- B) Гүлтабан
- C) Гүлсағақ
- D) Аталық
- E) Аналық
7) Орталық сабаққа бірнеше жай масақша гүлдер топтанады. Әр масақшада 2–3 гүлден болады. Бұл гүлшоғырдың қай түрі?
- A) Жай масақ
- B) Күрделі масақ
- C) Күрделі шатыр
- D) Жай шатыр
- E) Шашақ
8) Айқас тозаңданудың түрлері:
- A) Жел арқылы
- B) Су арқылы
- C) Бунақдене арқылы
- D) Бунақденелілер және жел арқылы
- E) Өздігінен
9) Қауашаққа жататын жеміс:
- A) Меңдуана
- B) Алма
- C) Картоп
- D) Күнбағыс
- E) Қауын
10) Жинақталған жемістерге жататын жемісті тап:
- A) Бүлдірген
- B) Алма
- C) Картоп
- D) Күнбағыс
- E) Қауын
8) Бағалау
Оқушылардың белсенділігі, дұрыс жауаптары, топтық жұмысқа қатысуы және қорытынды тест нәтижесі негізінде бағаланады.
9) Үй тапсырмасы
- 1Тарауды толық қайталау.
- 2Осы тақырып бойынша өз тестіңді құрастырып келу.