Жасырынған суреттер

Сайыс туралы

«Алғыр достар» — оқушылардың информатика бойынша білімін жүйелеп, есте сақтау, ойлау және сөйлеу дағдыларын дамытуға арналған танымдық сайыс.

Мақсаты

  • Білімділік

    Өткен сабақтарда алған білімді еске түсіріп, оны тереңдету.

  • Тәрбиелік

    Ұқыптылыққа тәрбиелеу және пәнге деген қызығушылықты арттыру.

  • Дамытушылық

    Есте сақтау, ойлау және сөйлеу қабілеттерін жетілдіру.

Қатысушылар мен қазылар алқасы

Құрметті ұстаздар мен оқушылар, «Алғыр достар» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Сайысымыздың әділ қазылар алқасымен таныстырамыз:

  1. 1 _______________________________________
  2. 2 _______________________________________
  3. 3 _______________________________________

Сайыс екі команда арасында өтеді:

I топ

Ақпарат

II топ

Компьютер

Сайыстың құрылымы

Сайыс 6 кезеңнен тұрады. Әр кезең оқушылардың білімін, тапқырлығын және жылдам ойлауын тексеруге бағытталған.

  1. 1

    Таныстыру

    Командалардың өзін таныстыруы.

  2. 2

    Капитандар сайысы

    Жасырылған сұрақтарға жылдам жауап беру.

  3. 3

    Кім жылдам?

    Ребусты шешу арқылы жауап табу.

  4. 4

    Сен білесің бе?

    Ұяшықтардағы сұрақтарға жауап беру.

  5. 5

    Ойланайық

    Әріптері ауысқан сөздерді қалпына келтіру.

  6. 6

    Жасырынған суреттер

    Экрандағы ұяшықтардан суреттерді табу.

Кезеңдер мазмұны

1-кезең: Таныстыру

Екі команда өздерін кезекпен таныстырады: атауы, ұраны және командалық құрамы (қалауыңыз бойынша).

2-кезең: Капитандар сайысы

Бұл кезеңде екі топтың капитандары ортаға шығады. Экранда 10 сұрақ жасырылған. Кім бірінші болып дұрыс жауап берсе, сол оқушының командасына ұпай қосылады.

Сұрақтар

  1. 1. Компьютердің «миы» (процессор)
  2. 2. Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы (принтер)
  3. 3. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (бит)
  4. 4. Зиянды бағдарлама (вирус)
  5. 5. Ақпаратты экранға шығаратын құрылғы (монитор)
  6. 6. Компьютер бұл мамансыз «жұмыс істемейді» (программист)
  7. 7. Сандар мен әріптерді енгізу құрылғысы (пернетақта)
  8. 8. Ақпараттың сандық көшірмесін жасайтын құрылғы (сканер)
  9. 9. Сурет салуға арналған бағдарлама (Paint)
  10. 10. Адам мен компьютер арасындағы өзара әрекет (интерфейс)

3-кезең: Кім жылдам?

Ребусты шешіп, жасырылған сөздерді табыңыз.

Жауаптар

Компьютер Драйвер

4-кезең: Сен білесің бе?

Ұяшықтардың ішінде сұрақтар жасырылған. Екі топтың оқушылары ұпайы көрсетілген сұрақтарды таңдап, жауап береді.

10 ұпай

  • 1 байт неден тұрады? (8 биттен)
  • Дыбыстық ақпаратты шығаруға арналған құрылғы? (колонка)

20 ұпай

  • Ең ертедегі есептеу құрылғысы (есепшот)
  • Жалпы желіге қосылу үшін қажетті құрылғы? (модем)

30 ұпай

  • Компьютердің «атасы» деп кімді атаған? (Ч. Бэббидж)
  • Backspace пернесінің қызметі? (алдыңғы символды өшіру)

5-кезең: Ойланайық

Берілген сөздердің әріптері орын ауыстырып берілген. Сол сөздерді дұрыс қалыпқа келтіріңіз.

Берілген сөз Дұрыс жауап
1 Красен Сканер
2 Трионом Монитор
3 Россецорп Процессор
4 Таксиед Дискета
5 Крамыш Тышқан (мышка)
6 Перринт Принтер
7 Рокурс Курсор

6-кезең: Жасырынған суреттер

Экрандағы ұяшықтардың ішінде суреттер жасырылған. Командалар кезекпен таңдап, жасырынған суреттерді табады.

Қорытынды

Осымен ойынымыз аяқталды. Сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз. Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Көріп тамашалағандарыңызға көп рақмет!