Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, белсенділіктерінарттыру
Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Пән
- Алгебра
- Мектеп
- №249 мектеп-лицей
- Өңір
- Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті
- Мұғалім
- Сансызбай Айгүл Мұхтарқызы
Сабақтың мақсаты
Бұл сабақ квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу тақырыбын меңгертуге және оны есеп шығаруда тиімді қолдана білуге бағытталған. Оқушылардың білімін тереңдету, жинақтау және жүйелеу көзделеді.
Білімділік
- Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу формуласын есеп шығаруда қолдану.
- Алынған білімді тереңдету, жинақтау және жүйелеу.
Дамытушылық
- Логикалық ойлау қабілетін дамыту.
- Есептеу дағдыларын жетілдіру және оқу белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік
- Оқушыны өз бетінше еңбек етуге, жауапкершілікпен оқуға тәрбиелеу.
- Өмірге деген көзқарасын қалыптастыру және білімге ынтасын нығайту.