Суреттің ерекшеленген фрагментін Ctrl батырмасын басып жылжыту қандай бұйрыққа парапар

Сабақ тақырыбы

Суреттің үзінділерімен (фрагменттерімен) жұмыс

Сабақ түрі

Аралас

Сабақ типі

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Мақсаттар

  • Білімділік: сурет фрагментін ерекшелеу ұғымын меңгерту, фрагменттермен орындалатын операциялар және орындау тәсілдері туралы жалпы түсінік беру, мәтінді баптау мүмкіндіктерін таныстыру.
  • Дамытушылық: логикалық ойлау қабілетін, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын, сөйлеу шеберлігін дамыту.
  • Тәрбиелік: жауапкершілікке, дербестікке, нәтижеге ұмтылуға, ұйымшылдыққа және жан-жақты болуға тәрбиелеу.

Оқушылар білуі тиіс

  • PAINT бағдарламасындағы «сурет бөлігі (фрагмент)» ұғымын;
  • фрагменттермен орындалатын негізгі операцияларды;
  • операцияларды орындау тәсілдерін;
  • мәтінді баптау мүмкіндіктерін.

Оқушылар үйренуі тиіс

  • суретті және оның бөліктерін ерекшелеуді;
  • фрагментті көшіруді, жылжытуды, өлшемін өзгертуді;
  • «Жазу» құралын пайдалануды;
  • сақталған суретті ашуды.

Құрал-жабдықтар

ДК, оқулықтар, дәптерлер, презентация, көзге арналған жаттығу материалдары, Paint графикалық бағдарламасы.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Амандасу.
  • Оқушыларды түгендеу.
  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
  • Сабақ мақсаттарымен таныстыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

«Не білеміз?» ойыны (тест)

  1. 1) Қисық сызық салғанда неше бүгіліс санын көрсету керек?

    • A) 2
    • Ә) 1
    • Б) 0
    • В) 4
  2. 2) Дұрыс фигура салу үшін қандай пернені жібермей ұстап тұру керек?

    • A) Alt
    • Ә) Ctrl
    • Б) Shift
    • В) Delete
  3. 3) Өшіргіштің қандай режимдері болады?

    • A) Қарапайым және түрлі түсті
    • Ә) Қарапайым және күрделі
    • Б) Стандарттық және стандарттық емес
    • В) Жұмсақ және қатты
  4. 4) Жай-күй жолында не беріледі?

    • A) Инструменттер
    • Ә) Ағымдағы жұмыс туралы ақпарат
    • Б) Файлдың аты
    • В) Файлдың көлемі
  5. 5) Жұмыс үстелінің мөлшерін қалай білуге болады?

    • A) Бастау → Басқару тақтасы
    • Ә) Paint → Жұмыс үстелінің фоны ету
    • Б) Бастау → Барлық программалар → Стандарттық → Paint
    • В) Бастау → Басқару тақтасы → Экранның шешімділігін баптау
  6. 6) Көпбұрыш құралын пайдаланып шеңбер сыза аламыз ба?

    • A) Сызуға болады
    • Ә) Болмайды
    • Б) Тек Shift пернесінің көмегімен ғана салуға болады
    • В) Адамның мүмкіндігіне байланысты

Сөзжұмбақ сұрақтары

  1. Барлық растрлық кескіндер неден тұрады?
  2. Paint қандай редактор?
  3. Ақпаратты қағазға басып шығаруға арналған құрылғы?
  4. RGB (0, 0, 250) кодына қандай түс сәйкес келеді?
  5. Суреттің кішкене бөлігін тазалау үшін қандай сайманды қолданамыз?
  6. Мәтіндік және графикалық ақпаратты қағаздан компьютерге енгізу құрылғысы?
  7. Қалаған сызықтарды салуға арналған құрал?
  8. Ақпаратты енгізу құрылғысы?
  9. Paint сөзі ағылшын тілінен қалай аударылады?

III. Білімді өзектендіру

Paint графикалық редакторының қандай саймандарын біз әлі пайдаланбадық? Бүгін біз «Ерекшелеу (Выделение)» сайманымен жұмыс істеп, суретке мәтін орналастыруды үйренеміз.

IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Фрагментті ерекшелеу

Суретті өзгерту үшін алдымен оны тұтастай немесе қажетті бөлігін — фрагментті — ерекшелейміз. Ерекшелеу үшін «Ерекшелеу» сайманы қолданылады.

Бүкіл суретті ерекшелеу: Ctrl + A немесе Ерекшелеу → Бәрін ерекшелеу бұйрығы.

Ерекшеленген фрагментпен орындалатын әрекеттер

  • 1) Өлшемін өзгерту: курсорды сегіз маркердің біріне апарып, тышқанның сол жақ батырмасымен тартып өзгерту.

  • 2) Орнын ауыстыру: фрагментті сол жақ батырмамен басып тұрып жылжыту.

  • 3) Тазалау: ерекшеленген аймақ фон түсімен боялады.

  • 4) Түстерді айналдыру: алдыңғы және фон түстерін орын алмастыру (инверсия/айналдыру мүмкіндігі).

  • 5) Көшіру: фрагменттің көшірмесін жасау және кірістіру.

Фрагментті көшіру тәсілдері

  1. 1-тәсіл: фрагментті Ctrl пернесін басып тұрып жылжыту — жеке көшірме алынады.

  2. 2-тәсіл: фрагментті Shift пернесін басып тұрып жылжыту — із қалдыра отырып көшірмелейді.

  3. 3-тәсіл: фрагментті алмасу буферіне көшіріп, қажет болғанша бірнеше рет кірістіру. Ескерту: көшірме алмасу буферінен әдетте экранның сол жақ жоғарғы бұрышына кірістіріледі.

Мәтінмен жұмыс

Paint — графикалық редактор, сондықтан мәтінмен жұмыс мүмкіндіктері шектеулі. Көбіне суретке қысқа әрі анық тақырыптар, белгілеулер және жазбалар қосылады.

Мәтін енгізу үшін «Мәтін (A)» сайманын таңдап, алдымен енгізу аймағын (мәтін өрісін) құрамыз.

V. Практикалық жұмыс

1-тапсырма

  1. Paint бағдарламасында жаңа құжат құрыңдар.
  2. Сурет салудың қолайлы тәсілін таңдаңдар.
  3. «Қазақстан темір жолы. Бейнеу — Жезқазған» мәтінін жазыңдар.
  4. Жұмысты Electrovoz атауымен сақтаңдар.

2-тапсырма

  1. Paint бағдарламасында жаңа құжат құрыңдар.
  2. Сурет салуға арналған рамка дайындаңдар.
  3. Paint-ті қайта іске қосып, Ойыншық файлын ашыңдар.
  4. Суреттің өлшемін рамкаға сыятындай етіп өзгертіңдер.
  5. Рамкасы бар құжатқа ауысып, рамканы ерекшелеп, алмасу буферіне көшіріңдер.
  6. Рамканы Ойыншық.bmp құжатына кірістіріп, сурет ортасына дәл келтіріп орналастырыңдар.
  7. Файлды Рамка атауымен сақтаңдар.

Көзге арналған жаттығу: презентация бойынша орындау.

3-тапсырма

  1. Paint бағдарламасында жаңа құжат құрыңдар.
  2. Келесі жолмен бейне коллекциясын ашыңдар: Бастау → Барлық программалар → Microsoft Office → Office құралдары → Microsoft-тың бейнебаян ұйымдастырушысы
  3. Коллекциялар тізімінен: Office Коллекциялары → Безендіру (Оформление) бөлімін таңдаңдар.
  4. Шекараны (border) таңдап, оны алмасу буферіне көшіріңдер.
  5. Paint-ке ауысып, шекараны алмасу буферінен кірістіріңдер.
  6. Кескін → Бұру бұйрығын пайдаланып, шекаралық сызықтар мен әшекейлерден фоторамка құрыңдар.
  7. Paint-ті қайта қосып, Ойыншық файлын ашыңдар.
  8. Суреттің өлшемін рамкаға сыятындай етіп өзгертіңдер.
  9. Рамкасы бар құжатқа ауысып, рамканы ерекшелеп, алмасу буферіне көшіріңдер.
  10. Рамканы Ойыншық.bmp құжатына кірістіріп, сурет ортасына дәл келтіріп орналастырыңдар.
  11. Файлды Рамка атауымен сақтаңдар.

4-тапсырма

Экранда бөліктерге бөлінген қойдың суретін біріктіріп, биылғы қой жылы тақырыбына байланысты өз тілектеріңді мәтін түрінде орналастырыңдар.

VI. Бекіту сұрақтары

  1. 1) Ерекшеленген фрагментті тышқанның оң жақ батырмасымен шертсек, не пайда болады?
  2. 2) Ерекшеленген фрагментті Ctrl пернесін басып тұрып жылжыту қай бұйрыққа парапар?
  3. 3) Сурет алмасу буферінен экранның қай бөлігіне кірістіріледі?
  4. 4) Ізі бар көшірме алу үшін қандай пернені жібермей ұстап тұру керек?
  5. 5) Ctrl және Shift пернелері арқылы көшірудің айырмашылығы неде?
  6. 6) Мәтін енгізу үшін қандай сайман қолданылады?
  7. 7) Мәтіннің түсі қалай таңдалады?

«V + − ?» рефлексиясы

V

Бұрыннан білемін

+

Жаңа ақпарат

Түсінбедім

?

Әлі де ізденгім келеді

VII. Бағалау

Оқушылардың теориялық жауаптары мен практикалық тапсырмаларды орындау сапасына қарай бағалау жүргізіледі.

VIII. Үй тапсырмасы

  • «Суреттің үзінділерімен жұмыс» тақырыбын оқып келу.
  • «Менің елім — Қазақстан» тақырыбына сурет дайындау.