Қасымның қасқа жолы

Тақырыбы

Ханның да, қараның да тілегі — Тәуелсіздік.

Мақсаты

  • Оқушыларға білім бере отырып, туған топырақтың терең тарихын таныту.
  • Егемендіктің мәнін түсіндіру және бүгінгі тәуелсіздікке қалай жеткенімізді зерделеу.
  • Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі

Слайд, нақыл сөздер.

Кіріспе сөз

1-жүргізуші

Құрметті көрермендер, оқушылар! Бүгінгі “Ханның да, қараның да тілегі — Тәуелсіздік!” атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

2-жүргізуші

Есім салған ескі жол — елеулі жол. Қасым салған қасқа жол — қалаулы жол. Егеменді елдің тарихындағы нұрлы, мәңгі сара жол.

Тәуелсіздік туралы жыр

Тәуелсіздік айтқыздың жақсы әнді,
Ақындарға шабыт бер, қызу қанды.
Нұрлы жолға түсіп бір алыппыз біз,
Сол жолменен жүрелік енді мәңгі.

1-жүргізуші

Шаттық әні биікте шарықтасын,
Аспаныңда бейбіт құс қалықтасын.
Шат күлкілі жастары бақытты боп,
Білім алсын, ешқашан жалықпасын!

2-жүргізуші

Өткенге көз жіберу: жыраулар зары

Тәуелсіздікті жүрекжарды жырмен баяндаған соң, өткен өмірге бір сәт көз жіберейік. Қазақ әдебиетінің жыраулары — Қазтуған, Шортанбай, Мұрат — елдің күйзелісін, жердің талауға түскенін күңіренте жеткізді.

Қазтуған

Ей, жырауларым, серіктестерім… Осы кәрі құлағыма “Елім-ай” деген үн келеді. Қайран Есіл, Еділ, Жайық… патша қаһарына іліктіңдер-ау.

Еділді алар — елді алар,
Енді алмаған не қалар?
Жайықты алса — жанды алар,
Жан қалған соң не қалар?

Шортанбай

Елдің еңіреген зары тас жүректі де дір еткізеді. Тәуелсіздік деген сөз кейде көңілді қан жылатады.

Адыра қалғыр Сарыарқа,
Болмайын деді баянды.
Еділді алды, жерді алды,
Енді алмаған нең қалды?
Көшейін десең жерің тар,
Қамалып қазақ сандалды.
Атаңа нәлет, ақ патша!

Мұрат

Жердің қолдан кетуі — елдің еңсесін басқан қасірет. Ресей әміршілерінің күшеюінен туған қауіп жүрекке мұз болып қонады.

Еділді тартып алғаны — етекке қолды салғаны,
Жайықты тартып алғаны — жағаға қолды салғаны,
Ойылды тартып алғаны — ойындағысы болғаны.
Аңғарсаңыз, жігіттер,
Бір қырсықтың шалғаны.

Сахнада зарлы қобыз үні естіледі.

Бодандық саясаты және ұлттың сын сағаты

Жігіттің монологы

Үш ғасыр бойы қазақ жері тартып алынып, ел бодандыққа түсті. Қит етсе итжеккенге айдап, бұғаулап ұстады. Орыстандыру саясаты үзілмей жүріп, халық оқу-білімнен шектелді: балаларын оқуға жолатпады, оқытса да тілмаштыққа баулыды.

Қайран жерім, тәуелсіз елім не көрмедің? Бірақ осының бәрін халқымыз асыл ұлдары мен зиялы қауымының күресімен еңсере білді.

Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын.
Соқтықпалы, соқпақсыз жолдан өттім,
Мыңмен жалғыз алыстым — кінә қойма.

Жүргізушілердің түйіні

1-жүргізуші

Ағаны бауырға, әкені балаға қарсы қойып, қан төккізген саясат әдебиетіміздің дарабоздарын туған халқынан жазықсыз аластатты.

2-жүргізуші

Иә, тарихыңды, мұң-шеріңді баяндай бер, бауырым!

1-жүргізуші

Ахмет, Мағжан, Шәкәрім, Міржақып, Сәкен, Жүсіпбек, Бейімбет, Ілияс — ел тәуелсіздігі, азаттығы үшін шырылдап, жалынды жастарын қиды.

Жүректі тітіркендірген музыка үні естіледі.

Алаш арыстарының үні: әділет пен азаттық

Сахналық көрініс

Солдат зиялы қауымды “халық жауы” деп айыптап, алға жүргізеді.

Солдат

Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров — сендер халық жауысыңдар. Түсіңдер алға… Жүріңдер… Ұлтшылсыңдар… Оңбағандар!

Міржақып

Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кетті, дін нашарлап, хал харам боп,
Қазағым, енді жату жарамасты.

Аяусыз жаным мен құрбан лағым,
Болса алуға қаным себеп мұратың.
Болайын сүйінші — жұлдызы жанып бақыттың,
Сен көркейді деп естісе құлағым.

Мағжан

Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?
Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?
Көкте — бұлт, жерде — желі гуілдеген,
Жел еркесі — желдің жөнін кім сұрар?

Кең дала, көресің ғой, ана жатқан,
Жібектей жасыл шөптер бетін жапқан.
Асқар тау, тәтті сулары бар —
Әне, сол анам еді мені тапқан.

Азамат! Анау қазақ қаным десең,
Ұжмақтың суын апар жаным десең!

Сәкен

Жойылсын кемшілік!
Жасасын әділдік, теңшілік.
Өз еркін қазағым қолға алсын,
Қиянат кетпес тоқтаусыз,
Әділ сөз қалмас күн таусыз.

Күндердің күні болғанда,
Ұлдардың кетті жоқтаусыз…

Солдат

Үндерді өшір! Зарлауды тоқтат! Жүріңдер!

Осы сәтте Сәкеннің қуғында жүргенде айтқан әні (“Бізді жоқта”) естіледі.

Зиялы ұлдардың үні: “Хош, туған жер… Кешір, ерлеріңді. Біз халық жауы емеспіз!”

Аманат

Намыс бер, от бер ұланға,
Күндердің күні болғанда…
Арманда кеткен ерлер үшін,
Адыра қалған жер үшін,
Ақырын теңдік сұраған…

Ф. Оңғарсынова

Батырлар рухы және Желтоқсан жаңғырығы

Апырау… Аспанды неге қара бұлт торлады? Неге дүние сұрқай тартты? Жер-ананың жүрегінде жара бардай… Сол жара менің де жүрегіме батады.

Жаудың жауырынын жер иіскеткен Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Кенесары ерлігі есіме түскенде денем мұздап кетеді. Батырларға ортақ бір қасиет бар: еліне, жеріне махаббатты қастерлеу.

Найзағай үні естіледі. Жігіт селк етіп көзін ашқанда, алдында батырлар тұрғандай.

Бөгенбай

Елімнің етек-жеңін жинай алмай жатқан кезімде басын өлімге байлаған ер аз емес еді. Ақырзаман таяды ма, әлде ұрпақтар ынжық па? Кешегі Желтоқсанда аруағымды кәпірлер таптағандай болды ма? Қазақтың ерлері қайда?

Ер туса — ел ырысы емес пе еді? Ұрпағың неге қанаты қайрылған қарлығаштай болды?

Кенесары

Ей, жігіт! Желтоқсанның аязына шалдыққан тек үш-ақ қарлығаш па? Басқалары қайда? “Бөріктінің намысы бір” деген сөз қате ме? Жоқ, қате емес — қате шығарған ұрпақтың өзі.

Жігіт

Бабаларым, рахмет! Азаттық үшін алысып, алты алаштың ардағына айналдыңдар. Сендер салған жолмен жүрмей, жалт-жұлт еткенге қызығып, бөтеннің ізіне түсіппіз… Әттең, өкінішті.

Бүлдіршіннің келуі: тәуелсіз ұланның сөзі

Сахна сыртынан “жоқ” деген сәби дауысы естіледі. Қолына тәуелсіздік құсын қондырған бүлдіршін келеді.

Қабанбай

Уа, сен кімсің?

Бүлдіршін

Кімсің мені дейсің бе? Мен — қазақтың ұрпағым.
Сол қазақтың бұл күнде атты емес пе нұр таңы?
Анталаған жаулары қанша жаншып жатса да,
Тапталмастан қазағым, шың биікте тұр тағы.

Мен тәуелсіз ұланмын, әділеттің жеңеріне сенемін.
Киесінен бабамның өсіп-өрбіп, ұрандатып келемін.
Шындық үшін халқыма алысуға керекпін.

Рухтың оянуы

Бөгенбай: Өңім бе, әлде түсім бе? Жүрек қалай соғады…

Кенесары: Жылап көрмеген көзім суланды. Бұл — жақсылықтың нышаны.

Ақ бата

Абылайдың ақ жолы, Есім ханның ескі жолы, Қасым ханның қасқа жолы секілді, нұрлы жолға бастасын. Ізгілікті қоғамға жеткізсін. Тәуелсіздік мәңгі болсын! Әумин!

Егемен елдің үні: бүгін және ертең

Жүргізушілер сөзі

Егемендік — еңселім, ерке гүлім.
Есейе бер, бағыңда ертегінің.
Елдігі мен ерлігін елеп өтем,
Егеменді елімнің ертеңімін.

1-жүргізуші

Ерік алдық, ел болдық — Астаналы.
Енді кімнен қазағым жасқанады?

2-жүргізуші

Киелі желтоқсан

Оқушы сөзі: Елбасы — сүйенерлік, сүйер ұлың. Әлемдегі қазаққа ие бүгін. Ендеше, 1991 жылдың желтоқсаны — киелі ай, киелі жыл, киелі күн.

Ән

Хор: “Елім менің”.

Жол — тарихтың ізі

Жол! Қазақтар ақтап өткен! Жол! Шыңғысхан таптап өткен! Жол! Қасымның қасқа жолы! Жол! Есімнің ескі жолы! Жол! Күлтөбенің басында өткен кеңес! Ата-бабам тастан көшіп өткен.

Жол! Ақтабан шұбырынды… Түгел сөздің түбі бір — Майқы би өткен. Жол! Абылайдың ақ жолы! Жол! Төле, Қазыбек, Әйтеке өткен. Жол! Отызда Шоқан өткен. Жол! Ақиқат іздеп алыптар өткен. Жол! Желтоқсанда боздақтар өткен. Жол! Тәуелсіздікке жеткен жолдар көп!

Бағдар

Тарихтан тағылым алып, болашаққа нық қадам басу.

Мұрат

Әділетке, білімге, бірлікке сүйенген ел болу.

Жауап

Тәуелсіздікті мәңгілік ету — әр ұрпақтың міндеті.

Қорытынды ән

“Өз елім” әні. Барлық қатысушылар сахнаға шығып, қолдарына жалауша алып, әнге қосылады.