Жануарға деген қамқорлық сезімдерін ояту
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Білім беру саласы
Қатынас
Оқу іс-әрекеті
Тіл дамыту
Тақырыбы
Менің сүйкімді мысығым
Мақсаты
- Балаларды үй жануары — мысық туралы әңгімелей білуге үйрету.
- 2–3 сөзден тұратын сөйлем құрату арқылы ауызекі сөйлеу тілін дамыту.
- Жануарға деген қамқорлық сезімін ояту.
Көрнекіліктер мен сөздік жұмыс
Көрнекіліктер
- Сүт ішіп отырған мысықтың суреті
- Ойыншық үй жануарлары
Сөздік жұмыс
Мысық
Сабақ барысы
1) Шаттық шеңбері
Тәрбиеші балалармен сәлемдесіп, шаттық шеңберін ұйымдастырады.
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Достарына мейірімін,
Жылулығын таратты.
2) Ойыншықтармен әңгіме
Балалар отырғызылып, назарлары алдарындағы ойыншықтарға аударылады. Тәрбиеші сұрақ қояды: «Балалар, осы ойыншықтарды білесіңдер ме?»
Балалардың жауабы
«Иә: түйе, сиыр, ит»
Тәрбиеші: «Бұлар қандай жануарлар?»
Балалар: «Үй жануарлары.»
Пайдалы сұрақтар
- Үй жануарларының пайдасы қандай?
- Түрлері қандай?
- Төлдері қалай аталады?
Үй жануарларының төлдері
- Ит
- күшік
- Сиыр
- бұзау
- Қой
- қошақан
- Ат
- құлын
- Ешкі
- лақ
3) Тақырыпқа кіріспе: «Мурка» мысығы
Тәрбиеші балаларға сүт ішіп отырған мысықтың суретін көрсетіп, таныстыру жүргізеді: «Балалар, менің қасымда Мурка деген мысық-досым бар. Сендермен таныстырып өтейін.»
Бақылау және сипаттау
- Мысық сүт ішкенді жақсы көреді.
- Мурканың түсі қара.
- Екі көзі, екі құлағы, төрт аяғы және құйрығы бар.
Жұмбақ
Беті-қолын жуады,
Тышқандарды қуады.
Тазалықты сақтайды,
Апам оны мақтайды.
Жауабы: мысық
4) Тақпақтар
Балалар мысық туралы тақпақтарды тыңдап, тәрбиешімен бірге қайталайды.
Әділен
Тышқан қашты мысықтан,
Қатты-қатты жүгірді.
Орын тапты қуыстан,
Зәресін мысық ұшырды.
Салтанат
Пеш үстінде мысық отыр,
Екі көзін қысып отыр.
Тышқан етін жегісі келіп,
Оның тісі қышып отыр.
Дәурен
Тікірейіп құлағы,
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті-қолын жуады.
5) Тіл ұстарту жаттығуы
Ық-ық-ық — тышқан жейді мысық.
6) Сұрақ-жауап
Дыбыстауы
Тәрбиеші: «Мысық қалай дыбыстайды?»
Балалар: «Мияу-мияу.»
Күтімі
Тәрбиеші балалардан мысыққа қалай күтім жасау керектігін сұрайды: дұрыс тамақтандыру, таза су беру, жайлы орын дайындау, тазалық сақтау және қамқорлық көрсету.
7) Сергіту сәті
Балалар тәрбиешімен бірге қимыл-қозғалыс жасап, өлең жолдарын айтады.
Мысық сүтке тояды,
Қарнын сипап қояды.
Жүрісі оның баяу,
Дейді мысық: мияу-мияу.
8) Дидактикалық ойын: «Мысық нені жақсы көреді?»
Электрондық тақтадан суреттер көрсетіледі. Балалар мысық жақсы көретін тағамдарды атайды.
Кейін балалар үлестірмелі суреттерді пайдаланып, қыстырғыш арқылы тиісті бейнелерді орнына орналастырады.
Қорытынды
Тәрбиеші балалардың жауаптарын қорытындылап, түсінбей қалған тұстарын қайта түсіндіреді. Белсене қатысқан балалар мадақталады.