Зат есімнің тәуелденуі

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Тақырыбы

Зат есімнің тәуелденуі (слайд арқылы).

Сабақтың типі мен түрі

  • Типі: жаңа білімді игеру сабағы.
  • Түрі: аралас.

Мақсаты

  • Білімділік Зат есімнің тәуелденуі туралы мағлұмат беру.
  • Дамытушылық Грамматикалық сауаттылықты арттыру; өз бетінше қорытынды жасауға, ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
  • Тәрбиелік Оқушыларды ұқыптылыққа және адамгершілікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер, байланыс, ресурстар

Әдіс-тәсілдері

Сұрақ-жауап, проблемалық іздену, өз бетімен жұмыс.

Пәнаралық байланыс

Ана тілі, музыка.

Қолданылған технология

Ақпараттық-коммуникативтік технология; СТО стратегиялары.

Көрнекі құралдар

Оқулық, суреттер, қима қағаздар.

Техникалық құрал

Компьютер, интерактивті тақта.

Күтілетін нәтиже

Оқушы зат есімнің тәуелденуін ажырата алады және тәуелдік жалғауларды дұрыс қолданады.

Сабақ жоспары

Кезең Уақыты Іс-әрекет
1. Ұйымдастыру 2 мин Психологиялық дайындық.
2. Үй тапсырмасы 7 мин Жаттығуларды ауызша тексеру.
3. Жаңа сабақ 30 мин Ой жинақтау, мұғалім түсіндірмесі, оқулықпен жұмыс.
4. Бекіту 4 мин Венн диаграммасы арқылы қорытындылау.
5. Бағалау 1 мин Оқушылар білімін бағалау.
6. Үйге тапсырма 1 мин Келесі тапсырманы беру.

Сабақ барысы: тіл білімі мен өлкетану үндестігі

1) Ұйымдастыру және психологиялық дайындық

Оқушылардың назарын сабаққа аудару үшін қысқа көңіл күй жаттығуы орындалады:

Айналаға алақанмен
Жылылықты шашайық.
Сәттілік тілеп, күлімсіреп,
Біз сабақты бастайық.

2) Үй тапсырмасын тексеру

Жаттығу: сөздерді оқып, әр қатардағы артық сөзді табу және берілген сөздермен сөйлем құрау.

Сөйлем үлгілері

  • Құсты атуға болмайды.
  • Жақсы сөз — жарым ырыс.

Қорытындылау: «Құрастыру ойыны»

  1. Биыл нешінші жыл?
  2. 2011 жыл қандай жыл?
  3. Қоян қандай?
  4. Қоян туралы қандай ертегі білесіңдер?
  5. Осы сұрақтардан қандай ертегі шығаруға болады?

Түйін: «Жыл басына таласқан хайуанаттар».

3) Жаңа сабақ: зат есімнің тәуелденуі

Бүгінгі сабақта зат есімнің тәуелденуі тақырыбын меңгере отырып, туған өлкеміздің көне тарихи ескерткіштері туралы да мәлімет аламыз. Сабақ мазмұны «саяхат» түрінде ұйымдастырылады.

Негізгі ұғым

Тәуелдік жалғау

Заттың біреуге тән екенін білдіретін жалғаулар тәуелдік жалғаулар деп аталады.

Үлгі

  • сағатсағатым
  • сағатсағатың
  • сағатсағаты

Жаттығу (түбір мен қосымша)

Сөйлемдерді оқып, суретпен берілген сөздердің түбірі мен қосымшасын ажырату:

сағатым мысығың қаламсабы

«Тез ойлан» ойыны

  • мысық → мысығы
  • қаламсап → қаламсабы

Өлкетану бағыты: Жамбыл Жабаев ескерткіші

Саяхатымызды Ж. Жабаев атамыздың ескерткішінен бастаймыз. Ол орталық базар маңында орналасқан. Жамбыл Жабаев 1846 жылы қазіргі Жамбыл облысы аумағында, Хантауы мен Жамбыл тауының етегінде дүниеге келген. Қазақ халық поэзиясының алыбы, айтыс өнерінің ірі өкілі. 1945 жылы 99 жасында қайтыс болған.

Тәуелдену үлгілері: жекеше және көпше

Өз бетінше жұмыс арқылы тәуелдік жалғауларды жекеше және көпше түрде қолдану.

Жекеше

  • Менің анам, қолым
  • Сенің анаң, қолың
  • Сіздің анаңыз, қолыңыз
  • Оның анасы, қолы

Көпше

  • Біздің анамыз, қолымыз
  • Сендердің аналарың, қолдарың
  • Сіздердің аналарыңыз, қолдарыңыз
  • Олардың аналары, қолдары

Интерактивті тақтамен жұмыс

Жекеше

  • Менің қозым, етігім
  • Сенің қозың, етігің
  • Сіздің қозыңыз, етігіңіз
  • Оның қозысы, етігі

Көпше

  • Біздің қозымыз, етігіміз
  • Сендердің қозыларың, етіктерің
  • Сіздердің қозыларыңыз, етіктеріңіз
  • Олардың қозылары, етіктері

Қарахан баба және Дәуітбек

Саяхат келесі нүктеде жалғасады: Қарахан баба мен Дәуітбек атаның мазары. Қарахан кесенесі XI ғасырда салынған. Қарахан бабаны ел «Әулие ата» деп құрметтеген. Дәуітбек — Әулие атаның туысы, батыр әрі ірі қолбасшы, мемлекет ісіне араласқан қайраткер. Ол Тараз қаласын жаудан қорғаған ерлердің бірі.

Тектұрмас ата кесенесі

Келесі аялдама — Тектұрмас ата кесенесі. Тектұрмас ата батыр болған. Халық бұл орынға келіп, жақсы тілек тілейді. Кесене әулиелі жерге салынған деп айтылады.

Өлеңмен жұмыс және ой қозғау

Өлеңді мәнерлеп оқып, жатқа жазу:

Түйем шықты өрісіне,
Боталары маймаңдап.
Қойым өрді қапталдап,
Қозыларым салды ойнақ.

— Ж. Жабаев

Ой қозғау: төрт түлік пірлерін атау.

Айша бибі кесенесі: аңыз бен сәулет

Орналасуы мен мерзімі

Айша бибі кесенесі XI–XII ғасырларда салынған сәулет ескерткіші. Тараз қаласынан 18 шақырым жерде, қазіргі Айша бибі ауылында орналасқан.

Аңыз желісі

Айша бибі Қараханға ғашық болып, әкесінен рұқсат сұрайды. Әкесі рұқсат бермеген соң, ол сүйіктісін іздеп жолға шығады. Талас өзеніне шомылып жүрген кезінде жылан шағып, қайтыс болады. Қасындағы күтушісі Бабаджан хатун Қараханға хабар жеткізеді. Қарахан сол жерге кесене салғызған деген аңыз бар.

Жаттығу: семантикалық картамен жұмыс

Тақырыпты бекіту үшін тәуелдік жалғауларды тануға арналған семантикалық карта орындалады.

Қорытындылау

Қорытынды сұрақ: бүгінгі сабақта туған өлкеміздің қандай тарихи ескерткіштерімен таныстық?

  • Ж. Жабаев ескерткіші
  • Қарахан баба кесенесі
  • Дәуітбек мазары
  • Тектұрмас ата кесенесі
  • Айша бибі кесенесі