Оқушы ойын кеңейту

Мақсат пен күтілетін нәтиже

Бұл сабақ өсімдіктің тіршілігі үшін су мен топырақтың маңызын түсіндіруге бағытталған. Оқушылар табиғатты танып-білуге қызығып, өз ойын жүйелі жеткізуге, қорытындысын дәлелдеуге дағдыланады.

Білімдік мақсат

Өсімдікке қажетті жағдайлар туралы түсінік қалыптастыру; өсімдіктердің тіршілігін түсіндіру.

Дамытушылық мақсат

Өсімдіктер туралы әңгімелей отырып, қоршаған ортаны тануға қызығушылығын дамыту; ой-өрісін кеңейту.

Тәрбиелік мақсат

Табиғатты қорғауға, сүюге және табиғат нысандарына жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

  • Өсімдіктер туралы толық мағлұмат беріп, олардың тіршілігін түсіндіре алады.
  • Жұмысты өз бетінше және топпен жоспарлап, бағалай алады.
  • Жұмыс барысында жауапкершілікті сезінеді; алынған мәліметті талдап, өз білімін бағалай алады.
  • Түсінігін жүйелеп, оны іс жүзінде қолдана алады; сөзі қисынды әрі нақты болады.
  • Қорытындысын дәлелдеп айта алады.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық және бастапқы таныстық

Оқушыларды бірлескен жұмысқа бағыттау: «Ұжым болып пирамиданы тұрғызуға көмектесейік». Сабаққа ынталандыру: «Олай болса, іске сәт!»

II. Өткенді пысықтау

Тақырыпқа кіріспе өлең жолдары:

Табиғат күлімсірер күніменен,

Ән айтар бұлбұл сайрап түніменен.

Көркіне көз тоймайды табиғаттың,

Сұлулықты сүйе біл шыныменен.

Мақсаты — табиғатты сүюге, құрметтеуге тәрбиелей отырып, алдыңғы білімді белсендіру.

Ойын: «Күн көзін бұлт баспасын»

Сұрақтарға жауап беріп, экраннан күнді «ашамыз»

Сұрақтар

  • Өсімдік мүшелерін ата.
  • Өсімдік топтарын ата.
  • Тамыр қандай қызмет атқарады?
  • Сабақ қандай қызмет атқарады?
  • Тұқымның түрлерін ата.

Қызықты тапсырма: «Сен білесің бе?»

Мұғалім көрсеткен нысанды атау және қорытынды жасау:

  • Бұл не?
  • Мұны бір сөзбен қалай атауға болады?
  • Бұл өсімдіктің өсуі үшін не қажет?

Негізгі ой

Қажетті жағдайларды бірге табамыз: су және топырақ.