Шығарманың басты кейіпкерлері кімдер
Ақтөбе облыстық арнайы (түзетім) есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернат-колледжі
Б. Е. Айтқалиева
Сабақтың тақырыбы
Білімділік мақсаты
Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру, ақынның бай шығармашылық әлемімен таныстыру.
Дамытушылық мақсаты
Оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту, білім-дағдыларын нығайту, шығармашылық қабілетін ұштау.
Тәрбиелік мақсаты
Ақын шығармалары арқылы оқушыларды Отанды сүюге, адамгершілікке, қарапайымдылыққа және өнерді қадірлеуге тәрбиелеу.
Түзетушілік мақсаты
Тіл дыбыстарын анық айтуын жүйелі қадағалау, тұрақты түрде түзету жұмыстарын жүргізу.
Сабақтың түрі
Жаңа білімді игеру сабағы.
Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап
- Баяндау, түсіндіру
- Оқулықпен жұмыс
- Сын тұрғысынан ойлау
- Қызығушылықты ояту
- Топтастыру
- Тест
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Мұқағали портреті
- Кітаптары
- Бейнематериал
- Суреттер
- Кеспе қағаздар
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың қабылдағыштарын тексеріп, зейіндерін сабаққа аудару.
- Амандасу
- «Қабылдағышты киіңдер!»
Сыныптағы тәртіп пен қатысымды нақтылау.
- «Класта кезекші кім?»
- «Кім жоқ класта?»
Психологиялық ахуал
Бүгінгі сабақты бастамас бұрын бір-бірімізге тілек тілейік: «Мен саған … тілеймін».
II. Тіл жаттығулары
Сұрақ
Қазір қандай сабақ болады?
Сұрақ
Біз сабақта не істейміз?
III. Үй тапсырмасын сұрау және қорыту
Нақтылау
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» романынан үзіндіні оқып келу.
Мағынаны тану кезеңі
Үй тапсырмасын тест арқылы қорытындылау.
Тест сұрақтары
-
1) Шерхан Мұртаза қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
- а) 1841 ж., Торғай өңірінде
- ә) 1942 ж., Қостанай облысында
- б) 1932 ж., Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында
-
2) М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу университетінің журналистика факультетін қай жылы бітіреді?
- а) 1946
- ә) 1955
- б) 1948
-
3) Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» романының тақырыбы
- а) Ұлы Отан соғысы кезіндегі шырғалаң оқиғалар
- ә) Ата-анасына қамқорлық жасаған перзентінің өмірі
- б) Соғыс жылдарындағы балалар мен аналардың қиындыққа толы шерлі өмірі
-
4) Шығарманың басты кейіпкерлері кімдер?
- а) Жақан, Ғинаят
- ә) Қайыс, Жуанқұл
- б) Ай, анасы Айша, Барысхан
-
5) Шығарманың жағымсыз кейіпкерлері кімдер?
- а) Тасбет, Жуанқұл
- ә) Сәлмен, Жарасбай
- б) Оспан би, Қалтай қажы
IV. Жаңа сабақ
а) Тақырыпты хабарлау
Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына кіріспе жасау.
ә) Жаңа сабақты түсіндіру
Бейнематериал арқылы түсіндіру, негізгі ойларды талқылау.
Қызығушылықты ояту кезеңі
«Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін»
Ақынның өмірі туралы әңгімелеу.
«Өлеңмен өрілген өмір»
Ақын өлеңдерімен танысу.
«Көңілді ән — көгімдегі күн көруші ем»
Ақын әндері туралы мәлімет.
«Туады, туады әлі нағыз ақын»
Ақын рухына арнау. «Арыз жазып кетейін» өлеңін мәнерлеп оқу.
Ой шақыру кезеңі
Жедел сұрақ
Мұқағалидың туған күні мен жылы қандай?