Менің отбасым. Оқушыларды бір - біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу

Сабақ туралы мәлімет

Пәні

Сауат ашу

Сабақтың тақырыбы

Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі

Оқу мақсаттары

  • 1.7

    Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту.

  • 1.8

    Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту.

  • 1.9

    Сөздерді және дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сай дұрыс айту.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы

Жаңа білімді меңгереді.

Көбі

Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі

Алған білімін өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері

  • Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
  • Нақты, түсінікті сөйлеу арқылы мәселені меңгергенін көрсетеді.

Құндылықтар және байланыстар

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі.

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба, таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

І дыбысы мен әрпі.

Сабақ барысы

Шаттық шеңбері

Өлең

Мынау менің жүрегім —

Бәрі осыдан басталған.

Мынау басым ақылды —

Барлық істі атқарған.

Мынау менің оң қолым,

Мынау менің сол қолым —

Барлық істі атқарған.

Мұғалім сөзі

Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезіну қандай тамаша! Бұл — қуаныш пен бірліктің белгісі.

Сабақтың ортасы

Ойын және сұрақ-жауап

Балаларға «Тышқанға ірімшік табуға көмектес» ойыны ойнатылады. Тышқан өз отбасынан адасып, далада қатты тоңып, аш қалыпты. Ендеше кішкентай тышқанға көмектесейік.

Талқылауға арналған сұрақтар

  • Тышқандар қайда мекендейді?
  • Тышқанның сүйіп жейтін асы қандай?
  • Ірімшік неден жасалады?
  • Сүтті қайдан аламыз?
  • Сиырдың азығы қандай?

Қорытынды әрекет

«Жарайсыңдар!» — тышқанымыз тамақтанды. Енді оның отбасын нүктелерді біріктіру арқылы тауып береміз.

№1

Тыңдалым

«Менің отбасым» тақырыбы бойынша тыңдалым.

№2

Оқылым

Сөздер

ін, іні, іс, тіс, іл, шіл, ірі, тіл

Мақал

Ақылды іс тындырады,
Ақымақ тіс сындырады.

Сергіту сәті

1 минут

Б. Бөрібаев

Тереңдет ойыңды,

Тік ұста бойыңды.

Құстарға ұқсайық,

Қалықтап ұшайық.

Шық алға оң қанат,

Шық алға сол қанат,

Шаршаған кездерде

Қонайық жорғалап.

Қызықты тапсырма

8 минут

Оқушылардың белсенділігін арттыруға арналған тапсырмалар орындалады: дыбысты дұрыс айту, сөз құрастыру, суретпен жұмыс және қысқа әңгіме айту.

Аяқталуы

16 минут

№3

Қай сурет сызбаға сәйкес келеді?

кілт, піл, тіл, шіл

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия

«Бағдаршам» әдісі арқылы кері байланыс.

  • Түсіндім, орындай аламын.

  • Әлі де жаттығу керек.

  • Қиын болды, көмектесу қажет.

Нәтиже

Сабақ соңында оқушылар І дыбысы мен әрпін танып, сөздерде дұрыс қолданады; тыңдалым және оқылым арқылы «Отбасы» тақырыбында ойын жеткізуге жаттығады.