Отанның шуағына шомылып бір, Сендер - дағы ұлы адам атаныңдар
Қазағымның көк байрағы желбіре,
Көсегесін көгертіп, жарқыратшы елді де.
Отанымның аясында әрқашан,
Көкке самға, самғат елмен ерді де.
Қазақстан, көкке самға биікте,
Алаулаған жалыныңды өшірмей.
Қазақстан, кең байтақ жер, сар далам,
Туып өскен ата-анам мен ер бабам.
Қазағымның көк байрағы желбіре,
Көсегесін көгертіп, жарқыратшы елді де.
Отанымның аясында әрқашан,
Көкке самға, самғат елмен ерді де.
Ұлы Отан
Қазақстан құт мекен - Отаным бар,
Отанымнан кел-дағы от алыңдар.
Отанның шуағына шомылып бір,
Сендер-дағы ұлы адам атаныңдар.
Оттан ыстық деп білем Отанымды,
Көрсетпестен өзгеге қасаң үлгі.
Сарыарқада Астана бой көтеріп,
Тәуелсіз ел түрленіп жасарұлы.
Отаным, құт-мекенім алтын ұям,
Өзіңсіз жер бетіне қалай сыям.
Өзіңсің жылу берер жүрегіме,
Сен үшін өз жанымды отқа қиям.
Тең келмес өзге елдер отаныма,
Отанымнан кел-дағы от алыңдар.
Отаным асқақ әнім, арай бағым,
Өзіңде орындалар сан арманым.
Отаным жүрегіме жалын сыйлар,
Отаным жігер берер,сан ғасырлар.
Отанға өзге елдер тең келген бе?!
Мойындаймыз отанды сен де, мен де.
Отан
Біздер үшін Отан жалғыз, Ту жалғыз,
Қорғамасақ несін ұл боп туғанбыз?!
Кіндігіміз тар қапаста кесіліп,
Ит көйлекті қанды жаспен жуғанбыз.
Туған жұртқа тірек болу ерге-сын,
Құлдықты енді құдай басқа бермесін.
Атаң өлсе, өзің ата боларсың,
Ешқашанда Отан өле көрмесін!
Әкең өлсе, шешең өлсе жыларсың,
Балаң өлсе, бір жығылып тұрарсың.
Отан өлсе, опырылып түскенің,
Күңіреніп көрге бірге құларсың.
Біздің Отан өліп, қайта тірілген,
Біздің Байрақ құлап, қайта тігілген.
Опат болған ерлер рухы оянар,
Отан деген лебіз шықса тілімнен.
Отанменен аспандағы Күн егіз,
Екеуінің амандығын тілеңіз.
Жас азамат, бұл Отанның қадірін,
Отансыз боп көрген біздер білеміз!
Керек қылса, жолында оның құрбанбыз,
Бәріне де белді бекем буғанбыз.
Бір кеудеге екі жүрек сыймайды,
Қазақ үшін Отан жалғыз, Ту жалғыз!
Отан
Қазақстаным - отаным менің,жайнаған,
Туған жерім, бас иемің мен саған.
Өзіңде өсіп, ер жетіп мен келемін,
Мақтан етіп,Туған елім - Қазақстан!
Ұлаң байтақ жеріңменен мақтанып,
Арал, Балқаш өзендермен шаттанып.
Қазағымды қайда барсам мақтаймын,
Қорғаймын оны ешқашан да сатпаймын.
Қазақ жері
Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер,
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер,
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер,
Сарылып сал-сері кеткен жер.
Бас иіп, иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер!
Мына өлке, мына аймақ, бұл маңда
Құлшылық етемін тұрғанға,
Құлшылық етемін құмдарға,
Тағзым жасаймын қырларға!
Шүкірлік етемін қашан да
Осы бір Отанда тұрғанға!
Жазы бар жалынмен жандырған,
Қысы бар аязға қардырған.
Көктемі — балауса, балдырған,
Ал күзі — алып бір ақ қырман,
Ақ дәннен ақ нөсер жаудырған,
Күрең нан жаңа алған тандырдан.
Көлденең көлбеген көкжиек
Қыранның қанатын талдырған.
Жіктеу есімдіктер
Салауатты өмір салты туралы мәлімет
Шаңырақ жарастығы
Ғали Орманов
Мейірімділік
Абай махаббат туралы
Балалардың сүйікті жыршысы
ЖҰМА КҮНІНІҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ
Мемлекеттік символдар арқылы патриоттық сезімін қалыптастыру
Көңілді балалар әні
ТҮМЕН ҰЛЫ МҮДЕ ҚАҒАН
МЫҢЗЫҚҰЛЫ ЕДІЛ ҚАҒАН
ҚАРАШАҰЛЫ БӘЙДІБЕК
Аудиттің мәні және оның нарықтық экономика жағдайындағы ролі
Адамдар арасындағы қарым-қатынас және іс-әрекет психологиясы
ҚҰТЫЛЫҒҰЛЫ КҮЛТЕГІН
Агробизнес және агроөнеркәсіп интеграциясының арасындағы байланыс
ШЫҢҒЫСҰЛЫ ЖОШЫ ХАН
Қазақстанның халықаралық экономикалық қатынастардағы орны
ХАЛЫҚТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ