Сағынышты мен бұрын түсінбегем, Туған жерді түсімде күнде көрем
Ұлы Абайға
Мен жазайын дәріптеп сөздің сарасын,
Өлең жазған айырып ақ пен қарасын.
Айтқан сөзі бұлақтан аққан тамшыдай,
Ерекше тұлға – қазақтың ұлы данасын.
Ардақты Абай, ақындардың ақыны,
Әділдікті жақтаумен халықтың болған жақыны.
Аманатың түгелдей ұрпағыңа жетті міне
Ғибратпен жазған өлеңі, түйінделген ақылы.
Қалдырды жазып, қырық бес қарасөздерін,
Үйреніп алғаш, аударған шетел тілдерін.
Шындықты жазды, қазақтың ойлап тағдырын,
Атаның емес, баласы болып адамның.
Сағыныш
Сыныпты бітіргенде сегізінші
Сезіндім мен өзімді үлкен кісі.
Ата - ана мен бауырға көмектесіп,
Жасаймын деп қолымнан келген істі.
Әсем қала Алматыға жол тарттым,
Еңбек етіп, оның да көзін таптым,
Өзге ортада, өзге жерде жүргенде
Ол жақтан да адал жүрек дос таптым.
Уақыт өтті, сағындырды ауылды,
Сағындырды достар менен бауырды.
Баса алмады, баса алмады ешнәрсе де
Жүректегі Сағыныш дауылымды.
Сағынышты мен бұрын түсінбегем,
Туған жерді түсімде күнде көрем.
Көп ойладым, туған жер, ата - анамды,
Ұзамай - ақ Таразға қайтқым келген.
Ауылым
Тым аяулы мекен бұл, қойнауы құт,
Қоныстанған бұл жерге көптеген жұрт.
Аталады ауылым Көкбастау деп,
Көк аспанын ешқашан жаппаған бұлт.
Имандылық белгісі - мешіті бар тамаша,
Көз тартады алыстан, жайнап тұр бала - бақша.
Қажеттінің бәрі де табылады ауылда,
Емхананың жанында мектебі тұр жараса.
Туған өлке көркейсінші, дәулетпенен бақ дарып,
Қуанамын дамуына достарыммен шаттанып.
Береке мен бірлігі, ынтымағы жарасқан,
Біздің ауыл осы - деп, айта аламын мақтанып!
Бөкеев Оралхан (1943-1993 жж.)
Кәкімбек поэзиясындағы туған жерге сағыныш
Өлеңге орын табам
Тұманбай Молдағалиевтың балалар әдебиетіне қосқан үлесі
Қара жаудың сұқтанған көзін жасқап, Естілуде әлемге сөзім асқақ
Наурыз – қазақша жыл басы
Сұлтанмахмұт Торайғырұлы өмірі мен шығармашылығы
Сәкен Сейфуллин өлеңдерінің тілдік ерекшелігі
Мақағали шығармалары мен аудармалары
Сұлтанмахмұт Торайғыров - алдымен мінез
Бу қазандықтары мен шаң дайындау жүйелері есебі
ТҮМЕН ҰЛЫ МҮДЕ ҚАҒАН
Диалектика — даму мен ең жалпы байланыс жөніндегі ілім
Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауын тексерулерді ұйымдастыру мен жүргiзу ережесi
Бухгалтерлік есептің концепциялары мен принциптері
Қаржы-несие мекемелері рыноктық экономиканың негізгі элементі ретінде
СҮЙІНІШҰЛЫ ҚАЗТУҒАН
Тергеушінің тергеу бөлімінің бастығымен және анықтау органдарымен өзара әрекеттесуі
Ақшаның мәнi мен пайда болу тарихы
Валюталық нарықтың және валюталық операциялардың ерекшеліктері мен дамуы