Жомарттық және кішіпейілділік, кеңпейілділік сапаларын дамыту
Бауырмалдылық және кеңпейілділік
Құндылық
Сүйіспеншілік
Қасиеттер
Сабақтың мақсаты
Оқушылардың жалпыадамзаттық сүйіспеншілік құндылығы туралы түсінігін кеңейту.
Міндеттері
- Оқушылардың бір-бірін жақсы көру, бауырмалдылық пен татулық туралы түсініктерін кеңейту.
- Жомарттық, кішіпейілділік және кеңпейілділік қасиеттерін дамыту.
- Ізгілікке, аянбай қызмет етуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
Негізгі ұстанымдар
1) Ұйымдастыру кезеңі
1 минутСәлемдесу, оқушылардың назарын сабаққа аудару. Оқу құралдарын түгендеу:
- Күнделік
- Оқулық
- Жұмыс дәптері
- Қаламсап
- Қарындаш
2) Тыныштық сәті
3–5 минутБаяу әуен ырғағымен үшке дейін санап, нұрға бөленуді ұсынамын.
- Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар.
- Аяғыңызды айқастырмаңыз.
- Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады.
- Көздеріңізді жұмсаңыздар.
Елестетіп көріңіз: күн нұры төбеңізден өтіп, кеудеңізге бойлай түседі. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі бар. Ол нұрдың әсерімен баяу ашыла бастайды. Балғын әрі таза әсем гүл әр ойыңызды, әр сезіміңіз бен тілек-қалауыңызды тазалап, жүрегіңіздің қауызын ашады. Нұр сәулесі бойыңызға ақырын тарай бастағанын сезініңіз.
3) Үй тапсырмасын тексеру
10 минутОқушылардың орындаған жұмыстары тыңдалады, қысқаша талқылау жүргізіледі.
4) Мәтінмен жұмыс
43–46 бетМ. Мағауиннің «Бір атаның балалары» повесінен үзінді оқылады.
Талқылау сұрақтары
- Әңгіменің басты мағынасы мен мәні неде?
- Шығарманы оқығанда қандай сезімде болдыңыздар?
- Сендердің ойларыңша, Ахмет атаның бойындағы ең басты қасиет қандай?
- Зигфридтің алдағы өмірі қандай болады деп ойлайсыңдар?
Неге бұл маңызды?
Мәтін оқушыны бауырмалдылық пен кеңпейілділіктің өмірдегі көрінісін байқауға, адамға жанашыр болуға, қиындықта қолдау көрсетуге жетелейді.
5) Дәйексөз
5 минут«Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық ақ жүректен шығады».
6) Әңгімелеу және ой қозғау
9 минутСұрақтар
- «Кеңпейілділік» сөзін естігенде қандай ой келеді?
- «Бауырмалдылық» ұғымын қалай түсінесіңдер?
- Кеңпейілділік пен бауырмалдылықтың қандай ұқсастығын байқайсыңдар?
Мұғалім сыйы: бейнебаян
«Алма ағашы» бейнебаяны көрсетіледі.
- Бейнебаянда не туралы баяндалды?
- Бауырмалдылықты қалай түсінесіңдер?
- Өздерің кеңпейілділік пен бауырмалдылық танытқан кездеріңді еске түсіріп, мысал келтіріңдер.
Жоспар туралы мәлімет
Пән
Өзін-өзі тану
Өңір
Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Орда ауданы, Хан ордасы ауылы
Мектеп және мұғалім
Жәңгір хан атындағы ЖОББ мектебі. Өзін-өзі тану пәні мұғалімі: Аманғалиева Тәттігүл Болатқызы.