Әке - әркімнің сүйенер тіреуі

Кіріспе сөз

Мұғалім: «Құрметті әкелер! Сіздерге арналған “Әке — шаңырақтың негізгі тірегі” атты ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз».

Әр шаңырақта әкенің орны бөлек. Әке — отбасының асыраушысы, жанұя мүшелерінің тірегі мен қамқоршысы. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнері мен білімі — баланың көз алдындағы үлгі, жүрегіне сіңетін өнеге.

«Әке — бәйтерек» дейміз. Сол себепті бүгінгі кездесуде әкелер бәйтерек макетіндегі өздеріне ұнаған түсті қаршаны таңдап, жасырылған ән атауына қарай екі топқа бөлінеді.

1-топ

Ақ түсті қарша

Ардақтылар тобы

Ән: «Атамекен»

2-топ

Көк түсті қарша

Құрметтілер тобы

Ән: «Арыс жағасында»

Балалардың арнауы

«Әке — әркімнің сүйенер тіреуі. Әкені ардақтай білу керек. “Әкеге қарап ұл өсер” дегендей, әкенің балаға үйретері көп. Ендеше, құрметті әкелер, балаларыңыздың өнерін тамашалаңыздар».

1-оқушы

Нағыз әке — ақылгөй де асқар жан, Барлық ұрпақ әкелерден басталған. Ал, әкелер, өздеріңізге арналған Бүгінгі той — қуаныш пен мереке.

2-оқушы

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын, Болсын солай әрбір күнің, әр айың. Тойларыңыз құтты болсын, әкелер, Балаларың төге берсін мерейін.

3-оқушы

Сізсіз, әке, ең ақылды, ең шыншыл, Сізсіз, әке, ең жақыным, ең сыршыл. Шуақ шашқан қашанда асыл жүрегің — Жанымдасың, қамқорымсың, білемін. Қабыл алғын бала жүрек тілегін.

4-оқушы

Қамқорсың, әке, өмірде, Қуатым сенсің көңілге. Әлпештеп мені өсірдің, Ұшармын ертең көгіңде.

5-оқушы

Өмірдің көрген талай жол торабын, Әкеден кім аяйды қолда барын? Әкенің ақ тілегін өтеу — парыз, Мен бүгін әкемді айтып толғанамын.

Ән

«Анашым — әкем»

Би

Өзбек биі «Шайхана»

Әке туралы ой және іс-әрекет бөлімі

Мұғалім: «Әке көрген оқ жонар» — әкеге қатысты айтылған қадірлі сөз. Мен әкенің бойынан күш-жігерді, батырлықты, қайсарлықты, білімділікті және адамгершілік қасиеттердің тұтас көрінісін көремін деп ойлаймын.

Әкелер әртүрлі болады: бірі — ақылды, білімді; бірі — жігерлі, қайратты; енді бірі — батыр, батыл. Ал кейбірінің бойынан осының бәрі де табылады.

Әкелерге сөз

  1. 1) Таныстыру: «Кімнің әкесісіз?»
  2. 2) Сұрақ-жауап: балаңыздың туған күні, айы, жылы.
  3. 3) Үй тапсырмасы: қолөнер немесе сәндік бұйым. Үйден жасап келген бұйымды таныстырып ұсыну.
  4. 4) Ойын: «Әскердегі қызықты сәттер…»
  5. 5) Тілек пен тағылым: балаңызға қандай мақал-мәтел айтар едіңіз? Оны парақшаға жазып, гүлге бекітіп, балаға ұсынасыз. Бала гүлді бәйтерекке іледі.

Топтық орындау

  • 1-топ: «Атамекен» әнін орындайды.
  • 2-топ: «Арыс жағасында» әнін орындайды.

Көрермендер қолдауы

Әр тапсырмадан кейін көрермендердің қошеметі мен жылы лебізі сабақтың мәнін тереңдете түседі.

Шаттық шеңбері

Бір құрмет — Әке қатал болса да, Сыйлау оны — бір құрмет. Әке қандай болса да, Қорқу одан — бір құрмет. Әкенің бір сөзіне Ешқандай тыйым жетпейді. Әке қатты сөз айтса, Есіңнен еш кетпейді. Әкесін сыйлай білгендер Көгереді, көктейді.

Қорытынды

Мұғалім: «Құрметті ата-аналар, оқушылар! Біздің сыныбымыздың символы — осы бәйтерек болсын. Ағаш басындағы қаршаларды әкелеріміздің мейірімі мен ықыласы “жібітті”. Бәйтерегіміз гүлдеп, көктеді».

«Әке — асқар тау, ана — бауырындағы бұлақ, бала — жағасындағы құрақ». Баршаңызға амандық тілейміз.

Әкелеріміз жазып берген мақал-мәтелдерді ойымызға түйіп, өнегелі, тәртіпті, әдепті, білімді ұрпақ болып өсейік.

Есте қалатын түйін

Әкені құрметтеу — отбасының берекесін арттырып, баланың болашағына бағыт береді.