Алады оны жаман бала

Мектепалды даярлық сыныбы • Математика • 1-ден 10-ға дейінгі сандарды қайталау

Мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі Жанат Баяхметова балалармен бірге 1-ден 10-ға дейінгі сандарды қайталап, оң және кері санауды, салыстыруды және қарапайым есептер шығаруды бекітеді.

Оқиға желісі

Піл мен оның баласы орманда серуендеп келе жатады. Бір сәтте көбелек қуып кеткен пілдің баласы анасынан адасып қалады. Қатты қорыққан ол жылап жүріп, үлкен теңізге тап болады.

Сол жерде оған итбалық кездесіп: егер аптаның алты күніне арналған тапсырмаларды орындаса, анасына жететінін айтады. Пілдің баласы сендерден көмек сұрайды.

Пілдің баласына көмектесейік!

  • 1-ден 10-ға дейінгі сандарды білеміз.
  • Оң және кері санай аламыз.
  • Сандарды салыстыра аламыз.
  • Біз білімдіміз, тапқырмыз, қамқоршымыз.

Тапсырмалар топтамасы (1–10)

Төмендегі алты тапсырманы орындау арқылы пілдің баласына жағалауға жетуге көмектесеміз. Әр тапсырма білімді бекітуге арналған: санау, санамақ, есеп, көрші сандар, салыстыру және жасырынған сандар.

Тапсырма №1 — Оң және кері сана

1-ден 10-ға дейін оң және кері сана.

Оң санау: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10

Кері санау: 10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1

Тапсырма №2 — Санамақ айт

Өздерің білетін санамақты айтыңдар. Мына үлгіні бірге қайталайық:

  1. 1 дегенім жаман баға, алады оны жаман бала.
  2. 2 дегенім нашар баға, інім ешқашан нашарлама.
  3. 3 дегенім орта баға, сапасы оның орта ғана.
  4. 4 дегенім жақсы баға, алады оны жақсы бала.
  5. 5 дегенім үздік баға, оқимыз тек үздік қана.

Тапсырма №3 — Есептерді шығар

Топпен жұмыс: берілген қосу және азайту есептерін шығарыңдар.

I топ

  • 7 + 3 = ____
  • 6 − 3 = ____

II топ

  • 8 + 2 = ____
  • 7 − 5 = ____

III топ

  • 6 + 4 = ____
  • 8 − 4 = ____

IV топ

  • 9 + 1 = ____
  • 3 − 2 = ____

Тапсырма №4 — Сандардың көршісін тап

Әр санның алдыңғы және келесі көршісін ата.

2 6 5 8 4 7 1 3

Тапсырма №5 — Сандарды салыстыр

Қажетті белгіні қой: >, < немесе =.

  • 5 __ 4
  • 6 __ 9
  • 7 __ 3
  • 4 __ 4

Тапсырма №6 — Жасырынған сандарды тап

Қатарды толықтыр: жетіспейтін сандарды тауып жаз.

  • 1, 2,
  • 4, 5,
  • 7, 9,

Қорытынды: жағалауға жеттік

Барлық тапсырма орындалған соң, пілдің баласы жағалауға аман-есен жетті. Көп ұзамай анасы да келіп, баласын тапты.

Сергіту сәті

«Мен қатты қуанып тұрмын, сендерге рақмет! Сендермен бірге билегім келіп тұр!»

Сұрақтар

  1. 1) Пілдің баласына анасын табу үшін қандай көмек жасадық?
  2. 2) Нешеден нешеге дейінгі сандарды қайталадық?

Сабаққа өте жақсы қатыстыңдар! Маған көмектескендеріңе рақмет! Жарайсыңдар!