Құрмалас сөйлем түрлерін ата

Сабақтың тақырыбы

Себеп–салдар салалас құрмалас сөйлем.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ.

Көрнекілігі

Оқулық, тірек сызба.

Әдіс-тәсілдер

  • Жаттығу жұмыстарын орындау
  • Өз бетімен жұмыс
  • Түсіндіру

Сабақтың мақсаты

  • Себеп–салдар салаласпен таныстыру: салалас құрмалас сөйлем туралы түсінік беру, себеп–салдар қатынасын түсіндіру.
  • Салалас құрмалас сөйлемнің түрлерін ажыратуға, сөйлем мүшелеріне талдау жасауға дағдыландыру.
  • Тілді ұлттық мұра ретінде қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу.
  • Сыныпты және оқу құралдарын түгендеу.

II. Үй тапсырмасын пысықтау

Жаттығу

99-жаттығу.

Тест тапсырмалары

  1. 1) Жақсыз сөйлем баяндауышының жасалу жолын көрсетіңіз.

    • А) –қы, –ғы, –кі, –гі жұрнақты қалау райлы етістіктен
    • В) –ғалы, –гелі, –қалы, –келі көсемше жұрнақтары арқылы
    • С) –ған, –ген есімше жұрнақтары арқылы
    • Д) –са, –се шартты райлы етістік
    • Е) –ар, –ер жұрнақты етістіктен
  2. 2) Ыңғайлас салаластың ішіндегі қайталанбай келетін жалғаулықты атаңыз.

    • А) да–де
    • В) және
    • С) сондықтан
    • Д) бірде
    • Е) болмаса
  3. 3) Баяндауыштары тұлғалас, мағыналас болатын салаластың түрін көрсетіңіз.

    • А) ыңғайлас
    • В) себеп–салдар
    • С) түсіндірмелі
    • Д) қарсылықты
    • Е) кезектес
  4. 4) Құрмалас сөйлемді табыңыз.

    • А) Ол асып та, тасып та сөйледі.
    • В) Қарағым, бермен кел.
    • С) Ақылды қарттан нақыл шығады!
    • Д) Сен, сірә, жексенбі күні келерсің, не дүйсенбі күні келерсің.
    • Е) Ерлік көрсеткен ер болар.
  5. 5) Ешқашан қайталанбай, бір-ақ рет келетін жалғаулықты көрсетіңіз.

    • А) да
    • В) та
    • С) де
    • Д) те
    • Е) және

III. Жаңа сабақ

Негізгі анықтама

Құрамындағы жай сөйлемдердің біреуі екіншісінің себебін немесе салдарын білдіретін салалас құрмалас сөйлем түрі себеп–салдар салалас деп аталады.

Себеп–салдар салалас іргелес те, жалғаулық шылаулар арқылы да байланысады.

Жалғаулықтары

өйткені себебі сондықтан неге десеңіз

Ескерту

Жалғаулықсыз себеп–салдар салаласта жай сөйлемдердің қайсысы бұрын тұрғаны көбіне тыныс белгілері мен мағына арқылы ажыратылады.

Мысал (іргелес байланыс)

«Қолың қатты дейді, қорқып тұрмын.» (Ғ. Мұстафин)
«Ақыры тапқан сияқты; оң көзінің астыңғы қабағы бүлкілдей бастапты.» (Ғ. Мұстафин)

Мысал (жалғаулық арқылы)

«Жұмысты бастап бару міндеті Саусақовқа тапсырылды, себебі ол қазақ, орыс тілін жақсы біледі.»

Себеп мәнді және салдар мәнді байланысу үлгілері

Салдар мәнді

Жалғаулықтары: сондықтан, сол себепті.

«Сізді ешкім шақырған жоқ, сондықтан сіз бармайсыз.»

Себеп мәнді

Жалғаулықтары: өйткені, себебі, неге десеңіз.

«Күріш тұқымы суға қолмен себіледі, өйткені тұқым сепкен суға жүре алмайды.»

Жалғаулықсыз үлгі

«Бұл егіннің дәнін қолымнан мен септім ғой, өзгеңнен гөрі менің жаным қаттырақ ауырар еді.» (С. Мұқанов)

IV. Сабақты меңгерту

101-жаттығу

Ауызша орындау.

102-жаттығу

Көшіріп жазу, талдау жасау.

1-топ: 1–2 сөйлем.

2-топ: 3–4 сөйлем.

V. Сабақты қорытындылау

  • Құрмалас сөйлемнің түрлерін атаңыз.
  • Салалас құрмалас сөйлемнің неше түрі бар?
  • Себеп–салдар салаластың жалғаулықтарын атаңыз.
  • Ыңғайлас салалас дегеніміз не?
  • Ыңғайлас салаластың жалғаулықтарын атаңыз.

VI. Үй тапсырмасы

103-жаттығу орындау.

VII. Бағалау

Оқушылардың жауаптары мен орындалған тапсырмалар сапасына қарай бағалау жүргізіледі.