Өлеңді көшіріп жаз

Сабақтың тақырыбы

Ё ё дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты

  • 1

    Оқушыларды Ё ё дыбысы және әрпімен таныстыру, сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.

  • 2

    Ойлау және есте сақтау қабілетін дамыту.

  • 3

    Еңбексүйгіштікке және ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың типі

Жаңа білімді меңгерту және дамыту.

Әдіс-тәсілдер

Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, көрнекілік.

Көрнекіліктер

Әріп таңбасы, шахтёр, монтёр, шырша суреттері.

Пәнаралық байланыс

Дене шынықтыру.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Амандасу.
  • Оқушыларды түгендеу.
  • Үй жұмысын тексеру (карточкадағы тапсырма).

Карточка мәтіні:

Әжем — күйші,

Әпкем — биші.

Асқан шебер

Ағам — үйші.

Қайталау сұрақтары:

  • Й дыбысы қандай дыбыс?
  • «Ай» деген сөзде неше дыбыс бар?

Психологиялық даярлық:

Бір, екі, үш,

Сынып іші тып-тыныш.

Жалқаулықты тастаймыз,

Сабақты біз бастаймыз.

II. Жаңа тақырыпты меңгерту

1) Бағдарлау-мотивациялық кезең

«Ойлан, тап» ойыны (жұмбақ):

Қысы-жазы бір түсте. Ол не?

Жауабы

Шырша

Орысша

Ёлка

Бірінші дыбыс

Ё

Оқушылар Ё дыбысын хормен айтады.

2) Операционалдық-орындаушылық кезең

Ё дыбысы және әрпі туралы мағлұмат:

  • Ё — дауысты дыбыс.
  • Қосарланған екі дыбыстан жасалады: (й + о).
  • Көбіне орыс тілінен енген сөздерде кездеседі: монтёр, шахтёр, актёр, т.б.

Дыбыстық талдау (мысал):

Сөз

Монтёр

Буын

2

Дыбыс/әріп

7 дыбыс, 6 әріп

Мәтінмен жұмыс

Монтёр

Монтёрдің жұмысы қиын. Ол күннің жаңбырлы, боранды болғанына қарамай жұмыс істейді.

Кейде биік бағаналарға өрмелеп шығуға да тура келеді.

Монтёр болу үшін епті әрі сабырлы болу керек.

Сергіту сәті

Биік болып өсеміз,

Ёлкалардай жайқалып,

Табиғатты сүйеміз.

Шетінен шеберміз,

Денемізді бос ұстап,

Билеп-билеп аламыз.

Дәптермен жұмыс

а) Көркем жазу

Ё ё

ә) Дыбыстық талдау

Шахтёр

  • 2 буын
  • 7 дыбыс, 6 әріп
  • 2 дауысты, 4 дауыссыз дыбыс

Актёр

  • 2 буын
  • 6 дыбыс, 5 әріп
  • 2 дауысты, 3 дауыссыз дыбыс

б) Өлеңді көшіріп жаз. Ё дыбысы бар сөзді тауып, астын сыз.

Шахтёр

Шахтёрді ел біледі.

Оған сарай — жер асты.

Көмір қазып жүреді,

Қопарып ол тау-тасқы.

С. Мәуленов

в) Сөйлем құра

  • Шахтёр — құрметті маман.
  • Монтёр бізге жарық береді.

Ойын

«Мен бастаймын, сен аяқта»

Шарты: мұғалім сөйлемді немесе ұғымды бастайды, оқушылар жалғастырып аяқтайды.

Мысал 1

Мұғалім: «Шахтёр…»

Оқушылар: «Шахтёр көмір қазады.»

Мысал 2

Мұғалім: «Элеватор…»

Оқушылар: «Элеватор — астық сақтайтын ғимарат.»

Осы үлгі бойынша басқа сөздермен де жалғастыруға болады.

III. Рефлексия және бағалау

Бекіту сұрақтары:

  • Бүгін біз қандай әріппен таныстық?
  • Ё ё дыбысы қандай дыбыс?

Бағалау

Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар мадақталады және бағаланады.

Үй тапсырмасы

«Монтёр» мәтінін оқып, түсінгеніңді әңгімелеп бер.