Балқаш көлі және оған құятын өзендермен таныстыру

Пән туралы мәлімет

Пәні

Қазақстанның физикалық географиясы

Мұғалімі

Фазылова Арай Есенгелдіқызы

Тақырып

Көлдер және бөгендер. Каспий теңізі, Арал теңізі, Балқаш көлі.

Негізгі идея

Қазақстандағы ірі су айдындарының қалыптасуы, таралуы, шаруашылықтағы рөлі және экологиялық қауіпсіздігі.

Мақсаты

Білімділік

  • Қазақстандағы көлдер мен бөгендердің республика аумағында орналасуы және пайда болуы туралы білімді кеңейту.
  • Көлдерді шаруашылықта пайдалану жолдары туралы түсінік қалыптастыру.
  • Көл суларын қорғаудың маңызын, оның келешек үшін стратегиялық мәнін түсіндіру.
  • Каспий теңізіне сипаттама беру: табиғи ерекшеліктері, экологиялық жағдайы.
  • Каспийдегі балық кәсіпшілігінің халық шаруашылығындағы маңызын түсіндіру.
  • Арал теңізі және оның алабына жататын өзендермен таныстыру; Аралдың бұрынғы және қазіргі жағдайын салыстыру.
  • Балқаш көлі және оған құятын өзендермен таныстыру; Балқаштың табиғат байлықтарына сипаттама беру.

Дамытушылық

  • Физикалық және тектоникалық карталар арқылы көлдердің таралуын сипаттап, тақырыптық картамен және кескін картамен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
  • Оқушылардың өздігінен жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып, интернетпен жұмыс істеу біліктілігін қалыптастыру.

Тәрбиелік

  • Отан туралы білімді тереңдету арқылы отансүйгіштік қасиетті нығайту.
  • Қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу және су ресурстарын ұқыпты пайдалануға бағыттау.
  • Каспий, Арал, Балқаш су айдындарының экологиялық жағдайына назар аударту.

Сабақты ұйымдастыру

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Теория мен тәжірибені ұштастыра отырып, материалды бекітуге бағытталады.

Ұйымдастыру формасы

Фронтальді

Сыныппен бірлескен талдау, сұрақ-жауап және қорытындылау жұмыстары.

Әдіс-тәсілдер

Репродуктивті, проблемалық

Дайын білімді меңгерту және проблемалық сұрақтар арқылы ойлауды дамыту.