Сиқырлы текше сайысы
Қанатты сөздер
«Заманауи әлемде елдің қуаты, ең алдымен, білім мен ғылымда».
Н. Ә. Назарбаев
«Математика — барлық ғылымдардың тұңғышы әрі оларға пайдалы да, қажет те ғылым».
Р. Бэкон
«Физиканың оң қолы — химия, ал математика — оның көзі».
М. В. Ломоносов
Ұйымдастыру кезеңі
1-жүргізуші
Сәлеметсіздер ме, ұстаздар! Айтар ойым тұспалдар: біз оқытқан оқушылардың сыналар сәті келді.
2-жүргізуші
Сәлеметсіздер ме, оқушылар — нақты ғылымға қызығушылар! Естігенін есте сақтап, оқығанын көкейге тоқушылар.
Есепті түрліше шығарамыз, арасында ойын ойнап жарысамыз. Ойландырар да, қиын да сұрақтар бар; әзіл есеп те кездеседі.
Ендеше, сайысымызды бастайық. Әділ баға беретін әділқазылар алқасын таныстырайық.
Шын жүйрік шабысынан танылады, нақты білім мен терең ой сыналады. Баға берер әділқазылар ортамызда — құрметпен қол соғайық.
Топқа бөліну
Әр топтан бір оқушы келіп, өзіне ұнаған фигураны қиып алады. Қиып алынған фигура — сол топтың атауы.
Ереже және ұпай қою
Ұпайлау
- Жауап беруге 10 секунд беріледі.
- Дұрыс жауап: 5 ұпай.
- Толық емес жауап: 3 ұпай.
- Жауап жоқ: 0 ұпай.
- Тәртіп бұзып, айқайлағаны үшін: –2 ұпай.
Маңызды қағида
Әділқазылар алқасының шешімі талқыланбайды.
Сәт-сапар, оқушылар!
Бүгінгі жарыс білімді ғана емес, ұйымшылдықты да талап етеді.
Сайыс бөлімдері (7 бөлім)
1-бөлім. Сәлемдесу
Әр топ өзін таныстырады: аты, ұраны, сәлемі.
2-бөлім. Жорға
Әр команда: 1 минутта 20 сұрақ
__________ тобының сұрақтары (нұсқа 1)
- Ең алғашқы математик әйел кім? — Софья Ковалевская
- Табиғи жарық көзі? — Күн
- Квадраттық функцияның графигі? — Парабола
- Зат неден тұрады? — Молекула
- Вектор деген не? — Бағытталған кесінді
- Қай планетаның сақинасы бар? — Сатурн
- Қиылыспайтын әрі параллель емес түзулер? — Айқас түзулер
- Қозғалысты геометриялық тұрғыдан қарастыратын бөлім? — Динамика
- Геометрия пәнінің негізін салушы? — Евклид
- Идеал газ күй теңдеуін ашқан ғалым? — Дмитрий Менделеев
- Санның жүзден бір бөлігі? — Процент
- Құлақ еститін жиілік аралығы? — 20–20 000 Гц
- Ұшақтың ұшу биіктігін өлшейтін құрал? — Альтиметр
- Ең кішкентай заряд? — Электрон
- Сүт қанша градуста қайнайды? — 100°C
- Монитор мен көз арақашықтығы? — 60–70 см
- Денсаулыққа зиянды компьютер құрылғысы? — Монитор
- «Компьютердің атасы» кім? — Чарльз Бэббидж
- «Геометрия» терминінің мағынасы? — Жер өлшеу
- Бұрышты қақ бөлетін сәуле? — Биссектриса
__________ тобының сұрақтары (нұсқа 2)
- Плутонның серігі? — Харон
- Бүтін сандарға қандай сандар жатады? — Натурал сандар, оларға қарама-қарсы сандар және 0
- Күштің өлшем бірлігі? — Ньютон
- Координаттар әдісін енгізген ғалым? — Рене Декарт
- Квант теориясының негізін салушы? — Макс Планк
- Кеңістіктегі негізгі фигуралар? — Нүкте, түзу, жазықтық
- Жасанды жарық көздері? — От, сіріңке, шам, факел, шырақ
- Кез келген санның 0 дәрежесі? — 1
- Ядро неден тұрады? — Протон және нейтрон
- Молекула жылдамдығын анықтаған ғалым? — Г. М. Штерн
- Дәлелдеусіз қабылданатын сөйлем? — Аксиома
- Жұлдыздық шама нені сипаттайды? — Жұлдыздан келетін жарық ағынын
- Біздің галактиканың формасы? — Спиральді
- Ең кішкентай заряд? — Электрон
- Сүт қанша градуста қайнайды? — 100°C
- Алғашқы компьютер қашан және қайда шықты? — АҚШ, 1946 жыл
- Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас? — Интерфейс
- Ақпараттық процестерді үйрететін ғылым? — Информатика
- Үшбұрыш бұрыштарының қосындысы? — 180°
- Жазықтықтағы фигураларды зерттейтін геометрия бөлімі? — Планиметрия
3-бөлім. Тамаша үштік
Ойлануға: 1 минут
Математиктер мен физиктерге сипаттама беріледі. Сипаттама бойынша ғалымның кім екенін табу керек.
1) 1540–1603 жылдары өмір сүрген француз математигі. Элементар алгебраны енгізіп, коэффициенттерді әріппен белгілеуді қолданған. Жауабы: Франсуа Виет
2) Б.з.д. 624–547 жылдары өмір сүрген грек ойшылы. Табиғат құбылыстарын сумен байланыстырған; бұрыш қабырғаларын қиятын параллель түзулер туралы теоремамен белгілі. Жауабы: Фалес
3) Француз физигі әрі математигі, электродинамика негізін қалаушылардың бірі. «Электр Ньютоны» атанған. Жауабы: Андре-Мари Ампер
4-бөлім. Формулалар сайысы
Уақыты: 3 минут
Әр топқа бір парақ беріледі. 3 минут ішінде математика және физика формулаларын мүмкіндігінше көп әрі дұрыс жазу қажет. Ең көп және дұрыс формула жазған топ жеңімпаз атанады.
Көрермендерге арналған сұрақтар
- 1) Жұмыртқа 3 метр ұшып, жарылмауы қалай мүмкін? — Оны 4 метрге лақтырсаңыз, алғашқы 3 метрде жарылмайды.
- 2) Отбасында 2 ұл бар, әр ұлдың 2 әпкесі және 1 әкесі бар. Әр қыздың 1 анасы бар. Барлығы неше адам? — 6 адам (2 ұл, 2 қыз, әке, ана).
- 3) Жерден көтеру оңай, бірақ алысқа лақтыру қиын. — Мамық.
- 4) Анасы 16 мандарин алды. Жартысын Думан жеді, Айша 2-еуін жеді, қалғанының жартысын Дина жеді. Қанша мандарин қалды? — 3 мандарин.
5-бөлім. Полиглот
Қазақ тілінде жұмбақ айтылады. Жауабын тапқан соң, оны орыс және ағылшын тілдеріне аударады.
1) Арқалап бірін қоймай көтергеннің, аяғы еш уақытта талған емес.
Білім — образование — education
2) Қабат-қабат қаптама, ақылың болса аттама.
Кітап — книга — book
3) Жұрттың бәрі оны сүйеді, бірақ қарағысы келмейді.
Күн — солнце — sun
4) Бар ма, жоқ па — бірақ оны анық білмейсің; ол жоқ жерде өмір сүре алмайсың.
Ауа — воздух — air
5) Өз еркіне жіберсең, дүниені бүлдірер.
От — огонь — fire
6) Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да; ұзындығы жазулы тұр бойында.
Сызғыш — линейка — ruler
7) Бірдей санды бірнеше рет көбейтуден тұрады. Ықшамдасаң, қандай атау болады?
Дәреже — степень — degree
6-бөлім. Сиқырлы текше
Әр командадан оқушылар кезекпен шығып, текшені лақтырады. Түскен қырына қарай тапсырма орындайды: текшенің үш жағында — алгебра, геометрия, физика есептері; қалған үш жағында — сұрақтар.
Сұрақтар
- 1) А. Македонский заманындағы уақыт көрсеткіші. — Тауық
- 2) Адамның алғашқы көлігі. — Балалар арбасы
- 3) И. Ньютонның 1687 жылы бүкіләлемдік тартылыс заңын ашуына түрткі болған не? — Алма
Есептер
- 1) Тең бүйірлі үшбұрыштың табанындағы сыртқы бұрыш 98°. Төбе бұрышын табыңдар. — 16° (қалған екеуі: 82° және 82°)
- 2) Көлемі 2 л керосин жанғанда бөлінетін жылу мөлшері. — 70,4 кДж
- 3) x² − 19x + 18 = 0 теңдеуінің бір түбірі 1-ге тең болса, екінші түбірін табыңдар. — 18
7-бөлім. Шахмат ойыны
Ойлануға: 5 минут
Әр топқа шахмат тақтасының бір бөлігі кескінделген сурет беріледі. Шахмат атының жүру тәртібімен оқығанда, қазақ математиктерінің қанатты сөздері шығады.
Музыкалық сәлем (көрерменге)
1) «Сан — математика ғылымының іргетасы». Бұл сөз Орынбек Ахметбекұлы Жәутіковке қатысты: қазақ арасынан шыққан тұңғыш физика-математика докторы, 220-дай еңбегі жарияланған.
2) «Із кесуде — графтар теориясы жатыр». Бұл қанатты сөз Жаңбырбаев Бегалы Сәдуақасұлына тән: қазақтың үздік математиктерінің бірі, 30-дан астам еңбегі бар.
Қорытынды және әзіл есеп
«Білім деген биік шың — бақытқа сені жеткізер. Білім деген ақылшың — қиындықтан өткізер».
Әділқазылар қорытынды шығарғанша, барлық оқушыларға бір әзіл есеп:
Әзіл есеп: екі шаштараз
Таныс емес қалаға келген математик шашын алдырмақ болады. Қалада екі ғана шаштараз бар. Біріншісінің орны лас, ал шаштараздың шашы ұқыпсыз алынған. Екіншісінің орны тап-таза, өзі де мұнтаздай, шашы өте әдемі алынған. Аз ойланып, математик бірінші шаштаразға барады. Неліктен?
Жауабы: Қалада екі ғана шаштараз болғандықтан, олар бір-бірінің шашын алады. Демек, екіншісінің шашын бірінші шебер қиса — бірінші шаштараз мықты.
Қорытынды жарияланған соң, жарысқа қатысқан оқушылар марапатталады.