Түстер әлемі
Тренинг тақырыбы
«Жақсы көңіл-күй — жан азығы»
Мақсаты
Педагогтардың көңіл-күйін көтеру, өз-өзіне құрметпен қарауын қолдау және топпен бірлесе жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Кіріспе сөз
Психолог: «Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер! Сіздерді көргеніме қуаныштымын».
Эпиграф: «Біз қартайғандықтан ойын ойнауды тоқтатпаймыз; ойын ойнамағандықтан қартамыз»
— Бернард Шоу
Олай болса, «Жақсы көңіл-күй — жан азығы» атты тренингімізді бастайық.
Сабақтың өтілу барысы
-
1) «Менің есімім» жаттығуы
ТанысуҚатысушылар кезекпен өз есімін айтып, есімінің алғашқы әрпінен басталатын бір сөз қосады. Мысалы: «Сандуғаш — сәнді», «Әсел — әлем» және т.б.
-
2) «Біз ойлаған ертегі»
ШығармашылықМақсаты — қиялды ұштау және шығармашылық ойлауды дамыту. Тәрбиешілер екі топқа бөлінеді. Әр топқа қағаз, қайшы, желім, бояу сияқты құралдар таратылады.
Құралдарды пайдаланып, әр қатысушы өзіне ұнаған аң, құс, адам, ағаш және басқа да бейнелерді жасайды. Кейін екі топ жасаған бейнелеріне сүйене отырып ертегі құрастырады, рөлдерге бөлініп, сахналап көрсетеді. Соңында ертегіге атау беріледі.
-
3) «Өзіңді тереңірек таны»
Өзін-өзі тануСлайдтағы жеміс-жидектердің ішінен өзіңізге ең ұнайтынын таңдаңыз. Таңдау мінез ерекшеліктерін байқауға көмектеседі:
- Қарбыз
- Орнықты, сабырлы. Шиеленіс пен жанжалдан қашады, шағымдануға бейім емес. Тұрмыс пен көңіл-күйді өз күшімен жақсартуға ұмтылады. Отбасында үлгілі. Кейде табандылық жетіспеуі мүмкін.
- Жүзім
- Сыр сақтай біледі, сенімді. Алайда тұйықтық шектен асса, айналадағылар сенімсіздікпен қабылдауы ықтимал.
- Құлпынай
- Көңілді, қонақжай, адамдармен тез тіл табысады. Сыпайы, талғамы нәзік, тәуелсіз. Кейде қызғаныш байқалуы мүмкін.
- Шабдалы
- Ашық-жарқын, көпшіл, мәдениетті. Қиындықты ауыр қабылдауы мүмкін; кейде төзімі төмендеп, әлсіздік танытады.
- Алма
- Жігерлі, бірақ кей тұста дәстүрлі көзқарас басым. Жауапкершілігі жоғары, тапсырманы тиянақты орындауға тырысады. Аздап ақынжанды, өзіне сенімді.
- Шие
- Жұмсақ мінезді, кішіпейіл. Өзгеге жақсылық жасау үшін кейде өз мүддесін кейінге ысыруы мүмкін. Өсек-аяңға жақын емес, әзілді ұнатады. Сезімтал, ренжігіш болуы ықтимал.
- Қара өрік
- Сынға ауыр қарайды, пікірді тез қабылдай бермеуі мүмкін. Сондықтан жақын достық қарым-қатынас орнату кейде қиынға соғады.
-
4) «Түстер әлемі»
АссоциацияТөмендегі түстерді жүрегіңіздің қалауына қарай ретімен жазыңыз: қызыл, көк, сары, жасыл, ақ. Әр түстің мағынасы:
-
Қызыл: сіз жақсы көретін адам.
-
Көк: шынайы дос деп есептейтін адам.
-
Сары: ешқашан ұмытпайтын адам.
-
Жасыл: өміріңіздің соңына дейін қасыңызда болатын адам.
-
Ақ: жаныңызды түсінетін адам.
-
-
5) Релаксация жаттығуы
Тынығу«Бала мен алма ағашы» тақырыбындағы релаксациялық жаттығу.
-
6) Қорытынды
РефлексияНазар салып тыңдағандарыңызға көп рақмет. Тренингке қатысушыларға және келген қонақтарға раушан гүлдері табысталады.