Сабақ қорыту
Сабақтың тақырыбы
«Әжесі мен немересі. Не тәтті? Өзіндік жұмыс»
Сабақтың мақсаты
- Ана, ананың алақаны, анадан ыстық әрі артық адам жоқ екені туралы түсінік қалыптастыру.
- Шешендік сөздермен таныстыру, Жиренше шешен туралы мағлұмат беру.
- Оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын және ойлау қабілетін дамыту.
- Аналарға сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін ардақтау, мейірімділік пен сый-құрметке тәрбиелеу.
Сабақтың форматы
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Көрнекіліктер
Жиренше шешеннің суреті, сызбалар, иллюстрациялар, ребус
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, топтастыру, көрнекілік, «Бес жол өлең» әдісі
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
- Сынып тазалығына назар аудару.
- Сабаққа дайындықты тексеру, оқушылардың назарын сабаққа шоғырландыру.
II. Психологиялық дайындық
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір, таза көңілмен
бүгінгі сабақты бастайық.
III. Үй тапсырмасын сұрау
- Үйге берілген тапсырманы сұрау, пысықтау.
- Мәтінмен жұмыс: «Құттықтаймын, мама, туған күніңмен».
IV. Үй тапсырмасын бекіту
«Топтастыру» әдісі арқылы «Ана» ұғымын кеңейту:
АНА
V. Өткен материалды қайталау және білім тексеру
- Берілген сөздерді дұрыс айту (жуан/жіңішке дыбысталу) ережелерін еске түсіру.
- Мысалдар арқылы дыбыстық талдау жасату.
VI. Жаңа сабақ
Мұғалімнің сұрағы: «Балалар, ананың анасы кім болады?»
Оқушылар жауабы: әже.
Түсіндіру: нағашы әже — анаңның анасы, ал әкеңнің анасы — өз әжең. Екеуі де саған жақын.
Келесі сұрақ: «Сендер әжеге кім боласыңдар?» — немере.
Өлеңмен жұмыс: «Әжесі мен немересі» өлеңін оқу және талдау.
Сұрақ: Әже туралы қандай ой-пікір айта аламыз? Әже мен немеренің арасындағы байланыс нені білдіреді?
VII. Дәптермен жұмыс
Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық.
Түп-түзу боп отырып,
Көркем етіп жазайық.
- Айы мен күнін жазу.
- Ребус шешу: «Ана».
- Көркем жазу: Ана.
VIII. Оқулықпен жұмыс
Ғ. Мүсіреповтің «Ана» мәтінін оқу және талдау.
43-жаттығу
Мәнерлеп оқып, көшіріп жазу.
«Адамда не қасиет болса, бәрі күннің көзі мен ананың сүтінен алынған қасиет».
Сергіту сәті
Музыка әуенімен «Ана туралы» би қимылдарын орындау.
Көрнекілікпен жұмыс
- Билер мен шешендердің суреттерін көрсету.
- Сұрақ: «Суретте кімдер бейнеленген?»
- Жиренше шешеннің «Не тәтті?» мәтінін оқу.
- Екі баланың жауабын салыстыру: қайсысы түйінді ойды береді?
- Талқылау: «Осы сұраққа сен қалай жауап берер едің?»
Өзіндік жұмыс
№ 6 тапсырма.
IX. Сабақты қорытындылау
«Бес жол өлең» әдісі бойынша қорытынды жасау:
1) Кім?
Ана
2) Не істейді?
Жұбатады, еркелетеді.
3) Қандай?
Мейірімді, қамқор, ақылшы.
4) Сөйлем
Мен анамды жақсы көремін.
5) Мәндес сөз
Ақылшы
X. Үй тапсырмасы
Жиренше шешен туралы басқа да аңыздарды оқып, мазмұнын талдау.