Мектептің әдістемелік тақырыбы
Қазақ әдебиетінен күнтізбелік-сабақ жоспары
Бұл жоспар қазіргі сабақтың құзырлықты қалыптастыру мен дамытуға ықпал ететін орта екенін негізге ала отырып құрастырылды. Сабақ мазмұны оқушының ізденісін күшейтіп, ойлауын дамытып, сөйлеу мәдениетін жетілдіруге бағытталған.
Мектептің әдістемелік тақырыбы
Қазіргі сабақ – басты құзырлықтың қалыптасуы мен дамуына себеп болатын орта.
Әдістемелік бірлестік тақырыбы
Мектеп моделінің тақырыбына сай шығармашылығы дамыған және білім деңгейі жоғары жеке тұлғаны қалыптастыру.
Жеке әдістемелік тақырып
Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту.
Сабақ тақырыбы
Алдар көсе туралы аңыздар.
Сабақтың мақсаты
- Оқушылардың Қожанасыр мен Алдар көсе туралы бұрыннан білетін мәліметтерін кеңейту; ізденіс арқылы жаңа тақырыпты меңгерту.
- Оқушы бойында ізгі адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру; жақсы мен жаман қасиеттерді ажырата білуге, адалдық пен адамгершілікке тәрбиелеу.
- Өздік ізденісті және ойлау қабілетін дамыту; сөздік қорын молайту; сөйлеу мәдениетін жетілдіру; өз пікірін ашық әрі еркін жеткізуге жағдай жасау.
Сабақтың міндеттері
- Өз пікірін нақты әрі мәдениетті түрде жеткізе білуге үйрету.
- Шығармашылық жұмыстар арқылы дүниетанымын кеңейтуге мүмкіндік беру.
- Жеке, жұптық және топтық жұмысты тиімді ұйымдастыруға бағыттау.
Сабақ форматы
- Түрі
- Ізденіс, жаңа білім беру сабағы
- Типі
- Білімді жинақтау және жүйелеу сабағы
- Технологиясы
- СТО, саралап-деңгейлеп оқыту, интерактивті тәсілдер
Әдістер мен ресурстар
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс, деңгейлік тапсырмалар, топтық/жекелей/жұптық жұмыс, әңгімелеу.
Көрнекіліктер
Кітап көрмесі, суреттер, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс
Музыка, тарих.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу.
- Оқушыларды түгелдеу, сабаққа бейімдеу.
II. Өткенді қайталау
Балалар, әр халықтың өз ауыз әдебиеті болады. Қазақ халқының да бай ауыз әдебиеті бар.
Талқылауға сұрақ
Ауыз әдебиеті дегеніміз не?