Бүгінгі Жарысқа шық, жас ұлан

Іс-шараның мақсаты

Білімділік

Ұлттық ойындарды дене шынықтыру іс-әрекетінде кеңінен қолдану арқылы балалардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою, спорттық шеберлігін және мүмкіндіктерін арттыру.

Дамытушылық

Қазақ халқының ерлік-жауынгерлік тарихымен таныстырып, хан-батырлардың өнегелі өмірі арқылы ұрпаққа ерліктің өшпес үлгісін жеткізу; өз жерін, өз елін қорғай алатын, елжанды, ұлттық намысы жоғары, жігерлі бүлдіршіндерді тәрбиелеу.

Тәрбиелік

Жас ұрпақты білім деңгейін өздігінен көтеруге үйретіп, өзін-өзі тәрбиелеуге дағдыландыру.

Қажетті құралдар

Жарысты қауіпсіз әрі қызықты өткізу үшін төмендегі құралдар дайындалады.

Жеңіл режим • Ашық кеңістік
  • 1 Арқан
  • 2 Жылқы макеті
  • 3 Қамшы
  • 4 Шариктер
  • 5 Үлкен резеңке доптар
  • 6 Кәрзеңке (ұяшық)

Кіріспе сөз және ұйымдастыру

Тәрбиеші: Құрметті ұстаздар мен тәрбиешілер! «Жарысқа шық, жас ұлан!» атты спорттық ойындар сайысына қош келдіңіздер!

Топтар арасындағы жарысқа қатысушыларды ортаға шақырамыз. (Балалар «Қара жорға» әуенімен алаңға шығады.)

Бүгінгі сайысқа екі топ қатысады: «Тұлпар» және «Қыран». Жарыстың әділ бағасын беретін қазылар алқасын сайлаймыз. (Қазылар алқасы тәрбиешілер арасынан құрылады.)

Қазыларға арналған үндеу

Ал, құрметті халайық, жарысты енді көріңіз,

Әділ қазылар алқасы, әділ баға беріңіз.

Өнерге биік сеніңіз, думанға қызық келіңіз,

Ел сенген әділ қазылар, өнерге баға беріңіз.

Жарыс рухы

Міне, балалар алаңға шықты — жас спортшылар команда-команда болып сап түзеді. Ептілік, мықтылық, батылдық танытып, табандылық көрсетейік!

«Жеңіске жетеміз!» деп жалынды ұран тастап, сайысымызды бастаймыз.

Сайыс түрлері

  1. 1) Таныстыру

    Әр топ өз ұранын, мақсат-мұратын таныстырады.

  2. 2) Бәйге

    Жұптасып жарысу арқылы шапшаңдық пен үйлесімділікті сынау.

  3. 3) Арқан тартыс

    Бірлік пен күшті қажет ететін командалық ойын.

  4. 4) Шарикті ұяшыққа салу

    Нысанаға дәл тигізу және жылдамдық.

  5. 5) Кім шапшаң?

    Эстафеталық ойын: допты қысып ұстап, шеңберден өту.

  6. 6) Шегіртке

    Доп үстінде секіріп межеге жету арқылы ептілікті сынау.

Турлар мазмұны

I тур — Таныстыру

«Тұлпар» тобы

Қатар өскен құрдасқа,

Жарыс ұнап тұрмас па!

Қуып жету жақсы ғой,

Озып шығу — бір басқа.

«Қыран» тобы

Босқа қарап тұрмайық,

Бағымызды сынайық.

Намысты қолдан бермейік,

Жарыста озып шығайық.

II тур — Бәйге

Қашықтық: 3–4 м Аралық: 2 м

Әр топтың алдына 3–4 метр қашықтықта межелер белгіленеді. Екі топтың балалары 2 метр арақашықтық сақтап, сапқа тұрады. Ойын жұптасып ойналады: әр топқа бір ат макеті мен бір қамшы бекітіледі. Белгі бойынша әр топтан бір бала атқа «қонып», межеге дейін жарысады. Балалар аттың шабысына салып, шапшаң әрі тәртіппен қозғалады.

III тур — Арқан тартыс

Екі топ арқанның екі жағына орналасады. Белгі берілгенде, балалар бар күшін салып тартысады. Қай топ қарсыласын өз жағына көбірек тартып әкелсе, сол топ жеңіске жетеді.

IV тур — Шарикті ұяшыққа салу

Уақыт: 2 минут

Балалар кезекпен шариктерді кәрзеңкеге дәлдеп салады. Әр дәл түскен шарик — бір ұпай. Ойын уақытпен ойналады.

V тур — «Кім шапшаң?»

Ойыншы допты қолына қысып ұстап, шынтақтап қозғалып, шеңбердің ортасынан өтіп кері қайтады да, допты келесі ойыншыға береді. Эстафетаны бірінші болып аяқтаған топ жеңеді.

VI тур — «Шегіртке»

Әр топтан бір ойыншы доптың үстіне отырып, белгіленген межеге секіріп жетеді де, кері қайтады. Тапсырманы бірінші болып аяқтаған топ жеңіске жетеді.

Қорытынды

Тәрбиеші: Құрметті көрермендер, балалар! Біздің мақсатымыз — ата-бабадан қалған өнер мен өнегені бала санасына сіңіре отырып, ұлттық ойын арқылы әдептілікке, мейірімділікке, ізеттілікке, туыстық пен бауырмалдыққа тәрбиелеу; үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық секілді адамгершілік құндылықтарды ұғындыру және қалыптастыру.

Ұлттық ойындардың ғажабы — олар баланың жан сұлулығын да, тән сұлулығын да жан-жақты жетілдіруге бағытталған.

«Жарысқа шық, жас ұлан!» атты спорттық кешімізді қорытындылай отырып, әділ шешімді қазылар алқасынан күтеміз. (Қазылар алқасының шешімі тыңдалады.)

Осымен спорттық жарысымыз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет!