Логоритмикалық жаттығу

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қоршаған ортамен таныстыру

Лексикалық тақырып

Көліктер

Тақырыбы

Көше көліктері

Оқу саласы

Таным

Мақсаттары мен міндеттері

Негізгі мақсат

  • Балаларға көліктер туралы түсінік беру, түрлерін танып, дұрыс атауға үйрету.
  • Көліктердің нақты атқаратын қызметі туралы білімін кеңейту.
  • Көлік дыбыстарын дұрыс салуға дағдыландыру.

Түзете-дамыту мақсаты

  • Салыстырмалы түрде есте сақтау қабілетін дамыту.
  • Ойлау қабілетін дамыту.
  • Фонематикалық естіп қабылдауын жетілдіру.

Әдіс-тәсілдер

Көрсету Түсіндіру Әңгімелету Өлең жолын оқу

Көрнекіліктер

  • Ойыншық машиналар
  • Түрлі түсті текшелер
  • Картоннан қиылған көлік бейнелері

Сабақ барысы

1) Дайындық кезеңі

Тыныс алу жаттығулары

Таза ауаны мұрын арқылы терең дем алып, ауыз арқылы шығару.

Артикуляциялық жаттығулар

  • «Тәтті тосап»
  • «Шарбақ»
  • «Әткеншек»

2) Қызығушылықты ояту (сұрақ-жауап)

Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Күтілетін жауап: Көктем.

Көктем мезгілі неше айдан тұрады?

Көктемнің ерекшеліктері қандай?

Құстарға қалай қамқорлық жасаймыз? Ұяны қайда ілеміз?

Бүгін біз көліктер туралы әңгімелесеміз. Алыс жерлерге бару үшін біз нелерге мінеміз?

3) Жаңа тақырыпты түсіндіру

Педагог балаларға көше көліктерін көрсетіп, олардың қызметін түсіндіреді.

Жеңіл көлік

Адамдарды жақын және алыс жерлерге апарады.

  • Жақын жер: ауруханаға, дүкенге, туыстардың үйіне.
  • Алыс жер: қалаға, ауылға.

Жүк көлігі

Жүктерді тасымалдайды. Ауыр заттарды үлкен жүк машиналарымен алып жүреді.

Ұшақ

Көлік жетпейтін алыс аймақтарға әуеде ұшып барады.

4) Логоритмикалық жаттығу

Машина: «бип! бип!» — дейді,
«Жолдан былай кет!» — дейді.
Күшікті басуға болмайды,
Болмайды, машина!

5) Қорытындылау (кері байланыс)

Қандай көлік түрлерімен таныстық?

Біз қандай іс-әрекеттер орындадық?

Ненің суретін салдық?

Ескерту: Оқушылардың жауаптарын тыңдап, дұрыс жауаптарды толықтырып, мадақтау арқылы сабақ нәтижесін бекіту ұсынылады.