Саусақ икемділіктерін дамытуға арналған Мысық пен тышқан дидактикалық ойыны
Сабақ туралы қысқаша ақпарат
Білім беру саласы
Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет
Ағылшын тілі
Тақырып
Жаңа сөздер: I’m a…, Help me!
Сабақтың мақсаты
Жаңа лексика
- cat, mouse, cheese, milk
- Help me! сөз тіркесін үйрету
Бұрынғы дағдыларды бекіту
- Кейіпкерлерді ажырату және аттарын айту
- Сәлемдесу, өзін таныстыру: I’m…
- Ағылшын әліпбиіндегі алғашқы Aa әрпін бекіту
Дамытушылық және тәрбиелік
- Тыңдау және сөйлеу дағдыларын дамыту
- Сыпайы қарым-қатынас орнатуға, әдептілікке тәрбиелеу
Көрнекі құралдар
- Мысық, тышқан және Foxy кейіпкерлері (жанұясы) бейнеленген карточкалар
- Түрлі түсті қарындаштар
- CD диск (аудиожаттығулар)
Билингвальді компонент
Сабақ барысы
1) Мотивациялық-қозғаушылық кезең
Педагог балалармен амандасады: “Hello, children!”
Алдыңғы сабақтан таныс “Sit down, please” әнін айтуды ұсынады, содан кейін балаларды орындарына отыруға шақырады.
Балалардың әрекеті
- Шеңберге тұрып, педагогпен амандасады.
- Өзін таныстырады: “I’m …”
- Әнді бірге орындайды.
2) Ұйымдастырушылық-ізденістік кезең
Бүгін Foxy-дің достары қонаққа келеді. Олармен танысып, бірге ойнап, жаңа сөздерді үйренеміз.
1-тапсырма: Аудиожаттығу (Track 4)
Мәтін
- Cat: Hello, I am a cat.
- Mouse: Hello, I am a mouse.
Ән
Hello, I am a cat. Mew-mew-mew.
Hello, I am a mouse. Peep-peep-peep.
Педагог балалардың саусақтарына кейіпкерлердің саусаққуыршақтарын кигізіп, олардың атынан мысықпен және тышқанмен амандасуды ұсынады.
2-тапсырма: Кейіпкерлер атынан амандасу
Балалар суретте көрсетілген кейіпкерлердің атынан амандасып, өздерін таныстырады.
Сергіту сәті: Foxy-мен бірге қимылдайық
Foxy шапалақтайды
Clap! Clap! Clap!
Foxy аяғын топылдатады
Stamp! Stamp! Stamp!
Foxy секіреді
Hop! Hop! Hop!
Foxy жүреді
Step! Step! Step!
Балалар педагогтің соңынан қимыл-қозғалыстарды қайталайды.
3-тапсырма: Әріпті табайық (Aa)
Мысық пен тышқан тапсырманы орындай алмай отыр: олар үйренген әріпті таба алмай әлек. Балаларға көмектесу ұсынылады — әріпті атап, тауып, қоршап сызыңдар.
Балалардың әрекеті: таныс әріпті табады, атайды және қоршап сызады.
4-тапсырма: Дидактикалық ойын және жаңа сөздер
Педагог саусақ икемділігін дамытуға арналған «Мысық пен тышқан» дидактикалық ойынын түсіндіреді.
Негізгі тіркес
Балалар “Help me!” тіркесін қайталайды, педагог мағынасын түсіндіреді.
Жаңа сөздер
Жұмыс дәптері (5-бет)
Педагог суретке қарап, cheese сөзін еске түсіреді. Балалар ірімшіктің тесіктерін нүктелер бойынша қарындашпен бастырып сызып, келесі ірімшікке де дәл сондай тесіктерді салады.
Лабиринт жұмысы
- Мысыққа тышқанға дейін жүгіріп баруға көмектесу
- Тышқанға мысықтан қашып құтылуға көмектесу
- Мысыққа milk-ке дейін жетуге көмектесу
- Тышқанға cheese-ке дейін жетуге көмектесу
Балалар тапсырмаларды орындайды және жаңа сөздерді қайталайды: cheese, milk.
Рефлексиялық-түзетушілік кезең
Педагогтің қорытынды сұрақтары
- Бүгін қандай кейіпкерлермен таныстық?
- Мысық пен тышқанның сүйікті тағамдары қандай?
- Ағылшын тілінде көмекті қалай сұраймыз?
Балалардың жауаптары
- Кейіпкерлерді ағылшын тілінде атайды: cat, mouse.
- Сүйікті тағамдарын еске түсіреді: milk, cheese.
- Көмек сұрағанда: “Help me!” дейді.
- Кейіпкерлермен қоштасады.
Мұғалім мысық пен тышқанға сабаққа келгені үшін алғыс айтып, оқу іс-әрекетін аяқтайды.
Күтілетін нәтиже
Орындайды
Жаңа лексикалық бірліктерді қолданады: cat, mouse, cheese, milk, Help me!
Түсінеді
Көмек қажет болған жағдайда ағылшын тілінде қалай айту керектігін түсінеді: “Help me!”
Қолданады
Басқа адамдардан көмек сұрау кезінде жаңа сөздер мен сөйлемдерді күнделікті жағдайда қолдана алады.