Ініңнің аты кім
Сыныптан тыс шара
Тақырып: Біз — білімді ұрпақпыз
Мақсаты: оқушылардың әр пән бойынша алған білімдерін бекіту, топтық сайыс ұйымдастыру, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа және жинақылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ойын кезеңдері жазылған плакаттар.
Жүру барысы
Жүргізуші:
Ал, келіңдер, келіңдер!
Біріңе-бірің еріңдер!
Біліміңді тексеріп,
Жарысқа қатысып көріңдер!
Мұғалім:
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар ма?
Бұл бәйге — ойдың бәйгесі,
Кім ұшқыр ойға — сол алда.
Бүгінгі сайысымызды бастайтын уақыт келді.
Балалар, бүгін бізде қонақтар отыр. Халқымыздың қонақжай екенін білесіңдер: келген қонақты қалай қарсы аламыз?
Қонақтарды жақсы дайындықпен, білімімізбен қарсы алайық.
Қазылар алқасын сайлау
Құрметті қонақтар, бүгінгі сайысты «Білімді ұрпақ — еліміздің болашағы» тақырыбымен 4 «А» сыныбының оқушылары ұйымдастырып отыр.
Топқа бөлу
1-топ
Құлагер
2-топ
Тайбурыл
1-кезең. Сәлемдесу
Құлагер:
Құлагердей халық сүйген,
Шаршамастан шабамыз.
Қиналмай-ақ сұрақтардың
Жауабын біз табамыз.
Тайбурыл:
Тайбурылды серік етсе,
Қобыланды сынды бабамыз.
Қиын сұрақты шешкен сайын,
Арта түспек бағамыз.
Сұрақ деген не тәйірі?
Шемішкеше шағамыз!
2-кезең. Ой ұшқырлығын байқаймыз
Әр дұрыс жауап: 10 ұпай
- 1. Абай Құнанбаев кім?
- 2. Қабанбай батырдың шын аты кім? Ерасыл
- 3. Қазақтың тұңғыш ұшқыш-ғарышкері кім? Тоқтар Әубәкіров
- 4. Исатайдың жан серігі кім? Махамбет
- 5. Тірі табиғатқа не жатады? Өсімдік, адам, жануарлар
- 6. Жүрек қандай қызмет атқарады? Қан айналымын қамтамасыз етеді
- 7. Түйеқұс екі аяғымен тұрғанда 15 кг тартса, бір аяғымен тұрғанда қанша тартады? 15 кг
- 8. Ұшақ Алматыдан Семейге дейін 1 сағ 40 мин ұшады, ал кері қайтқанда 100 мин ұшады. Айырмашылығы бар ма? Жоқ (100 мин = 1 сағ 40 мин)
- 9. Екі қарға: бірі оңтүстікке, бірі солтүстікке қарап отыр. Екеуі бір-біріне «мен сені көріп тұрмын» дейді. Қалайша? Екеуі бір-біріне қарама-қарсы отыр
- 10. Ілік септіктің сұрақтарын ата: кімнің? ненің?
3-кезең. «Жеті жұрттың тілін біл» (Полиглот)
Толық дұрыс: 20 ұпай · Біреуі дұрыс: 10 ұпай
Бұл бөлімде қазақша, орысша, ағылшынша дұрыс айту және қатесіз жазу дағдылары тексеріледі.
| № | Сұрақ / Жұмбақ | Қазақша | Орысша | Ағылшынша |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі | көктем | весна | spring |
| 2 | Мұрты бар, иегінде сақалы жоқ... | мысық | кот | cat |
| 3 | Жүз теңгең болғанша, жүз ... болсын | дос | друг | friend |
| 4 | Тықырлатып тақтайды, түні бойы жатпайды | тышқан | мышь | |
| 5 | Футболшының алаңдағы ойын заты | доп | мяч | ball |
| 6 | Қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама | кітап | книга | book |
| 7 | Жеті қазынаның бірі: адамды қорғап жүретін досы | ит | собака | dog |
| 8 | Қыста ұйықтап жатады, жазда қызыққа батады | аю | медведь | |
| 9 | Бір үйге көзсіз боп басты сұғасың, бұл үйден көреген боп шығасың | мектеп | школа | |
| 10 | Әр адамның шағын Отаны | отбасы | семья | family |
4-кезең. «Қызықты жетілік»
Бұл кезеңде әр топ өздері таңдаған сұрақтарға жауап береді. Ұпай саны сұрақтың күрделілігіне байланысты: 20 / 30 / 40.
20 ұпай
- Қазақ тілі: сөз таптарын ата.
- Елтаңбаның авторлары кім? Шот-Аман Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков
- Математика: геометриялық фигуралардың периметрін қалай табамыз?
30 ұпай
- Ана тілі: төмендегі шумақтың авторы кім?
- Неше материк бар? Картадан көрсет.
- Неше мұхит бар? Картадан көрсет.
40 ұпай
- Қашықтықты қалай табамыз?
- 8-дің көбейту кестесін айтып шық.
- Отан деген не? Менің жерім, елім
Ана тілі (30 ұпай) — шумақ:
Балалар, бұл — жол басы даналыққа,
Келіңдер, түсіп келіп, байқалық та.
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,
Соларды көре тұра қалайық па?
Жауабы: А. Байтұрсынұлы
5-кезең. «Кім жылдам?»
Топтар қысқа сұрақтарға шапшаң жауап береді.
1-топ
- Ертегі оқисың ба?
- Тәтті берсе жейсің бе?
- Анаңа еркелейсің бе?
- Сөмкеңде не бар?
- Досың кім?
- Аспанда не бар?
- Қандай сыйлық алғанды ұнатасың?
- Қандай тілек айтасың?
2-топ
- Жасың нешеде?
- Қалтаңда не бар?
- Қандай кітап оқисың?
- Алма берсе жейсің бе?
- Нені жақсы көресің?
- Ініңнің аты кім?
- Кеше не істедің?
- Кімге сәлем жолдайсың?
6-кезең. «Біліміңді мықта»
Шабыт тасып шалқысын,
Көңілді кеш жасайық.
Мұнда қызық көп болар,
Жұмбақ, есеп — бәрі бар.
Білімдеріңді сынайық!
Сұрақтарға қателеспей, мұқият ойланып жауап беріңдер.
- Бір қазақ қалаға бара жатыр еді, жолда үш танысы қарсы шықты. Қанша адам қалаға барды? Жауабы: 1 адам
- Төрт жұмыртқа төрт минутта піседі. Ал екі жұмыртқа неше минутта піседі? Жауабы: 4 минут
- Үйдің төрт бұрышында төрт мысық отыр. Әр мысықтың алдында үш мысық отыр. Үйде неше мысық отыр? Жауабы: 4 мысық
- Тауық бір аяқпен тұрғанда 5 кг болса, екі аяқпен тұрғанда неше кг болады? Жауабы: 5 кг
7-кезең. «Сен білесің бе?» (Екі капитан жарысы)
- 1. «Кел, балалар, оқылық» өлеңінің авторы кім? Ыбырай Алтынсарин
- 2. Қазақстанның тұңғыш Президенті кім?
- 3. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- 4. Қос бүйірін таянып тұрған қай әріп?
- 5. Аптаның бесінші күні қалай аталады?
- 6. Адам немен тыныс алады?
- 7. Жылдам құрлықтағы жануар?
- 8. Ұя салмайтын құс?
- 9. Көру мүшесі?
- 10. 9 мамыр — қай күн?
8-кезең. «Ойлан да, аяқта»
Ойланбастан басқасын
Жазып қойма бұл жерге.
Керек сөзді таңдап жаз,
Уақыт берем сендерге.
- Отан — оттан да ыстық.
- Айтылған сөз — атылған оқ.
- Көз қорқақ, қол батыр.
- Ашу — дұшпан, ақыл — дос.
- Денсаулық — зор байлық.
- Күш — білімде, білім — кітапта.
Қорытынды
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты?
Білім мен тапқырлықтың жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты!
Сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз. Қорытындылау, бағалау жүргізіледі.