АБАЙ ЖОЛЫ - ӨМІР ЖОЛЫ
Сабақ туралы мәлімет
Сабақтың тақырыбы
М. Әуезов — «Ақын қонақтар»
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері
- Оқып беру
- Сұрақ-жауап
- Талдау (анализ)
- Жинақтау (синтез)
- Шығармашылық ізденіс
Сабақтың жабдықтары
М. Әуезов пен А. Құнанбаевтың портреттері, иллюстрациялар, кітап көрмесі.
Пәнаралық байланыс
Қазақ тілі, тарих, география, бейнелеу өнері, ән-күй.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Қазақтың ұлы тұлғалары — М. Әуезов пен А. Құнанбаев туралы білімді толықтыру; олардың ақындық-жазушылық талантын шәкірт жүрегіне ұялату; поэзия әлеміне және жалпы сөз өнеріне сүйіспеншілікті, қызығушылықты қалыптастыру.
Дамытушылық
Көркем мәтінді оқып, талдай білуге; портрет арқылы образды ашуға; сөздік қорды молайтуға; рухани танымды кеңейтуге үйрету.
Тәрбиелік
Қазақ халқының талантты ақын-жазушыларына, олардың шығармаларына, ұлттық әдебиетке және туған елге сүйіспеншілік сезімін ояту; адамгершілікке, салт-дәстүрді қастерлеуге тәрбиелеу.
Тәрбиелік өзек
«Анадан — ниет, атадан — тәртіп»
Сабақтың барысы
Кезеңдер
- 1 Ұйымдастыру кезеңі
- 2 Үй тапсырмасын сұрау
- 3 Жаңа сабақ
- 4 Сабақты қорытындылау
Үй тапсырмасын тексеруге арналған сұрақтар
- М. Әуезов қай жылы, қай жерде дүниеге келді?
- Қандай шығармаларын білесің?
- «Абай жолы» роман-эпопеясы неше томнан тұрады?
- Роман дегеніміз не?
- Эпопея дегеніміз не?
- «Абай жолы» туралы айтылған пікірлерді ата.
М. Әуезов пен «Абай жолы» туралы пікірлер
«Даңқы өлмес, даусы сөнбес Мұхтар Әуезов — ақын. Ол өз даласы мен тауларын, адамдарын үлкен эпик ақынша асқан суреткерлікпен бейнеледі. Әуезовтей кісі жырлаған халық шынымен бақытты ғой».
«Өзге елге сапарға шығып, өзге жұрттың табалдырығын аттасам, әрқашан қасиет тұтып, өзіммен бірге алып жүретін екі түрлі ұлттық асылым бар: бірі — “Манас”, бірі — Мұхтар Әуезовтің “Абай жолы”».
«Шынында, қазақтар неткен ғажайып халық! Осы кереметтік “Абай” романында қандай тамаша суреттелген! Бақытты халыққа мен шынайы көңіліммен қызығамын...».
Негізгі сұрақ
Мұхтар Әуезовтің ең танымал шығармасы — «Абай жолы» роман-эпопеясы. Бұл туындының көркемдік қуаты мен тарихи салмағы қазақ әдебиетін әлемдік деңгейге көтерген құбылыс ретінде бағаланады.
Жаңа сабақ: «Ақын қонақтар»
Талдау бағыттары
- 1 Шығарманың тақырыбы, жанрлық сипаты, кейіпкерлерге мінездеме.
- 2 Композициялық жоспар.
- 3 Идеясы, поэтикалық тілі, әдет-ғұрып көріністері.
Анықтама: портрет
Портрет — көркем әдебиетте адамның сырт бітімін, кескін-кейпін, жүріс-тұрысын суреттеу.
Ой қозғау
Абайдың сырт келбеті мен мінез-құлқын суреттейтін жолдарды табыңдар; оның ақын қонақтарға ықыласын айқындайтын тұстарға назар аударыңдар.
Мәтінмен жұмыс: «Бала Абай»
Абайдың әжесі Зере — көпті көрген, мол тәжірибелі адам. Анасы Ұлжан — әңгімешіл, жыр-дастанға жақын, сөз қадірін білетін жан. Әңгіме барысында Абайдың өнерге, өлеңге құштарлығы, келген ақын қонақтарға ерекше ықыласы айқындалады.
Ізденген жетер мұратқа. Осы идеяны мәтіннен дәлелдермен негіздеңдер.
Тереңдетілген сұрақтар
- 1.Абайдың жасы нешеде? Сырт келбетінде қандай ерекшелік бар?
- 2.Өңі не себепті бозғылт суреттеледі?
- 3.Мінезінде өзгеріс байқала ма?
- 4.Әжесі қандай ертегілерді айтып береді?
- 5.Зере қандай адам ретінде көрінеді?
- 6.Ұлжанның бойындағы қандай қасиеттер көрінеді?
- 7.Ауылға келген қонақтар қандай адамдар?
- 8.Абайға домбыраны сыйға тартқан кім?
- 9.Абайдың ауруынан айығуына не себеп болады?
- 10.Сый беру сәтіндегі ана мен бала үндестігі қалай байқалады?
Абай туралы қысқаша деректер
Тұлғалық қырлары
- Араб, парсы, түрік, орыс тілдерін өз бетінше меңгерген.
- Әкесі оны 13 жасынан бастап ел ісіне араластырған.
- Ұлы ақын, ойшыл, дана, аудармашы, сазгер, қарасөз шебері.
- 1880 жылдан бастап ақындыққа біржола бет бұрған.
Білім алған орталар
- Құнанбай салдырған мектеп (бастауыш білім).
- Ахмет-Риза медресесі.
- «Приходская школа».
- Шығыс классиктерін өз бетінше оқу.
Ақын нәр алған арналар
- 1.Әжесі Зере мен анасы Ұлжан айтқан ертегілер, қисса-дастандар.
- 2.Құнанбай салдырған мектептегі алғашқы білім.
- 3.Ахмет-Риза медресесі.
- 4.«Приходская школа».
- 5.Шығыс классик ақындарының шығармаларын өздігінен меңгеру.
Кейіпкерлер сөзі: үзінділер
| № | Кейіпкер | Үзінді |
|---|---|---|
| 1 | Зере | «Е-е, бұлдыр-бұлдыр күн өткен...» |
| 2 | Ұлжан | «Ал, балам, әңгіме-жырдың дүкені жаңа келді...» |
| 3 | Абай | «Шешенің судай төгілген, тыңдаушың бордай егілген...» |
| 4 | Барлас | «Жақсы қып тұрып сый беріп аттандыршы...» |
| 5 | Байкөкше | «Шырағым, ер жетерсің...» |
| 6 | Ұлжан | «Келген сапарларыңа азырақ ырым байлаттым...» |
Сабақты қорытындылау
Қорытынды сұрақтар
- Қандай салт-дәстүрлерді білесіңдер?
- Абайдың қандай шығармаларын атай аласың?
- Абай мен Мұқағали шығармашылығында үндестік бар ма?
- Абай нәр алған рухани арналарды ата.
Негізгі ой
«Абай жолы» — өмір жолы. Абай өсиеті адамдық биікке шақырады:
«Атаның ұлы болмай, адамның ұлы бол!»
Абай
Үй тапсырмасы
1-тапсырма
«Ақын қонақтар» әңгімесіндегі Барлас пен Байкөкшеге мінездеме жазу.
2-тапсырма
«Абай — дана, Абай — дара қазақта» тақырыбында шығарма жазу.