КОМ бұрышын табыңдар
Сабақ тақырыбы
Жарты жазықтық, сәуле және бұрыш.
Сабақ түрі
Бекіту сабағы
Әдіс-тәсіл
Есептер шығару, сұрақ-жауап
Көрнекілік
Сызбалар
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушылардың осы тақырып бойынша алған білім-біліктерін есептер шығару барысында қолдана білуі.
Дамытушылық
Оқушылардың белсенділігін арттыру, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік
Ойды тұжырымдап, шапшаң әрі жинақы жеткізе білуге үйрету, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру
Сыныптың дайындығын тексеру, сабақтың жұмыс ырғағын белгілеу.
2) Үй тапсырмасын тексеру (өткен тақырыпқа шолу)
- Сәуле (немесе жарты түзу) дегеніміз не?
- Сәулелер қалай белгіленеді?
- Бұрыш деп қандай фигураны айтады?
- Бұрыш қалай белгіленеді?
- Жарты жазықтық деген не?
3) Сабақтың мақсатын хабарлау
Бүгінгі сабақта сәуле, жарты жазықтық және бұрыш ұғымдарын есептер арқылы бекітеміз.
4) Есептер шығару
Оқулық: Ә. Н. Шыныбеков. Жұмыс форматы: жеке және тақтамен жұмыс.
№26 (21-бет)
Оқушылар өздігінен орындайды
Жазыңқы емес AOB бұрышын салыңдар:
- Бұрышты екі бөлікке бөлетіндей OC сәулесін жүргізіңдер.
- AOB бұрышын екі бөлікке бөлмейтін OD сәулесін жүргізіңдер.
Шешуі
A — C — O — B — D
№27
Екі түзу қиылысқанда неше жазыңқы емес бұрыш пайда болады?
Шешуі
a ∩ b болғанда, 4 жазыңқы емес бұрыш пайда болады.
№28
Тақтамен жұмыс
Шамалары 135′ және 500′ болатын бұрыштардың градустық өлшемдерін табыңдар.
Шешуі
- 1° = 60′
- 135′ = 2° 15′
- 500′ = 8° 20′
№29
Шамалары 6° 15′, 2°, 11,5° болатын бұрыштарды минутпен өрнектеңдер.
Шешуі
- 1° = 60′
- 6° 15′ = 375′
- 2° = 120′
- 11,5° = 690′
№30 — Амалды орындаңдар
1)
5° 48′ + 7° 35′ = 13° 23′
2)
32° 17′ − 8° 45′ = 23° 32′
№31 (21-бет, 21-сурет)
Жеке жұмыс
Бастапқы O нүктесі ортақ болатын сәулелер берілген.
- AOX, BOX, AOB, COB, DOX бұрыштарының градустық өлшемдерін табыңдар.
- 20°-қа тең бұрыштарды атаңдар.
- Тең бұрыштарды атаңдар.
- Қабырғасы OA болатын барлық бұрыштарды атап, олардың градустық өлшемдерін табыңдар.
Шешуі
AOX = 40°
AOB = 20°
COB = 20°
DOX = 130°
20°-қа тең бұрыштар: AOB, COB
Тең бұрыштар: AOB = COB
Қабырғасы OA болатын бұрыштар
- AOX = 40°
- AOB = 20°
- AOC = 40°
- AOD = 90°
- AOZ = 140°
№32
a сәулесі (cd) бұрышының қабырғаларының арасынан өтеді. Егер (ac) = 35° және (ad) = 75° болса, онда (cd) мәнін табыңдар.
Шешуі
(cd) = (ac) + (ad) = 35° + 75° = 110°
Жауабы: (cd) = 110°
№36
AOB = 90°, AOK = 40°, MOB = 30° болатындай етіп, AOB бұрышын және оның ішкі OK, OM сәулелерін салыңдар. KOM бұрышын табыңдар.
Шешуі
KOM = AOB − (AOK + MOB) = 90° − (40° + 30°) = 20°
Жауабы: KOM = 20°
Қорытынды сұрақтар
- Жазықтықты екі жарты жазықтыққа бөлудің қандай қасиеттері бар?
- Жазықтықтағы нүктелердің түзуге қатысты орналасуының негізгі қасиеттерін тұжырымдаңдар.
- «Сәуле бұрыш қабырғаларының арасынан өтеді» деген сөйлемді қалай түсінесіңдер?
Үй тапсырмасы
№24, №25, №32(3). Ә. Н. Шыныбеков, 20-бет.
Бағалау
Оқушылардың белсенділігі, есептерді орындау дәлдігі және жауаптарды негіздеуіне қарай бағаланады.