Білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру
Сабақ тақырыбы: Аминдер. Амин қышқылдары
Талдықорған қаласы, Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі. Химия және биология пәнінің оқытушысы — Ахметова Жаннэль Абилдақызы.
Білімділік
Білім алушыларға аминдер мен амин қышқылдары, олардың түрлері, алыну әдістері, химиялық қасиеттері және маңызы туралы кең мағлұмат беру.
Дамытушылық
Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру; аминдер, амин қышқылдары, нәруыздар туралы білімді тереңдете отырып, іскерлік дағдыларды дамыту және өздігінен жұмыс істеуге ынталандыру.
Тәрбиелік
Ізденімпаздыққа, шығармашылыққа, еңбекқорлыққа баулу; білімді өзара тексеріп бағалауға және адамгершілікке негізделген ұжымдық қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.
Сабақ форматы мен әдістемесі
- Сабақтың түрі
- Аралас сабақ
- Әдістер
- Сатылай кешенді талдау технологиясы; «Ойланудың алты қалпағы» әдісі; ойын элементтері.
- Пәнаралық байланыс
- Биология
- Көрнекі құралдар
- Интербелсенді тақта; Д. И. Менделеевтің периодтық кестесі.
Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар
- Мыс(II) сульфаты
- Азот қышқылы
- Натрий гидроксиді
- Сүт, ет, жұмыртқа
- Су
- Сынауықтар
- Спирт шамы
Сабақты жүргізу кезеңдері
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Білім алушылармен сәлемдесу.
- Білім алушыларды түгендеу.
- Сабаққа дайындығын тексеру.
- Назарын сабаққа аудару (ой ашар).
II. Үй тапсырмасын сұрау (тексеру)
1-тапсырма: «Іздеген жете мұратқа»
Флипчартта «Көмірсулар» тақырыбы бойынша тапсырмалар беріледі. Білім алушылар көмірсулардың қай түріне жататынын анықтайды.
2-тапсырма
Интербелсенді тақтада берілген көмірсуларды өзіне сәйкес суреттермен сәйкестендіріп, орнына қояды.
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Қарастырылатын бағыттар
- Алынуы
- Физикалық қасиеттері
- Химиялық қасиеттері
- Қосылыстары
- Биологиялық рөлі
- Қолданылуы
Аминдер ұғымы
Аминдер — молекуласындағы бір немесе бірнеше сутек атомы көмірсутек радикалымен алмасқан аммиактың туындылары.
Алу жолдары
1. Аминдерді нитроқосылыстарды катализатор (Pt, Pd, Ni) қатысында тотықсыздандыру арқылы алады.
Физикалық қасиеттері
Аминдердің жеңіл өкілдері — газ тәрізді, аммиакқа ұқсас иісі бар заттар. Олар суда жақсы ериді.
Молекулалық массасы жоғары аминдер сұйық немесе қатты күйде болады. Молекулалық масса артқан сайын, суда ерігіштігі төмендейді.