Меңгерген тілі

Пән: Қазақ әдебиеті Сынып: 8 Сабақ тақырыбы: Махмұт Қашқари Өлең: «Қордайдағы аққу-қазы қаңқылдайды»

Сабақтың мақсаттары

  • Тақырып бойынша түсінік қалыптастыру.
  • Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету.
  • Үлкенді сыйлау мен құрметтеуге баулу.

Күтілетін нәтижелер

Білім және түсіну

Өлеңнің ерекшеліктерін меңгереді, мазмұнын тұжырымдап, қорытынды шығара алады.

Ынтымақтастық

Топтық жұмыс арқылы келісімге келіп, бірлесіп әрекет ету дағдыларын дамытады.

Қолданылатын модульдер

АКТ Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету Оқытуды басқару және көшбасшылық

Бағалау

Оқушылар критерий арқылы бағаланады. Қалыптастырушы бағалау топтық жауаптар мен тапсырма нәтижесіне сүйенеді.

Ұпайлық белгілеу (жемістер)

  • Жүзім — 1 балл
  • Өрік — 2 балл
  • Алма — 3 балл

Ресурстар

  • Флипчарт, маркерлер, стикерлер
  • Портреттер, тақта
  • Ноутбук, слайд-презентация
  • A1 форматтағы қағаз, постерлер

Сабақтың әдіс-тәсілдері

Ұйымдастыру

«Шаттық шеңбер»

Қызығушылық ояту

«Веер» әдісі

Түсіну

«Ыстық орындық»

Қолдану

«Фишбоун»

Талдау

«Кім жылдам»

Жинақтау

«Ойлан, тап»

Сабақ барысы (қысқаша жоспар)

1) Ұйымдастыру кезеңі

2 минут

«Шаттық шеңбер» арқылы оқушылардың назарын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарды даярлату, топ ережесін еске түсіру.

1-топ

«Бір-бірлеп мың болар, тама-тама көл болар.»

2-топ

«Тозған қорамсақтан тұқыл жебе шығар.»

3-топ

«Атасының ұлы атасына тартып туады.»

Топқа бөлу: мақал-мәтел ұйқасы мен мағынасына қарай топтасу; әр топта 6 оқушыдан.

2) Қызығушылықты ояту

7 минут

«Веер» әдісі: оқушылар өткен тақырыптар бойынша сұрақ жазып, келесі топқа береді; жауапты келесі топ жазады. Дұрыс жауаптар критерий бойынша бағаланады.

Ашық сұрақтар

  1. Ата-ана баладан нені күтеді?
  2. Олардың үмітін ақтау үшін сенің жасыңдағы балалар не істей алады?
  3. Рабғузидің қай қиссалары осы оймен үндес? Неліктен?
  4. Бүгінгі тақырыпқа байланысты өз өміріңнен қандай мысал келтіре аласың?

2-тапсырма: менталдық карта

Ассоциация тәсілімен «Қанағат», «Тәртіп», «Адалдық пен арамдық» ұғымдарын толықтыру.

3) Түсіну

10 минут

Өткен тақырып пен жаңа сабақтың байланысын ашу. «Ыстық орындық» әдісі арқылы әр топтан бір оқушы шығып, түсінгенін баяндайды; басқа топтар сұрақ қояды. Мұғалім бағыт-бағдар береді.

Тақырыптық мазмұн: Махмұт Қашқари туралы

Ортағасырлық Шығыстың аса ірі ойшылдары қатарында Жүсіп Баласағұн мен Махмұт Қашқари ерекше аталады. Екеуі де түркі текті ғұламалар ретінде түркі халықтарының тарихын, мәдениетін, тілін, салт-дәстүрін зерттеуге баға жетпес үлес қосты.

Махмұт Қашқари — XI ғасырда өмір сүрген түркі ғалымы, әйгілі «Диуани лұғат ат-түрк» еңбегінің авторы. Толық аты-жөні — Махмұт ибн әл-Хұсейн ибн Мұхаммед. Туған жері — қазіргі Қырғызстан аумағындағы Ыстықкөл жағасындағы Барысхан қаласы.

Әкесі — Барысханның әмірі болған белгілі қолбасшы. Кейін Қарахан әулеті билеген мемлекеттің маңызды мәдени-саяси орталығы Қашқарға қоныс аударған. Махмұт осы қалада білім алып, ұзақ жылдар тұрған.

Ғалымның туған және қайтыс болған жылдары нақты белгісіз. Дегенмен ол өз дәуірінің білімдар филологы, тарихшысы, этнографы, географы ретінде танылады. Қашқари — түркінің тұңғыш тіл мамандарының бірі: түркі тілдерінің оқулығын жасап, грамматикалық жүйесін түзген ғұлама.

Сөздіктің әдебиет үшін құндылығы — онда ортағасырлық түркілердің көптеген өлең-жырлары мен мақал-мәтелдері жинақталған. Мақал-мәтелдер тақырыптары: ақыл-кеңес, өнер-білім, Отан мен туған жер, адами қасиеттер, табиғат заңы, қонақжайлылық, қателесу, жазықсыз жапа шегу және т.б.

Нақты деректер

  • Туған жері: Барысхан қаласы
  • Еңбегі: «Түркі сөздерінің жинағы» («Диуани лұғат ат-түрк»)
  • Меңгерген тілдері: түркі, араб, парсы

Білім алған қалалары

Қашқар, Бұхара, Нишапур, Бағдат.

Бүгінгі сабақта «Қордайдағы аққу-қазы қаңқылдайды» өлеңін мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіреміз.

4) Қолдану

5 минут

«Фишбоун» әдісі: мақал-мәтелдер берілген парақтар арқылы топтар мәтіннің мағынасын ашып, дәлелдер мен қорытындыны жүйелейді. Әр топтан бір оқушы оқып, таныстырады.

Топтық зерттеу тақырыптары

  • 1-топ: «Бір-бірлеп мың болар, тама-тама көл болар.»
  • 2-топ: «Тозған қорамсақтан тұқыл жебе шығар.»
  • 3-топ: «Атасының ұлы атасына тартып туады.»

Бағалау: әр дұрыс жауап — 1 ұпай; мазмұнын толық ашса — 2 балл, жартылай ашса — 1 балл.

Сергіту сәті

1 минут

Қазақ тіліне қатысты септік жалғауларын қайталап, қысқа қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындау.

5) Талдау

10 минут

«Кім жылдам» әдісі: өлеңді мәнерлеп оқу бойынша жарыс ұйымдастыру. Оқу сапасына қарай қалыптастырушы бағалау жүргізу.

6) Жинақтау

10 минут

«Ойлан, тап» әдісі: «Қордайдағы аққу-қазы қаңқылдайды» өлеңіне сатылай кешенді талдау жасау.

Сатылай кешенді талдау

  1. Авторы: Махмұт Қашқари
  2. Тақырыбы: түркі өлеңіндегі табиғат көрінісі
  3. Жанры: поэзия, өлең (аударма)
  4. Идеясы: жаз мезгілінің әсемдігін таныту
  5. Тармақ саны: 10
  6. Бунақ: 2–3
  7. Буын: 11–12
  8. Ұйқас түрі: аралас ұйқас (а-а-б-б-в-г)
  9. Әдеби-теориялық ұғымдар: алмастыру (мысал тіркестер: «төске алып тау самалын», «нұр шашылды», «сұлулық қаймағы көшті тартты», «жердің қаймағы»).
  10. Тәрбиелік мәні: жас ұрпақты сұлулықты түсінуге, табиғат әсемдігін сезіне білуге тәрбиелейді.

7) Бағалау

2 минут

Мадақтау және ынталандыру арқылы қорытынды баға шығару. Оқушылар өзін-өзі және топтық бағалау парағын толтырады.

8) Үй тапсырмасы

1 минут

«М. Қашқаридан қалған мұра» тақырыбында ойтолғау жазу.

9) Рефлексия

2 минут

Стикер арқылы сабақ бойынша кері байланыс беру:

  • Бүгін мен не үйрендім?
  • Сабақтан алған әсерім қандай?
  • Бүгінгі көңіл күйім қандай?

Негізгі идея

Бұл сабақ жоспары оқушыларды Махмұт Қашқаридың мұрасымен таныстырып, табиғат суреті мен көркем ойды талдауға бағыттайды. Оқу әрекеті мәнерлеп оқу, талдау, пікір айту және топпен келісімге келу арқылы ұйымдастырылады.