Экранда көрсетілген жылға сәйкес Республика өміріне байланысты фактілерді еске түсіріңіздер

Арал көпсалалы колледжі • №68 оқу тобы

Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Ел ертеңін ойлаған Елбасы»

Мақсаты

  • 1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күні мерекесінің мәнін ашу; Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туған-өскен, білім алған және қызмет еткен орындары туралы мәлімет беру.
  • Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат және шынайы патриот болуға тәрбиелеу.
  • Оқушылардың бойында Елбасына деген құрмет пен сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру.

Көрнекілігі

Слайдтар Үнтаспа Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті Тәрбие сағатының тақырыбы

Өткізілу барысы

Кіріспе сөз

Құрметті оқушылар! Барша Қазақстан халқы 1 желтоқсанда Тұңғыш Президент күні мерекесін атап өтуге дайындалып жатыр. Осыған орай колледж бойынша апталық жоспарланып, салтанатты жиын, спорттық жарыстар, кітап көрмесі, тақырыптық кештер ұйымдастырылады. Біз де өз тобымызда «Ел ертеңін ойлаған Елбасы» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткіздік.

Талқылау сұрағы

Неліктен Тұңғыш Президент күні 1 желтоқсанда аталып өтеді?

Өйткені 1991 жылғы 1 желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақстан Республикасының Президенті етіп сайлады.

Сыныппен жұмыс

«Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі мен қызметі туралы не білесіздер?» сұрағына оқушылар өздері білетін деректерді ортаға салды. Одан кейін жоспар бойынша дайындалған мәліметтер слайд арқылы толықтырылып түсіндірілді.

Балалық шағы

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында дүниеге келген. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Үлкендерге мал бағуға, бау-бақша күтуге көмектесті, шөп-шалаң теріп, отын жарды.

Өз естелігінде аз-маз өнімді сатып, үй ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына барудың ерекше мереке саналғанын айтады. Мектепте жақсы оқып, білімге құштар болды, ата-анасын қатты құрметтеді.

Еңбек жолының басталуы: жұмысшы Нұрсұлтан

Ол ерте есейді. Орта мектепті бітірген соң Кеңес Одағындағы ірі өндіріс ошақтарының бірі — Қарағанды металлургия комбинатының құрылыс жұмыстарына аттанды. Құрылыста еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықпен бірге Украинаның Днепродзержинск қаласына барып, металлург-жұмысшы мамандығын меңгерді.

Бұл кезеңде шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі қызметтерін атқарды. Кейінірек инженер дәрежесіне дейін көтерілді.

Саяси өмірбаянның бастауы

Сол жылдары оның ұйымдастырушылық және басшылық қабілеті айқын көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық деңгейдегі органдарда жауапты қызметтер атқарды: металлургия комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауапты хатшы болды.

Қазақстан Үкіметін басқарған кезде ол 44 жаста еді. Осылайша оның саяси өмірбаяны бастау алды.

«Жылдар сөйлейді»: викториналық бөлім

Экранда көрсетілген жылға сәйкес Республика өміріндегі маңызды оқиғаларды еске түсіру ұсынылды.

1991 • 1 желтоқсан

Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақстан Республикасының Президенті етіп сайлады.

1991 • 16 желтоқсан

Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы елді тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет деп жариялады.

1992 • 4 маусым

Жаңа мемлекеттік рәміздер — Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.

1993 • 15 қараша

Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы — теңге айналымға енгізілді.

1995 • 28 қаңтар

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Ата Заңы қабылданды.

1997–1998

Елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру үдерісі іске асты: 1997 жылы мемлекеттік басқару органдары көшіп келді, ал 1998 жылғы 10 маусымда жаңа астананың ресми тұсаукесері өтті.

Астана — Қазақстанның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы ретінде қалыптасты.

2006 • 7 қаңтар

Қазақстанның мемлекеттік әнұранының жаңа нұсқасы қабылданды. «Менің Қазақстаным» әуені бүкіл елге кеңінен тарады.

Сөзі

Жұмекен Нәжімеденов (1956)

Сөз өңдеуі

Нұрсұлтан Назарбаев (2005)

Әні

Шәмші Қалдаяқов (1956)

Өлең оқу

Ауыр күнді артымызға тастауы —

Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.

Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,

Елбасымыз Нұрағаңның бастауы.

Туды ұстап тура жолға түсіріп,

Жас Отанның өмірін де түсініп,

Елім, жерім деп ұрандап тайсалмай,

Бір керемет жасады-ау кісілік!

Оқушы жатқа айтты.

Президент болып сайлану және өкілеттікті ұзарту

  • 1991 жылғы 1 желтоқсан — 98,7% дауыспен жеңіске жетті.
  • 1995 жылғы 29 сәуір — жалпыхалықтық референдум нәтижесінде өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды.
  • 1999 жылғы 10 қаңтар — 79,78% дауыс алып, қайта сайланды.
  • 2005 жылғы 4 желтоқсан — 91,5% дауыс алып, қайта сайланды.

Ғылыми атақтары

Экономика ғылымдарының докторы. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларусь ғылым академиясының құрметті мүшесі. М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.

Қызметтері мен қоғамдық лауазымдары

Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының төрағасы ОБСЕ төрағасы

Отбасы туралы

Жұбайы

Сара Алпысқызы

«Бөбек» халықаралық балалар қайырымдылық қорын басқарды.

Қызы

Дариға

Саясат ғылымдарының докторы, «Хабар» агенттігі директорлар кеңесінің төрағасы болған.

Қызы

Динара

Н. Ә. Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарды.

Қызы

Әлия

Бизнес саласында еңбек етіп, «Элитстрой» құрылыс компаниясын басқарды.

Қорытынды ой

Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында санамызды, дүниетанымымызды және мінезімізді жаңаша қалыптастыру бағытында қыруар іс атқарылды. Солардың ішінде екі маңызды бастаманы ерекше атауға болады: біріншісі — 1997 жылы ұсынылған «Қазақстан–2030» даму стратегиясы, екіншісі — елорданы Алматыдан Астанаға көшіру.

Төле бидің сөзі

Уа, халқым, сөз қадірін білесің.

Жаңбыр жаумаса, жер жетім,

Басшысы болмаса, ел жетім.

Көсіле шабар жерім бар,

Тау көтерген елім бар.

Қол бастайтын ерім бар,

Атадан қалған сара жолым бар.

Тәрбие сағатының түйіні

Қазақ елі желбіреп көк байрағың,

Гүлге оранды ауылың мен аймағың.

Нұрсұлтаның биіктерге бастады,

Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын.

Соңында «Көк тудың желбірегені» әні тыңдалды.