ШҚО, Көкпекті ауданы, Көкжыра ауылы, Амангелді орта мектебі КММТарих пәні мұғалімі Бибосынова Алтынгүл ЕлтайқызыҚазақстан тарихынан әңгімелер5 - cыныпТақырыбы

ШҚО · Көкпекті ауданы · Көкжыра ауылы

Амангелді орта мектебі КММ, тарих пәні мұғалімі Бибосынова Алтынгүл Елтайқызы. «Қазақстан тарихынан әңгімелер» пәні, 5-сынып.

Сабақ тақырыбы: Тас дәуірі

Бұл сабақ тас дәуірінің кезеңдерін жүйелі түрде түсіндіріп, еңбек құралдарының ерекшеліктерін және шаруашылықтағы өзгерістерді нақты мысалдармен бекітуге бағытталады.

Білімділік

  • Тас дәуірі кезеңдерін және хронологиялық шеңберін анықтау.
  • Еңбек құралдарындағы айырмашылықтарды сипаттау.
  • Шаруашылықтағы өзгерістерді талдау және негізгі кәсіп түрлерін айқындау.

Дамытушылық

  • Кезеңдерді салыстыру, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу.
  • Тарихи деректермен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік

  • Адамзат дамуының алғашқы кезеңдері арқылы тарихқа қызығушылықты арттыру.

Сабақ түрі

Аралас сабақ.

Көрнекілік құралдар

Тақта, бор, оқулық, тест тапсырмалары, кесте, слайд.

Сабақ барысы

  1. 1 Ұйымдастыру кезеңі.
  2. 2 Үй тапсырмасын тексеру (тест арқылы).
  3. 3 Жаңа сабақты түсіндіру (кесте және слайд арқылы).
  4. 4 Бекіту, үй тапсырмасын беру, бағалау.

I. Үй тапсырмасы

§13. «Адамды кім жаратты?»

Сәйкестендіріп, орнына қой.

1) Қай жерден табылды?

Атауы Нұсқалар
1 Питекантроп а) Қытай · ә) Кения · б) Германия · в) Ява аралы · г) Франция
2 Неандерталь а) Қытай · ә) Кения · б) Германия · в) Ява аралы · г) Франция
3 Кроманьондық а) Қытай · ә) Кения · б) Германия · в) Ява аралы · г) Франция
4 Синантроп а) Қытай · ә) Кения · б) Германия · в) Ява аралы · г) Франция
5 Австралопитек а) Қытай · ә) Кения · б) Германия · в) Ява аралы · г) Франция

Дұрыс жауап

1 — в, 2 — б, 3 — г, 4 — а, 5 — ә.

2) Қай кезде өмір сүрді?

Атауы Уақыты (нұсқалар)
1 Питекантроп а) б.з.б. 2,5 млн · ә) б.з.б. 40–35 мың · б) б.з.б. 800–500 мың · в) б.з.б. 200–40 мың · г) б.з.б. 500–200 мың
2 Неандерталь а) б.з.б. 2,5 млн · ә) б.з.б. 40–35 мың · б) б.з.б. 800–500 мың · в) б.з.б. 200–40 мың · г) б.з.б. 500–200 мың
3 Кроманьондық а) б.з.б. 2,5 млн · ә) б.з.б. 40–35 мың · б) б.з.б. 800–500 мың · в) б.з.б. 200–40 мың · г) б.з.б. 500–200 мың
4 Синантроп а) б.з.б. 2,5 млн · ә) б.з.б. 40–35 мың · б) б.з.б. 800–500 мың · в) б.з.б. 200–40 мың · г) б.з.б. 500–200 мың
5 Австралопитек а) б.з.б. 2,5 млн · ә) б.з.б. 40–35 мың · б) б.з.б. 800–500 мың · в) б.з.б. 200–40 мың · г) б.з.б. 500–200 мың

Дұрыс жауап

1 — б, 2 — в, 3 — ә, 4 — г, 5 — а.

Тест тапсырмалары

Үй тапсырмасын тексеру үшін көп таңдаулы тест сұрақтары.

1. Адамдардың шығу тегін жануарларға, өсімдіктерге немесе табиғат құбылыстарына байланыстыру қалай аталады?

  • А) тәңірлік
  • Б) тотемизм
  • В) тобыр

2. Жер бетіндегі ең алғашқы адамға ұқсас тіршілік иелері қашан және қай жерде өмір сүрген?

  • А) б.з.б. 3 млн жыл бұрын Африка мен Азияда
  • Б) б.з.б. 40–35 мың жыл бұрын Германия жерінде
  • В) б.з.б. 800–500 мың жыл бұрын Франция жерінде

3. Алғашқы адамдар еңбек құралдарын неден жасады?

  • А) қоладан
  • Б) темірден
  • В) тастан

4. «Епті адам» қалай аталады?

  • А) неандерталь
  • Б) питекантроп
  • В) австралопитек

5. «Саналы адам» қалай аталады?

  • А) австралопитек
  • Б) кроманьондық
  • В) гоминид

6. Қазақстан жерінде алғашқы адамдар қай уақытта пайда болды?

  • А) екі млн жыл бұрын
  • Б) бір млн жыл бұрын
  • В) бір мың жыл бұрын

7. Кения жерінен табылған адам қалай аталады?

  • А) саналы адам
  • Б) тік жүретін адам
  • В) епті адам

8. Қазақстанда өмір сүрген алғашқы адамдардың тұрағы қашан табылды?

  • А) 1985 ж.
  • Б) 1958 ж.
  • В) 1868 ж.

9. Қытайдағы Чжоу-Коу-Дянь үңгірінен табылған алғашқы адамдардың сүйегі қашан табылды?

  • А) 1972 ж.
  • Б) 1927 ж.
  • В) 1925 ж.

10. Өзбекстан жерінен табылған неандерталь баланың сүйегі қашан табылды?

  • А) 1938 ж.
  • Б) 1945 ж.
  • В) 1976 ж.

Тесттің дұрыс жауаптары

1 — Б, 2 — А, 3 — В, 4 — В, 5 — Б, 6 — Б, 7 — В, 8 — Б, 9 — Б, 10 — А.