Үшбұрыш пен төртбұрыштың периметрін табу
Сабақтың тақырыбы
Үшбұрыш пен төртбұрыштың (тік төртбұрыш, шаршы) периметрін табу.
Білімділік
- Сызбаларды пайдаланып, үшбұрыш пен тік төртбұрыштың (шаршының) қабырғаларын өлшеу.
- Периметрді табу дағдысын қалыптастыру.
- Екі амалмен шығарылатын есептерді (сонша, қосындыны не қалдықты табу) пысықтау.
- Екі таңбалы сандарды оқу және жазуды бекіту.
Дамытушылық
- Ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
- Өз бетінше жұмыс істеу дағдысын жетілдіру.
Тәрбиелік
- Мейірімділікке, ұқыптылыққа, зейінділікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдер
Түсіндіру, сұрақ-жауап, қима қағаздармен жұмыс.
Көрнекіліктер
Қима қағаздар, геометриялық фигуралар.
Сабақтың өту барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
- Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелерін таныстыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Өткен сабақтарды еске түсіріп, «күн көзіндегі» сөзді табу арқылы білімді жан-жақты сұрау.
Өткен сабақтардан не үйрендік?
Көпбұрыштың периметрін табуды үйрендік.
Периметр дегеніміз не?
Периметр — фигураның барлық қабырғалары ұзындықтарының қосындысы.
III. Жаңа материалды меңгеруге дайындық
Бүгінгі сабақта үшбұрыштың, төртбұрыштың және шаршының периметрін табу жолдарын нақты мысалдар арқылы қарастырамыз.
№1. Кесіндінің ұзындығын есептеп шығар
Берілгені (мысал):
Үшбұрыш қабырғалары: 3 см, 2 см, 4 см.
Шешуі:
P(△) = 3 см + 2 см + 4 см = 9 см
№2. Периметрді тап
Тік төртбұрыш
P = 2 см + 2 см + 3 см + 3 см = 10 см
Шаршы
P(□) = 1 см + 1 см + 1 см + 1 см = 4 см
Төртбұрыш
P = 2 см + 3 см + 4 см + 1 см = 10 см
IV. Сергіту сәті
Күлші қане, достым,
Күлші қане, достым.
Бүгінгі күн міне,
Жақсылыққа толсын!
Біздің алар бағамыз,
Кілең «5» боп тік болсын.