Әліппе дәптермен жұмыс

№34 лингвистикалық мектеп-гимназиясы • МАД тобы

Тәрбиеші: Мажкенова Гүлнара

Білім беру саласы: Денсаулық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қауіпсіз мінез-құлық негіздері, валеология

Сабақ тақырыбы: Ұлдар мен қыздар

Бұл ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті балаларға ұлдар мен қыздардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын түсіндіруге, адамның денсаулығын сақтап, нығайтуда көңіл күйдің рөлін ұғындыруға және достық туралы түсінігін тереңдетуге бағытталған.

Мақсаты

  • Ұлдар мен қыздардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қалыптастыру, дамыту.
  • Көңіл күйдің денсаулыққа әсері туралы білімін толықтыру.
  • Достық пен сыйластықты нығайту.

Әдістері

  • Әңгіме және өткен сабақты қайталау
  • Жаңа материалды түсіндіру
  • Әліппе-дәптермен жұмыс
  • Күлкі және көрініс жаттығулары
  • Дидактикалық ойын

Көрнекіліктер

  • Айна, слайд
  • Күн бейнесі, доп
  • Аңдар (ойынға арналған)

Қос тілділік (сөздік минимум)

Қазақша

Ұлдар

мальчики

Қазақша

Қыздар

девочки

Қазақша

Айна

зеркало

Қазақша

Күн

солнце

Сабақ барысы

1) Мотивациялық-қозғаушы кезең

Жыл мезгілдері

Тәрбиеші жыл мезгілдерінің суретін көрсетіп, сұрақ қояды: «Жылдың неше мезгілі бар?»

Жұмбақ

Үлкен алтын табақтан,
Әлемге нұр таратқан.

Жауабы: Күн.

Шаттық шеңбері

Қуан, шаттан, алақай! Қуанатын келді күн. Қайырлы таң! Қайырлы күн! Күліп шықты бүгін де күн!

2) Ізденуші-ұйымдастырушы кезең

Өткен сабақты пысықтау

Слайд арқылы өткен сабақтағы суреттер көрсетіліп, балалардың есіне түсіріледі.

Жаңа тақырып: валеология

Валеология — денсаулық туралы ғылым. «Valeo» (лат.) — «сау бол», ал «logos» — «ғылым» дегенді білдіреді.

Бұл ғылым балаларды ақылды, көңілді, дені сау болып өсуге баулиды және ең бастысы — салауатты өмір сүруге үйретеді.

Дәрігер Салауатпен «саяхат»

Балалар Дәрігер Салауаттың сымбатты, әдемі әрі денсаулығы мықты адам екенін біледі. Бүгінгі валеология әлеміне саяхаттың тақырыбы — «Ұлдар мен қыздар».

Ұқсастық пен айырмашылық туралы әңгіме

  • Барлық адамның дене құрылысы ортақ: қол, аяқ, көз, құлақ және т.б.
  • Әр адамның шашы, көзі, мұрнының пішіні әртүрлі болуы мүмкін.
  • Әркімнің өзіне тән мінезі, қабілеті, таланты бар.
  • Әр адам — қайталанбас тұлға.

Әліппе-дәптермен жұмыс: өсу кезеңдері

Мысал: бұршақтың өсуі

Дән → өседі → гүлдейді/жеміс береді → солады

Адамның өсу кезеңі

Бала → бозбала → әке → ата

Қыз → бойжеткен → ана → әже

Айнамен жұмыс: өзін сипаттау

Ұлдар мен қыздар айна алдында тұрып, өз келбетін және өзіне ұнайтын ерекшеліктерін әңгімелейді.

Киім түрлерін ажырату тапсырмасы

Ұлдардың киімін көк, қыздардың киімін қызыл түспен белгілеу ұсынылады.

Дәрігер Салауаттың ашық хаты

Хат оқылып, мазмұны бірге талданады.

Күлкі жаттығуы (1 минут)

Балалар айнаға қарап, әдемі әрі мейірімді күлкіні бейнелейді.

Күлкі — өз көңіл күйіңе және жақын адамдарыңның жүрегіне жол табатын құдіретті кілт.

Көрініс көрсету: анаға қолдау

Жағдаят: сендер аналарыңмен үйдесіңдер. Анаң бүгін көңілсіз әрі қатты шаршаған. Балалар көріністі ойнап көрсетеді, кейін бірге талдайды.

Қорытынды ой

Анамыздың көңілін көтеру үшін күлімдеп, құшақтап, жылы сөз айтып, оны да күлуге шақыруды ұмытпайық.

Дидактикалық ойын: «Сенің атың кім және сен кімсің?»

Балалар допты бір-біріне лақтырып, өз атын және кім екенін (ұл/қыз) айтады. Тәрбиеші адамның аты арқылы оның ұл не қыз екенін жиі ажыратуға болатынын түсіндіреді.

Дәптермен жұмыс: «Сызық арқылы қос»

Сұрақ: «Ұлдар мен қыздарды бір сөзбен кімдер дейміз?» Жауап: балалар.

Балалардың ойыншықтарға қызығушылығы, сондай-ақ ойыншықтардың түрлері туралы қысқа әңгімеден кейін тапсырма орындалады.

Достық туралы әңгіме

Ойын кезінде ренжіспеу, ойыншыққа таласпау, бір-бірімізді ұл-қыз деп бөлмей, дос болу керектігі айтылады.

Ән: «Дос болайық, бәріміз»

Әні: Х. Талғаров • Сөзі: И. Нүсіпбаев

Мәтін

Әрқашан дос біргеміз, Ажырамас іргеміз. Ілгері жүріңдер, Достық жырын біліңдер. Ту ғып ұстап бірлікті, Еңбекті сүйіңдер.

Қайырмасы

Дос болайық, бәріміз, Жарасып тұр әніміз. Тыныштықты сақтаймыз, сақтаймыз, Атсын күліп таңымыз.

3) Қорытынды кезең

Сабақ соңында балалардан бүгін қандай тақырыппен танысқанын сұрап, негізгі ойлар бекітіледі: ұлдар мен қыздардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар, әр адам қайталанбас тұлға, ал күлкі мен жақсы көңіл күй — денсаулықтың маңызды тірегі.