Дөңгелекте бұрыш болам
Таным
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Пішіндер әлемі
Мақсаты
- Пішіндер туралы түсінік беру.
- Пішіндерді бір-бірінен ажыратуды және салыстыруды үйрету.
- Түстерді сәйкестендіру және құрастыру қабілетін арттыру.
Шаттық шеңбері
«Жылуыма жыл қос»
Сұрақ-жауап
Балалар, тақтадан ненің суретін көріп тұрсыңдар? Үшбұрыш, дөңгелек. Бұлар — пішіндер.
Ғажайып сәт
Есік қағылып, ішке Математика елінің ханшайымы кіреді.
Ханшайымның сөзі
— Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен Пішіндер елінің ханшайымымын. Сендерге қонаққа келдім.
— Мынау дөңгелек: оның бұрыштары болмайды.
— Ал мынау үшбұрыш: оның үш бұрышы бар.
Топтық талқылау
Топтарыңда дөңгелекке ұқсайтын қандай заттар бар?
Топтық талқылау
Ал үшбұрышқа не ұқсайды?
Өте жақсы, балалар! Ханшайым сендерге бірнеше тапсырма әкеліпті — бәріміз бірге орындайық.
Тапсырмалар
I тапсырма: «Өз ұяшығына орналастыр»
СұрыптауШарты: пішіндерді түсіне қарай өз ұяшығына орналастыру.
II тапсырма: «Әуе шарлары»
ТүстерҚызыл, сары, көк түсті әуе шарлары. Алуан түрлі шарлар көп. Қане, қайсысын қалайсың? Бірін таңдап ал.
Шарты: таңдап алған шардың түсін айту.
III тапсырма: Дидактикалық ойын «Бейнені құрастыр»
ҚұрастыруМақсаты: пішіндерден бейне құрастыру арқылы ойлау мен қиялды дамыту.
Сергіту сәті
Шеңбер жасап тұрайық.
Алақанды ұрайық.
Уықтарша иіліп,
Киіз үйді құрайық.
Қорытынды бөлім
Қайталау сұрақтары
- Біз бүгін немен таныстық?
- Пішіндерге нелер жатады?
- Үшбұрыштың неше бұрышы бар?
- Дөңгелекте бұрыш бола ма?
- Сабақ сендерге ұнады ма?
Ханшайымның қорытынды сөзі
Жарайсыңдар! Сендердің барлығың білімді әрі ақылды екенсіңдер. Мен сендерге ризамын. Сау болыңдар, балалар!