Әлі есімде көгілдір өткір көздерің, Әлі есімде мені өзіңе ғашық еткен кездерің

БІЛЕСІҢ БЕ?!
СВЕТЛАНА КЕНБАЙҚЫЗЫ

Білесің бе?! Өкінбеймін өткенге,
Сезімге ыстық қолым енді жеткенде
Тәңірдің тартқан тәтті сыйы
Ащы мұңға айналарын білгем бе?!

Әлі есімде көгілдір өткір көздерің,
Әлі есімде мені өзіңе ғашық еткен кездерің.
Жалғыз сен деп соққан жүрек лүпілін,
Бір өзіңе арналған жан жылуын сезбедің.

Білесің бе?! Өкінбеймін өткенге!
Барлық адам арманына жеткен бе?!
Жүрекке сүйген қосылу жазбаса да
Жоқ менің бұл өмірге өкпем де.

Сенсіз бақыт табу мүмкін екен бе,
Амал бар ма тағдыр деген шіркінге?!
Өзім еккен пәк сезімнің, ақ гүлдің
Күлтелерін жұлудамын біртіндеп.

Толы еді күлтелері ақ гүлдің
Сағынышқа, қайталанбас ән – жырға.
Бірі айналған орындалмас арманға,
Бірі толы ешкім сезбес сыр – мұңға.

Күлтелері ақ гүлдің көк аспанға ұшқанда
Қимас көзбен ұзақ – ұзақ қарады.
Жалғызым деп соққан жүрек лүпілі
Күлтелермен келмеске ұшып барады...



Ұқсас жұмыстар

Талантты лирик-ақын Жүсіп ҚЫДЫРОВ рухымен сырласу
Мағжан өлеңдерінің өрнегі
Тұманбай Молдағалиевтің балаларға арналған өлеңдерінің басты тақырыптары
Молдағалиевтің балаларға арналған өлеңдерінің өзіндік ерекшеліктері
Өлеңдер жинағы
Сабит Мұқанов туралы
Тұманбай Молдағалиевтың балалар әдебиетіне қосқан үлесі
Фразеологиялық тіркестерді аударуда кездесетін проблемалар “М.Б.Әләвидің «چشمهایش» романы бойынша”
Ақан сері өмірі мен шығармашылығы
Мұхтар Шаханов поэзиясының ұлттық мінезі
Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар
ЖАЛАЙЫР ҚОСЫМҰЛЫ ҚАДЫРҒАЛИ
ӘЛІБЕКҰЛЫ ТӨЛЕ БИ
УӘЛИҰЛЫ АБЫЛАЙХАН
ӘЛІБЕКҰЛЫ СЫПАТАЙ
УӘЛИХАНОВ ШОҚАН ШЫҢҒЫСҰЛЫ туралы
БӨКЕЙХАНОВ ӘЛИХАН НҰРМҰХАМЕДҰЛЫ
МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ
Шетелдік және отандық журналистикадағы ақпараттық технологиялардың қолданылу ерекшеліктер
Көйлектік маталар тобына арналған реляциондық мәліметтер қорын құру және өнімдер сапасын эксперттік бағалау