Құтты жылым. АЯЗ АТА
Жаңа жылдық кештің жүргізілу мәтіні
Бұл мәтін — мектепте өтетін жаңа жылдық шырша мерекесінің жүргізілу сценарийі. Онда құттықтау сөздер, әлеуметтік қолдау туралы мәлімет, қонақтарды қарсы алу, ән-билер мен алғыс айту бөлімдері қамтылған.
Құттықтау және кештің ашылуы
1-жүргізуші
Армысыздар, құрметті ата-ана, қымбатты ұстаздар, оқушылар! Жаңа жыл — жаңа үміт, жаңа бастама. Бүгінгі кешімізге қош келдіңіздер!
2-жүргізуші
Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын! Жаңа жыл елімізге, әр шаңыраққа тыныштық, бірлік, құт-береке әкелсін.
Әлеуметтік қолдау туралы
Мектебімізде жалпыға міндетті білім беру қорынан бөлінген қаржы есебінен әлеуметтік топқа жататын отбасылардан шыққан 88 оқушы мектеп жанынан бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылып отыр. Сонымен қатар 45 оқушы киіммен, 45 оқушы оқу құралдарымен жабдықталды.
Аудан әкімінің басшылығымен әлеуметтік топтағы отбасылардың балаларына арналған жаңа жылдық шырша мерекесін өткізгелі отырмыз.
1-жүргізуші
Кел, Жаңа жыл, төрле, төрле жеріме,
Құт-береке боп келгейсің еліме.
Үміт артып армандарға аяулы,
Шаттығына бөлегейсің бізді де.Осы сәтте аудан әкімі Имандосов Мұрат Самұратұлының балаларға арналған жаңа жылдық ыстық лебізін қабыл алайық.
Шырша жанындағы мереке
2-жүргізуші
Жаңа жылдық шырша мерекесіне қош келдіңіздер, балалар!
1-жүргізуші
Төрлетіңдер, төрлетіңдер! Шырша сәнін көріңдер. Әсем әнмен би билеп, күй мен жырды төгіңдер.
Өнер бағдарламасы (ән, би)
- «Қош келдің, Жаңа жыл» әні — Бағыбергенова Салтанат
- 1-сынып оқушылары — «Балалық шақ» биі
- 5-сынып оқушысы Кемали Айдана — «Катюша» әні
- Әмір Аягөз — Испан биі
- Оспан Эланора — «Аппақ гүлдер» әні
- Байсалбай Мағжан — «Ел қорғауға әзірміз» әні
- 1-сынып оқушылары — «Сұлтан» биі
1-жүргізуші
Айнала қоршап шыршаны, шашылар шашу — жыр-әні. Мынау әсем шыршаға қош келдіңіз, балалар!
Аяз ата мен Ақшақар
Шақыру сәті
Ендеше, құрметті қауым! Бүгінгі кешіміздің қадірлі қонағы әрі сәні — Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.
Барлығы (хормен):
АЯЗ АТА! АҚШАҚАР! (3 рет)
Аяз ата
Амансыңдар ма, ұлдарым, амансыңдар ма, қыздарым! Қандай жарқын жүздерің, қандай әсем билерің! Асулармен алыстым, асау желмен жарыстым. Шыршамызға асығып, өздеріңмен табыстым.
Ақшақар
Армысыздар, оқушылар, ата-ана! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Жаңа жыл бірлік пен татулық жылы болсын, әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын.
2-жүргізуші
Аяз ата, алыс жолдан шаршап келдіңіз. Енді отырып, дем алыңыз. Біздің сізге арналған жаңа жылдық тартуларымызды қабыл алыңыз.
Құттықтау сөз
Бүгінгі жаңа жылдық ертеңгілігімізді ашу үшін мектеп басшысы Сейсенов Ғалымбек ағайдың жылы лебізін тыңдайық.
Қайырымдылық және алғыс
Қайырымдылық — халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Мұқтаж жандарға қамқорлық жасап, жүрек жылуын ұсыну — сауапты іс әрі әр азаматтың парызы.
Алғыс білдіреміз
Осы балалардың жаңа жылдық шырша мерекесіне демеушілік жасаған ауыл әкімшілігіне, аудан депутаты Қасқырбай Әлімбаевқа және мектеп әкімшілік құрамынан: Сейсенов Ғалымбек ағайға, Абдрасулиев Серік ағайға, Ержанова Сарқыт апайға, Баспаев Алып ағайға, Рысқұлов Айдын ағайға, Ағыбай Асылбек ағайға, Кемалова Роза апайға, Қаниева Гүлзат апайға, сондай-ақ жеке кәсіпкер Аязбаева Забира апайға алғысымыз шексіз.
Қоштасу және қорытынды тілек
Аяз ата
Ой, бәрекелді, балаларым! Әсем ән шырқап, би билеп, аталарыңды бір қуанттыңдар. Көп-көп рақмет! Өркендерің өссін! Енді Ақшақар екеуміз аттанайық. Баршаңмен қоштасамыз, сау болыңдар!
Ақшақар
Сау болыңдар, балалар! Келесі жаңа жылда кездескенше.
Барлығы:
Сау болыңыз, Аяз ата! Сау болыңыз, Ақшақар!
Жүргізушілердің қорытынды сөзі
Міне, 2012 жыл да келді. Жаңа жыл елімізге тыныштық әкеліп, ырыс-құтымыз арылмасын. Жаңа жыл әр отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке сыйласын. Келесі жаңа жылда аман-сау қауышайық!
Бірге: Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!