Күшіктің тапсырмасы
Сабақ туралы мәлімет
Мектеп, өңір
Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Төлеңгіт негізгі мектебі
Мұғалім
Бастауыш сынып мұғалімі — Каликина Үміт Қадірқызы
Пән
Математика
Сабақ тақырыбы
4-ке бөлу және көбейтуді пысықтау.
Мақсаты
- Білімділік: 4-ке бөлу және көбейту кестесі бойынша алған білімді жүйелеу және тиянақтау.
- Дамытушылық: ойлау мен есте сақтау қабілетін дамыту, белсенділікті арттыру, қызығушылық ояту.
- Тәрбиелік: шапшаңдыққа, зейінділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ форматы
- Типі
- Білімді тиянақтау
- Түрі
- Қайталау, ойын сабақ
- Әдіс-тәсілдері
- Сұрақ-жауап
- Көрнекілігі
- «Шалқан» ертегісі, тірек сызба, фигуралар, карточкалар, киіз үй
Сабақ барысы
1) Психологиялық дайындық
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді
Болып кетер сонда жан-жағым.
Жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
2) Үй тапсырмасын тексеру
- 4-тің көбейту кестесін жатқа айту.
3) Жаңа сабақ (кіріспе)
Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ, себебі біз «Шалқан» ертегісіне саяхатқа шығамыз.
Кім осы ертегіні біледі? Ертегіде қандай кейіпкерлер бар? Атап көрейік.
Өте жақсы! Енді тапсырмаларды орындап, ертегіні бірге еске түсіреміз.
№1 Атаның тапсырмасы
Киіз үй құрастыру арқылы өрнектерді салыстыру.
6 × 4 * 7 × 4
4 × 9 * 9 × 4
12 ÷ 4 * 12 ÷ 3
32 ÷ 4 * 32 + 4
16 ÷ 4 * 16 ÷ 2
24 ÷ 4 * 24 − 4
№2 Әжейдің тапсырмасы
«Гүл құрастыру» ойыны: 40-қа дейінгі 4-ке бөлінетін барлық сандарды жаз.
4, 8, 12, 16, 20, 24, 28, 32, 36, 40
№3 Қыздың тапсырмасы
«Хат» ойыны арқылы сөз есептер шығару.
а)
Асқардың 36 теңгесі бар. Ол 9 теңгелік қарындаштың нешеуін сатып ала алады?
ә)
4 бөлмеде 24 шам жанып тұр. Әр бөлмеде неше шамнан бар?
Сергіту сәті
Сылдыр, сылдыр, сырғалар,
Құлағымда ырғалар.
Оң қолымда 5 саусақ,
Сол қолымда 5 саусақ.
Саусақтарда сақина,
Бір, екі, үш, төрт, бес, алты,
Жеті, сегіз, тоғыз, он —
Орныңа тез қон.
№4 Күшіктің тапсырмасы
Дәптермен жұмыс.
Қабырғалары 4 см болатын шаршы сыз. Оның периметрін тап.
№5 Мысықтың тапсырмасы
«Саңырауқұлақ теру» ойыны: өрнектердің мәнін ауызша есептеу.
2 × 4
12 ÷ 4
5 × 4
8 × 4
36 ÷ 4
16 ÷ 4
24 ÷ 4
7 × 4
28 ÷ 4
4 × 10
№6 Тышқанның тапсырмасы
«Кім жүйрік?» жылдам есептеу.
12 × 2 + 36 − 18 − 2 ÷ 4
24 ÷ 4 + 32 − 12 − 6 ÷ 4
Сабақты қорытындылау
Бүгін біз не үйрендік?
Тірек сызба арқылы 4 санына байланысты сөздер жаз.