Бос орынға тиісті сөздерді жаз
Қазақ тілі • 2-сынып • Аралас сабақ (45 минут)
Дауыссыз дыбыстардың түрлері
Бұл сабақта оқушылар дауыссыз дыбыстардың ерекшеліктерін түсініп, оларды қатаң, ұяң, үнді түрлеріне ажыратады. Тапсырмалар қайталау, түсіндіру, салыстыру, қолдану және қорытындылау кезеңдері бойынша құрылымдалған.
I кезең. Ұйымдастыру және “көпір” тапсырмалары
Өткен тақырыптарды еске түсіріп, жаңа сабаққа негіз дайындау.
Қайталау сұрақтары
-
1) Дыбыс дегеніміз не?
Жауабы: Дыбысты айтамыз және естиміз.
-
2) Дыбыстар неше топқа бөлінеді?
Жауабы: Дыбыстар екі топқа бөлінеді: дауысты және дауыссыз.
-
3) Дауыссыз дыбыстар қатарын жаз.
Жауабы: Оқушы дауыссыз дыбыстарды атап/жазып шығады.
Нені білу керек (бағдарлау)
Бұл бөлімде тақырып мазмұнын толық ашатын мәліметтер іріктеледі: кім? не? қандай? қалай? нені? қашан? не істеді? сияқты сұрақтарға жауап беретін нақты түсініктер қарастырылады.
II кезең. Жаңа сабақты меңгеру
Түсіндіру, дәлелдеу, салыстыру және қорытындылау тапсырмалары.
Теория: “Білу” — бос орынға тиісті сөздерді жаз
-
1) Дауысты дыбыстар ауыз қуысынан кедергіге ұшырамай айтылады.
-
2) Дауыссыз дыбыстар ауыз қуысынан кедергіге ұшырап айтылады.
-
3) Дауысты дыбыстар буын құрай алады.
-
4) Дауыссыз дыбыстар буын құрай алмайды.
-
5) Дауысты дыбыстар айтылуына қарай екіге бөлінеді.
-
6) Дауыссыз дыбыстар айтылуына қарай үшке бөлінеді.
Негізгі жіктеу
Дауыссыз дыбыстар
Қатаң • Ұяң • Үнді
Еске сақта:
Дауыссыз дыбыстар айтылғанда ауа кедергіге ұшырайды, сондықтан созылып айтылуы қиын.
Теория: “Түсіну” — себебін анықта
1) Дауыссыз дыбыстар неліктен буын құрай алмайды?
Жауабы: Себебі олар созылып айтылмайды.
2) б, в, г, ғ, д, ж, з дыбыстары неліктен дауысты дыбыс бола алмайды?
Жауабы: Себебі бұл дыбыстарды айтқанда ауа еркін шықпайды.
3) Тырна, қырғауыл, бүркіт, бөдене, сұңқар, шүрегей, тауық, сауысқан.
Сұрақ: Құстардың атаулары қай дыбыстан басталады? Ішінде қайсысы артық, неліктен?
Жауабы: Барлығы дауыссыз дыбыстан басталады. Артық сөз — тауық, себебі ол үй құсына жатады.
4) “Хат, сатпақ, қыс” сөздеріндегі дауыссыз дыбыстар қай түрге жатады?
Жауабы: х, т, с, п, қ — қатаң дауыссыздар. Себебі олар қатаң айтылады.
5) р, л, и, н, ң, й, (у) дыбыстары неліктен үнді дауыссыздарға жатады?
Жауабы: Себебі бұл дыбыстар үн арқылы шығады.
Теория: “Талдау” — Венн диаграммасы арқылы салыстыру
Дауысты дыбыс
Ауа ауыз қуысынан кедергіге ұшырамай еркін шығады.
Ұқсастығы
Екеуі де дыбыс және әріп.
Дауыссыз дыбыс
Ауа ауыз қуысында кедергіге ұшырап айтылады.
Тақырыптың басты идеясы:
Дыбыстардың дауысты және дауыссыз болып бөлінуі олардың айтылу ерекшелігіне байланысты.
Теория: “Жинақтау” — анықтама және жүйелеу
1) Дауыссыз дыбыстарды түріне қарай жаз:
Дауыссыз дыбыстар → қатаң, ұяң, үнді
Практика: бояу тапсырмасы (сыныптық жұмыс)
Үнді дауыссыз дыбыстары бар әйнекшені көк, ұяң дауыссыз дыбыстары бар әйнекшені жасыл, қатаң дауыссызы бар әйнекшені қоңыр түспен боя.
Практика: бағалау сұрағы
Дөңгелектердегі буындардан сөз құрауға болады деп ойлайсың ба?
Жауабы: тоқылдақ, бөдене, шағала.
Бекіту және тереңдету тапсырмалары
Ережені қолдану, дыбыстық талдау, салыстыру.
Теория: “Білу”
1) Үнді дауыссыз дыбыстарды жаз.
Жауабы: р, л, м, н, ң, й, (у)
2) Суреттегі зат атаулары қалай дыбыстайды? Үнді дауыссыздан басталатын сөздерді қоршап сыз.
Жауабы: мөңірейді, маңырайды, кісінейді
3) Өлеңнен үнді дауыссыз дыбыстарды теріп жаз.
Әкем менің — қауыншы,
Апам менің — сауыншы.
Ағам менің — егінші,
Жеңгем менің — тігінші.
Жауабы: м, н, ң, у
Практика: “Қолдану” — дыбыстарды қалташаға бөлу
Қатаң
Қ, к, п, ф, с, т, х, ц, ш, щ, ч, һ
Ұяң
Б, в, г, ғ, д, ж, з
Үнді
Р, л, м, н, ң, й, (у)
Теория: “Түсіну” — талдау және дәлел
1) Жаңылтпаштан ұяң дауыссыз дыбыстарды тап.
Былтыр бүлдірді,
Бұл жылы бүлдірді,
Бүлдіргіштігін білдірді.
Жауабы: б, д, ж, г
2) Суреттегі заттарды ата және қанша дыбыс болса, сонша торкөз сыз.
а в т о б у с • ж ы л а н
3) “Жылан” сөзіне дыбыстық талдау жаса.
Жылан — 5 әріп, 5 дыбыс, 2 буын:
- ж — дауыссыз, ұяң
- ы — дауысты, жуан
- л — дауыссыз, үнді
- а — дауысты, жуан
- н — дауыссыз, үнді
Теория: “Талдау” — дауыссыз дыбыстарды салыстыру
Қатаң
Қатаң айтылады.
Ұқсастығы
Үшеуі де дауыссыз дыбыстар.
Ұяң / Үнді
Ұяң — жұмсақтау айтылады, үнді — үн арқылы айтылады.
Практика: “Қолдану” — кестені толтыр
Берілген сөздер: жапалақ, бүркіт, қаршыға, сексеуіл, маржан, лай, рұқсат, хабар. Қатаң, ұяң, үнді дауыссыздан басталатын сөздерді ретімен жаз.
Қатаң дауыссыздан басталатын сөздер
қаршыға, сексеуіл, хабар
Ұяң дауыссыздан басталатын сөздер
жапалақ, бүркіт
Үнді дауыссыздан басталатын сөздер
маржан, лай, рұқсат
Қорытынды: “Жинақтау” — жаңылтпаш және сөз құрастыру
1) Жаңылтпаштан қатаң дауыссыз дыбыстарды теріп жаз.
Қара сиыр ала сиырды жалап тұр,
Ала сиыр қара сиырға қарап тұр.
Жауабы: қ, с, т, п
2) Құрамында қатаң дауыссыз дыбыстары бар сөздер қатарын құрастыр.
Жауабы: көлік, кітап, парақ, қабық, қасық, қарлығаш, шабыс, сағат, табақ.
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі: Ибрагим Бегімхан Керімханұлы