Қазақ бұлбұлы

Тәрбие сағатының бағыты

Тақырып

Адам атын ардақта!

Түрі

Өнеге сағаты

Көрнекілігі

  • Интерактивті тақта
  • Нақыл сөздер
  • Техникалық құралдар

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап
  • Топтастыру
  • Үнтаспа
  • Ойын түрлері

Мақсаты

  1. 1 Оқушыларға адам атын қадірлеуді үйрету, өмір заңдылықтарын түсіндіру.
  2. 2 Адам бойындағы игі қасиеттерді сезіне білуге, оны үлгі етуге тәрбиелеу; имандылық пен инабаттылыққа баулу.
  3. 3 Адамгершілік құндылықтарға бағыттай отырып, рухани білімін байыту, логикалық ойлауын дамыту және ойын еркін әрі дәлелді жеткізуге жетелеу.

Жүрісі

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу
  • Түгендеу
  • Тәрбие сағатына әзірлік

«Адамгершілік амандасудан басталады» дегендей, алдымен күлімдеп, бас иіп, бір-бірімізбен амандасайық. Рахмет.

II. Пікір алмасу: есімнің мәні

Сәбиге ат қою — нәресте дүниеге келгенде оған берілетін есімді таңдау дәстүрі. Бұл — ата-ананың ең жауапты міндеттерінің бірі. Кейде есім сәби туылмай тұрып-ақ ойластырылып қояды.

Қазақ халқы Ислам дінін ұстанғандықтан, мұсылманша ат қою, яғни азан шақырып ат қою дәстүрі кең тараған. Салт бойынша балаға үш күннің ішінде ат қойылуы керек.

Әдетте, отбасыда немесе әулетте үлкен ата-әжелер болса, есімді сол кісілер ұсынады. Үлкеннің сөзін жерге тастамайтын жастар кейде қаласа да, қаламаса да келісіп жататын жағдайлар кездеседі. Үлкендер мағынасы терең, бұрыннан таныс аттарды таңдаса, жастар заманауи есімдерге ұмтылады.

Қай есім таңдалса да, ең маңыздысы — оның мағынасы. Өйткені адамды өзгелер есімі арқылы таниды, шақырады. Сол себепті әр адам өз есімін ыңғайсызсынып, құлаққа түрпідей тиетіндей сезінбеуі керек.

Түсінік: «Азан шақырып қойған ат» — адамның дүниеге келген кездегі алғашқы ресми есімі. Бұл — Ислам дініндегі орны бар дәстүрлердің бірі.

Адам баласының жаратылысына назар салсақ, ат қою алғашқы адам — Адам ата жаратылған сәттен басталған. Оның жары — Хауа ана, ал ұлдары — Абыл мен Қабыл. Демек, адам пайда болғанда, есім де бірге пайда болған.

Осы тақырып аясында оқушылардың есімдеріне назар аударып, «Неге?» және «Кім?» сұрақтары арқылы пікір алмасу жүргізіледі. Оқушылар пікірі тыңдалады.

Ойын презентация арқылы өтеді: оқушылар 2 топқа бөлініп, бірнеше кезең бойынша жұмыс жасайды.

Ойын кезеңдері

III. «Зымыран сұрақтар»

  1. 1. «Көксерек» шығармасының авторы — қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым?
    Жауап: М. Әуезов
  2. 2. Қазақтың ұлы күйші-композиторы, аспапты музыка өнерінің классигі?
    Жауап: Құрманғазы
  3. 3. Берлиндегі Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен қазақ азаматы?
    Жауап: Р. Қошқарбаев
  4. 4. Халқы бақытты өмір сүретін Жерұйықты іздеуші?
    Жауап: Қорқыт ата
  5. 5. Бір ғасырға жуық өмір сүрген ақын?
    Жауап: Жамбыл Жабаев
  6. 6. «Диуани хикмет» кімнің туындысы?
    Жауап: Қ. А. Яссауи
  7. 7. «Қазақ бұлбұлы» атанған әнші?
    Жауап: Күләш Байсейітова
  8. 8. Қазақтың ұлы жырауы?
    Жауап: Бұқар жырау
  9. 9. 1711–1781 жылдары Қазақ Ордасының ханы?
    Жауап: Абылай хан
  10. 10. Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, Халық қаһарманы, көрнекті жазушы?
    Жауап: Б. Момышұлы

IV. «Тапқыр болсаң, тауып көр»

Берілген есімдерді тиісті санаттарға топтастыру.

Ақын-жазушылар

  • Әзілхан Нұршайықов
  • Сәбит Мұқанов
  • Фариза Оңғарсынова
  • Ринат Зайытов

Спорт майталмандары

  • Жамбыл Көкеев
  • Ермахан Ибраймов
  • Балуан Шолақ
  • Қажымұқан
  • Бекзат Саттарханов

Теледидар және сахна тұлғалары

  • Меруерт Өтекешова
  • Асанәлі Әшімов
  • Нұртілеу Иманғали
  • Азамат Сатыбалды

V. «Ойлы болсаң, озып көр»

Ұлы тұлғалардың суреттері көрсетіліп, оқушылар олардың өмірі мен еңбегі туралы қысқаша мәлімет береді.

  • Талғат Мұсабаев
  • Айша бибі
  • Қайрат Рысқұлбеков
  • Бейбарыс сұлтан
  • Төле би
  • Әлия Молдағұлова
  • Шара Жиенқұлова

VI. «Жүйрік болсаң, озып көр»

Сөзжұмбақтың сұрақтарына жауап беру.

  1. 1845–1904 жж. өмір сүрген ұлы ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің және қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, аудармашы.
  2. Боксшы, Олимпиада чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
  3. Қазақтың әйгілі күйші-композиторы.
  4. «Бес арыс» құрамындағы қайраткердің бірі.
  5. Б. Соқпақбаевтың балалар әдебиетіндегі озық туындысы.
  6. Қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі.
  7. «Менің пірім — Сүйінбай» деп жырлаған ақын.

VII. «Сөз ойла, тез ойла»

Шарты: ұяшықтарды таңдап, шыққан сөздер бойынша мақал-мәтел айту.

Адамгершілік Жақсылық Әдеп Еңбек Тәрбие Талап

Қорытынды

Абайдың 19-қара сөзі

«Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы-жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады».

Мұғалімнің түйіні: Бүгінгі тәрбиелік шарадан алған ойымыз — есімнің қадірін білу, ұлы тұлғаларды тану және қай жерде жүрсек те әдепті, тәртіпті, ақылды болып, жамандықты жақсылыққа жеңдіріп жүру. Өмір бізден осыны талап етеді.