Алғашқы ұстаз туралы мағлұмат қалыптастыра отырып, өзін осы маман иесіне назарын аудару
Қарағанды қаласы, №44 негізгі мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі: Дүзенова Жансая Ораловна
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сынып
4-сынып
Бөлім
«Біліміңді пайдаға асыр»
Тақырып
«Алғашқы мұғалім»
Сабақтың мақсаты
Алғашқы ұстаз туралы мағлұмат қалыптастыра отырып, оқушылардың осы мамандық иесіне деген құрметін арттыру және назарын аудару.
Сабақтың міндеттері
- Мәтін мазмұнын түсінуді және негізгі ойды анықтауды қамтамасыз ету.
- Оқушының ойын дамыту, пікірін дәлелдеп айтуға үйрету.
- Адамгершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.
Қолданылған модульдер
Стратегиялық іс-әрекеттер
«Ыстық алақан»
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
Топтасу
Топтық жұмысқа бағыттау, рөлдер бөлу.
«Миға шабуыл»
Тақырыпқа қызығушылық ояту, ой қозғау.
«Тыңдап отырған үштік»
Диалогтік оқыту, белсенді тыңдау.
Өкіл, өзін-өзі бағалау
Қалыптастырушы бағалау, кері байланыс.
Эссе, «5 жол өлең»
Шығармашылық ойлау, қорытындылау.
Сабақ барысы
Кіріспе
5 минут
Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылардың көңіл күйін анықтау.
- «Ыстық алақан» арқылы тұлғааралық байланыс орнату.
- Топ ережесін (ұстанымын) бірлесіп құру.
Мұғалімнің іс-әрекеті
- Оқушылармен амандасу.
- Сабаққа даярлығын қадағалау.
- Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
Тұсаукесер
5 минут
«Миға шабуыл» және диалогтік оқыту
Интерактивті тақтадан ұстаз туралы қысқа сюжет көрсетіледі. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасады.
Тақырып пен мақсатты ашу
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады: алғашқы ұстаз туралы түсінік қалыптастыру және мұғалім мамандығына құрмет сезімін дамыту.
Сұрақтар
- 1 Алғашқы мұғалім адамға неге ыстық?
- 2 Мектеп сендерге не береді?
- 3 Алғашқы мұғалім туралы есіңде не қалды?
- 4 Ойланып, әңгімеле.
Негізгі бөлім
30 минут
Топтық жұмыс
- Оқушыларды топтарға бөлу, жұмысты бағыттау және ұйымдастыру.
- Талқылау сұрақтары: Қасым Қайсенов алғашқы мұғалімін қалай еске алған? Шыңғыс Айтматовтың әңгімелері қандай әсер қалдырды?
2-тапсырма және бағалау
Әр топ өз критерийлерін құрады және сол критерийлер бойынша басқа топтың жұмысын бағалайды.
Талқылауға арналған бағыттаушы сұрақтар
- Алғашқы мұғалім адамға неге ыстық?
- Мектеп сендерге қандай мүмкіндік береді?
- Алғашқы мұғалім туралы есіңде не сақталды?
Қорытынды
5 минут
Шығармашылық жұмыс
Эссе жазу немесе «5 жол өлең» құрастыру арқылы ойды қорытындылау.
Рефлексия
Өзін-өзі бағалау және сабақ бойынша қысқа кері байланыс.
Үй тапсырмасы
Тақырып бойынша ойтолғау дайындау (мұғалімнің нұсқауына сай).