Жүйке жүйесінің аурулары
Сабақтың тақырыбы
Ми бөліктері және үлкен ми сыңарлары қыртысының аймақтары
Сабақтың мақсаты
Оқушыларды үлкен ми сыңарларының құрылысы мен қызметімен, сондай-ақ жүйке жүйесінің гигиенасымен таныстыру.
Оқушылардың танымдық қабілетін арттыра отырып, адамның ми құрылысын ғылыми тұрғыдан сипаттай білу дағдысын қалыптастыру.
Оқушылар үшін оқыту нәтижелері
Үйренеді
- бірлескен жұмысқа;
- топтар арасындағы ынтымақтастыққа;
- ұжымдық жауапкершілікке.
Сабақта қаралған негізгі идеялар
I. Ұйымдастыру
Сабақ шарты: сынып топтарға бөлінеді. Әр топқа бағалау парағы мен тапсырмалар беріледі. Оқушылар әр тапсырманың орындалуын ұпай арқылы бағалап отырады.
Белсенді қатысқан және дұрыс жауап берген оқушылар «өте жақсы», «жақсы» деген бағалармен бағаланады.
Тапсырмалар
- 1. Топ құрамын ауыстыру: сыныпта 25 оқушы болғандықтан, 5 оқушыдан 5 топқа бөлу.
- 2. Өзін-өзі бағалау парағын тарату.
II. Өткен материалды пысықтау
- Сәйкестігін анықтау (сәйкестендіру тапсырмасы).
- Суретпен жұмыс: ми бөлімдерін белгілеу.
Жаңа тақырыпқа көшу
Оқушылар сурет арқылы жаңа тақырыпты өздері ашады және сабақтың мақсатын тұжырымдайды.
III. Жаңа сабақты меңгерту
Топтық жұмыс форматында әр топқа жеке тақырыпша беріледі.
1-топ
Үлкен ми сыңарларының құрылысы мен қызметі.
2-топ
Мидың негізгі бөліктері және аймақтарының орналасуын көрсету.
3-топ
Үлкен ми сыңарында орналасқан аймақтардың маңызы.
4-топ
Жүйке жүйесінің аурулары.
5-топ
Жүйке жүйесінің гигиенасы.
Қорытынды
Оқушылар сабақ мазмұнын өздері қорытындылап, негізгі тұжырымдарды атап өтеді.
IV. Бекіту
- 1. Биологиялық диктант.
- 2. Берілген тірек-сызбаны толықтыру.
V. Рефлексия
Өткен сабақ бойынша барлық оқушы рефлексия парағын толтырады:
Не білемін?
Не білдім?
Не білгім келеді?
VI. Бағалау
- 1. Сабақты қорытындылау және өзін-өзі бағалау.
- 2. Әр топ бағалау парағы бойынша қорытынды шығарады.
Мұғалімге арналған жазбалар
Оқушылар топтарға бөлініп отырғызылады.
Мұғалім әр топқа тапсырма беріп, орындалуын қадағалайды және жауаптарды тыңдайды.
Оқушылар оқулықпен жұмыс жасап, тапсырмаларды бірлесе орындайды; қажет жағдайда жеке де жұмыс істейді.
Оқушылар өзін-өзі бағалап, сабақ соңында стикерге ой-пікірін қысқаша қорытындылап жазады.