Ондағы тапсырма мынадай
Сабақ тақырыбы
Microsoft Word мәтіндік редакторы
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Microsoft Word редакторы бойынша алған білімді тереңдету, жалпылау және жүйелеу.
Дамытушылық
Логикалық ойлауды, танымдық қызығушылықты дамыту; оқушылардың ой-өрісін жан-жақты жетілдіру, дүниетанымын кеңейту және компьютерлік сауаттылығын арттыру.
Тәрбиелік
Жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, нәтижеге жетуге және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ форматы
Сабақтың түрі
Қорытынды-жинақ сабағы
Саяхат сабағы түрінде өткізіледі.
Әдістер
- Әңгіме, түсіндіру, баяндау
- Сұрақ-жауап
- Тақтамен жұмыс
- Практикалық жұмыс
Көрнекіліктер
Компьютер, плакаттар, тақта, кеспе қағаздар.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
Мұғалімнің кіріспе сұрақтары:
- Саламатсыздар ма, балалар!
- Бүгінгі сабақта кім жоқ?
Бүгінгі сабағымыз ерекше форматта өтеді: Microsoft Word редакторы бойынша алған білімімізді тереңдету, жалпылау және қорытындылау үшін сабақты ертегі-саяхат түрінде ұйымдастырамыз.
Ертегі желісі: Microsoft әулеті
Ерте, ерте, ертеде Microsoft деген қарияның бес баласы болыпты: Word, Excel, PowerPoint, Access, Outlook. Солардың ішінде үлкені Word 18-ге толғанда, әкесінен еншісін алып, өз білгенін жұртқа көрсету үшін жолға шығады.
Word-қа берілген «енші» — барлық Microsoft бағдарламаларына ортақ негізгі әрекеттер мен батырмалар.
Жылдам сұрақтар (қайталайық)
-
1) Microsoft Word-ты қалай іске қосамыз?
Пуск → Программы → Microsoft → Microsoft Word
-
2) Алғашқы төрт жолақты атаңыз.
Тақырып жолы, мәзір жолы, стандартты панель, пішімдеу панелі.
-
3) Оң жақ шеттегі үш батырма қандай?
Жинақтау (жиыру), үлкейту/қалпына келтіру, жабу.
-
4) Құжат қалай сақталады?
Файл → «Сохранить как…» командасы арқылы.
Word терезесінің негізгі элементтері
- 1) Тақырып жолы
- 2) Мәзір жолы
- 3) Стандартты панель
- 4) Пішімдеу панелі
- 5) Сызғыш
- 6) Айналдыру жолақтары
- 7) Жұмыс аймағы
- 8) Қалып-күй қатары
Саяхат аялдамалары: тапсырмалар
1-аялдама (A деңгейі): «Орнын тап»
Негізгі құралдарБерілген командаларды Word құралдарымен сәйкестендіріңіз (қай батырма/қай мәзірде орналасқанын табыңыз).
- Орта бойынша туралау
- Маркерлер
- Курсив
- Мәтін түсін өзгерту
- Екі жақ шеті бойынша туралау
- Нөмірлеу
- Қаріп өлшемін өзгерту
- Жартылай қалың
- Оң жақ бойынша туралау
- Асты сызылған
- Сол жақ бойынша туралау
- Қаріпті өзгерту
2-аялдама (A деңгейі): «Қызметін жаз»
ТүсіндіруҚұрал-саймандар тақтасындағы батырмаларды пайдаланып, әр құралдың қызметін қысқаша жазыңыз.
3-аялдама (B деңгейі): Диктант
Жылдам теруМәтінді қатесіз әрі шапшаң теріп жазыңыз.
Қазақша мәтін
Менің туған жерім — Қазақстан. Қазақстан жері кең-байтақ. Ол жер көлемі бойынша әлемде тоғызыншы орында тұр. Біздің Отанымызда жүзге жуық ұлт пен халық өмір сүреді. Қазақстан Еуразия құрлығында орналасқан. Олар Қазақстанды туған жеріміз, Отанымыз деп есептейді.
Орысша мәтін
Мой родной край — Казахстан. Земля Казахстана огромная. Казахстан является девятой по величине страной в мире. В нашей стране живёт более ста национальностей и народов. Казахстан расположен на Евразийском материке.
4-аялдама (B деңгейі): Мәтінмен жұмыс
Өңдеу + пішімдеу- 1) Қатесін тексеру. Мәтінді белгілеңіз де, қаріпті Times New Roman, өлшемін 16 етіп қойып, орта бойынша туралаңыз.
- 2) Орнын ауыстыру және көшіру. Соңғы сөйлемді қиып алып, екінші сөйлемнен кейін кірістіріңіз. Бірінші сөйлемнің көшірмесін мәтіннің соңына қойыңыз.
- 3) Ерекшелеу. Мәтінді курсивпен жазыңыз, ал «Қазақстан» сөзінің барлық кездесулерін жартылай қалың етіңіз.
5-аялдама (C деңгейі): Кесте құру
КестеКесте құрып, үлгі бойынша толтырыңыз.
| Ұлттар | 2007 ж | 2008 ж | 2009 ж | 2010 ж |
|---|---|---|---|---|
| Қазақ | 61,00% | 65% | 78% | 85% |
| Орыс | 35% | 31% | 19,00% | 11% |
| Қытай | 20% | 11% | 8% | 2% |
| Өзбек | 33% | 24% | 13% | 3,00% |
6-аялдама (C деңгейі): Безендіру жұмыстары
Дизайн- 1) Сурет енгізу. Мәтінге сурет кірістіріп, оны қалауыңызша орналастырыңыз.
- 2) WordArt қолдану. WordArt-та ұнаған үлгіні таңдап, мәтінді «Менің Қазақстаным» деп өзгертіп, беттің жоғарғы бөлігіне орналастырыңыз.
III. Қорытындылау
Word-та қандай дағдыларды үйренгенімізді қысқаша талқылап, негізгі қорытындыларды жазып шығамыз.
Үй тапсырмасы
- Microsoft Word туралы қосымша материалдар іздеп келу.
- Сөзжұмбақ немесе ребус құрастыру.
Бағалау
Сабаққа белсенді қатысып, тапсырмаларды мұқият әрі шапшаң орындаған оқушылар бағаланады.
Саяхаттың түйіні
Осылайша Word әр аялдамада тоқтап, өз мүмкіндіктерін көрсетеді: құжат құру, мәтінді теру, түзету, пішімдеу, кесте жасау және материалды безендіру. Ең бастысы — бұл дағдылардың барлығы күнделікті оқу мен жұмыста нақты нәтиже береді.