Ырысты боп наурыз

Ақтөбе қаласы, №19 «Бұлақ» балабақшасы

Ұйымдастырушы: Ешмұханова Ақмарал Аманжолқызы

Шоу-бағдарлама: «Супер ана»

Формат: балалар сахнаға үшеуден кіріп, қатарға тұрады.

Кіріспе сөз

I жүргізуші

Қайырлы таң, аналар! Ақ жаулықты әжелер! Балабақша қызметкерлері! Ару қыздар! Көктемнің күніндей жылы жүзді, тұла бойына сұлулық тұнған, қызғалдақтай құлпырған аналарымызды, аруларымызды көктемнің шуағы мол мерекесі — 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!

II жүргізуші

Дүниедегі ең кемеңгер дананы Ана табады, аялайды, бағады. Сол үшін де құдіретіне бас иіп: қасиетті ананы құрметтейік!

Балалар (хормен):

Сізді жақсы көреміз,

Әрқашан мақтан етіп жүреміз.

Балалардың құттықтауы (өлеңдер)

1) Анель

Ақ тілекті ағылтып біз тастайық,
Аналардың мерекесін бастайық.
Көздерінен көрем шаттық арайын,
Өтсін солай әр күнің мен әр айың.

2) Абылай

Қадірлі аналар, көңіліңіз
Көктемдей жайнап, гүл ашсын.
Бақытқа толып өміріңіз,
Шаттыққа шаттық тола берсін.

3) Жанель

Мәз мейрам бүгін, бүлдіршін —
Естисің сыңғыр күлкісін.
Естисің тәтті сөздерін,
Байқайсың жанған көздерін.

4) Аслан

8 наурыз — тамаша күн,
Аналар күні — ерекше күн.
8 наурыз құтты болсын,
Наурыз айы құт әкелсін!

5) Нұрай

Жыл басы — Наурыз мереке,
Ақ нұрға әлем боялды.
Аналар тойы — ерекше,
Тіршілік қайта оянды.

6) Ерсұлтан

Көрсең, қайран қаларсың —
Мақтанышы әлемнің.
Аналар ғой әрқашан
Бала қамын ойлайтын.

7) Саят

«Ақ ботам» деп әрдайым
Жүрегіне аялар.
Айтқан сөзі — бағалы
Жан анашымның аяулы.

8) Әділхан

Ананың әр сөзі — ой талабы,
Жүрегімнің төрінде сақталады.
Өсеміз елін сүйген ұландар боп,
Ардақты ана еңбегі ақталады.

9) Рахымжан

Ана-ана, анатай, сені жақсы көремін,
Өзіңмен бірге далада серуендеп келемін.

10) Ислам

Ананың біз — гүліміз,
Ана — біздің күніміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүреміз.

11) Бекболат

Аналар — асыл жандар,
Шуақ боп шашылғандар.
Сіздер үшін тәтті ән —
Ана туралы нұрлы ән!

Диалог

Дастан — Мирлан

Дастан: Білесің бе, Мирлан, ана деген — керемет асыл жан! Менің анам кішкентай кезімде не айтсам, соның бәрін алып беретін. Түн ортасында шөлдесем, суын әкеліп беретін.

Мирлан: Ал менің анам ұйықтар алдында ән айтып, ертегі оқиды. Оянғанымда жүрегіме жылу беретін сөздерін айтады.

Дастан: Өмірде маған ең жақын, данасың сен, анашым. Болмаса мейлі зор даңқың, мен үшін мәңгі дарасың.

Мирлан: Бәрімізге анасың, біз үшін күн боп жанасың. Құтты болсын мейрамың, құттықтаймын, анашым!

12) Аружан

Жылылықтан жаралған, құшағы — таң мекен,
Менің айдай анамнан асқан сұлу бар ма екен?
Құттықтаймын, анашым, 8 наурызбен!

13) Рахман

Сыйлайыншы өзімнің сыйлығымды,
Мәпелеген ақ мамам, мейрамыңыз бүгінгі.
Құтты болсын, анашым!

14) Рахат

Қызық тойлар өткіздік,
Бірақ орны бөлекше.
Аналарға арналған
Бүгінгі той — ерекше.

15) Расул

Уа, халайық, халайық, мұнда назар салайық!
Мерекесін халықтың, аналар тойын тамашалайық!
Осы тойға арналған сайысымызды бастайық!

16) Нұрбек

Шашу, шашу шашайық,
Ақ сандықты ашайық!
Көрейік аналар байқауын —
«Супер ана» сайысын бастайық!

17) Медет

Маған да, саған да жақын бұл адам,
Үш әріптен жазылып бұл адам.
Оңға оқы, солға оқы —
Өзгермейді ешқашан.

«Супер ана» сайысының басталуы

I жүргізуші: Енді «Супер ана» сайысын бастайық. Қатысатын аналарды қол соғып, қошеметпен қарсы алайық!

Командалардың атауы

  • «Қызғалдақ» тобы
  • «Жұлдыз» тобы
  • «Құлпынай» тобы

Қатысушыларды таныстыру (II жүргізуші)

1) «Қызғалдақ» тобы

Аманжолова Айгүл Мырзағалиқызы — Қазанғап атындағы балалар өнер мектебінің қобызшысы. Қызы Елдесқызы Елдана — хореография және ағылшын тілімен шұғылданады.

2) «Жұлдыз» тобы

Салиманова Айгүл Кәдіржанқызы — Ақтөбе медициналық колледжінің оқытушысы. Рашидұлы Ұлан — есеп шығару, конструктор құрастыру, бояу жұмыстарымен шұғылданады.

3) «Құлпынай» тобы

Тауманова Гүлнұр Болатқызы. Қызы Комиссар Сақыпжамал — сурет салу және хореографиямен шұғылданады.

Әділқазылар алқасы

I жүргізуші: Сайыста әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар. Шеберлікті, білімді сараптап, әділ бағасын берулеріңізді сұраймыз.

Сайыс тапсырмалары

I тапсырма: «Менің анам осындай»

II жүргізуші: Балапан қыран болу үшін, оны самғауға жетелейтін ата-анасы да қыран болуы керек. Ұлтымыз отбасы тәрбиесіне әрдайым ерекше мән берген. Осы мақсатта алғашқы тапсырма: балалар «Менің анам осындай, менің анам — игі жан» тақырыбында өз аналары туралы әңгімелеп береді.

Әділқазылар ұпай шығарып жатқанда — кезекті биге береміз.

18) Нұр

Сіздер үшін сый-құрмет,
Жан анашым — мерейім.
Қаласаңыз ән айтып,
Би де билеп берейін.

Би: «Стирка»

II тапсырма: Аспаздық сайыс

I жүргізуші: «Ас адамның арқауы, аспен күш артады» — демек, келесі тапсырмамыз аспаздық сайыс. Әр ана өз дайындаған тағамын таныстырып, оның пайдасын түсіндіреді.

Көрермендермен ойын (II жүргізуші)

Құрметті аналар, сіздер түн ұйқыңызды төрт бөліп, сәбиіңіздің үнін естіп, тынымсыз күндер өткіздіңіздер. Енді балаңыздың кішкентай кезіндегі қылықтарын елестетіп, дауысынан танып көріңіздер. Балалар да аналарға демеу болып көмектеседі.

Қатысатын балалар: Расул, Данат, Диас, Бекболат, Рахат, Елсұлтан, Аслан, Санжар.

Би: «Самовар»

Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған айдындарда,
Бишілер өнерлерін көрсетуде.

III тапсырма: «Сәнгер»

«Ұстамын деп жең түріп, үлгісіз тон пішпеңіз» — дегендей, аналар өздерінің киім киюдегі талғамын көрсетеді. Сонымен қатар баласының киген киімін сипаттап береді.

  • «Қызғалдақ» тобы
  • «Жұлдыз» тобы
  • «Құлпынай» тобы

Әжелерге арналған құттықтаулар

II жүргізуші: Біздің бүлдіршіндер әжелерінің ақылын тыңдап, сөздерін жүрекке сақтай біледі.

19) Диас

Ән саламыз, билейміз,
Сіздерге бұл — сый дейміз.
Қариясы бар үйдің
Қазынасы бар дейміз.

20) Санжар

Ақ кимешек киген,
Ақ бетімнен сүйген.
Мені жақсы көрген,
Ертегі айтып берген.
Әжем менің қандай —
Әжем менің айдай.

21) Азамат

Бәріміздің анамыз,
Бәріміздің панамыз.
Бұл кісінің алдында
Бәрімізде парыз бар.

22) Дәулет

Асқақтаған ән дайын,
Күмбірлеген күй дайын.
Айналайын әжелер,
Құтты болсын мерекең!

23) Бауыржан

Құрт пен майын жинаған,
Балаларға сыйлаған.
Үлкен-кіші демейді,
Сыйлайды оны бар адам.

Ескерту: Бауыржан әжесімен қысқа диалог.

24) Алихан

Мейірімі — жел жібек,
Күндей ыстық құшағы.
Ел жүрегі елжіреп,
«Құлыным» деп құшады.

25) Дамир

Құрметті, ардақты әжелер,
Бүгін сіздерге зор денсаулық тілейміз.
Әнімізді тыңдаңыз —
Сіздерге арнаймыз.

26) Данат

Орнымыздан тұрайық, қолды белге қояйық,
Әсем әнге салайық, әжелерге сыйлайық.

Ән: «Әже»

IV тапсырма: «Әуенді тап»

Қатысушылар әуенді тыңдап, әнді немесе шығарманы табады.

27) Ерсұлтан

Құлпырған еліміздің қыздары,
Әзірге жайнаған құндыздары.
Ертең жарқырайтын жұлдыздары.

28) Карина

«Балам, ұлым, қызым» деп
Еркелеткен біздерді.
Құтты болсын, апайлар,
Мерекеңіз бүгінгі!

Ескерту: осы сәтте қызметкерлерге сыйлық тапсырылады.

II жүргізуші: Әркімнің де өмірден аласы бар, аласы бар адамның анасы бар. Мерекесін құттықтап аналардың, ортамызда би билейтін бишілер бар.

Би: «Веснушки»

Келесі бөлім: «Талантты отбасы»

I жүргізуші: Ән қосылсын әніңе, сән қосылсын сәніңе. Ырысты бол, Наурыз! Бақ дарысын бәріңе! Келесі сайысымыз — «Талантты отбасы». Әр отбасы өз өнерін көрсетеді: би, ән, өлең оқу және т.б.

Қорытынды және марапаттау

II жүргізуші: Аналар осылайша жүзге жетіп, ұл-қызын қызығына бөлесін. Әрқашан шаттықтан орын алып, уайымның не екенін білмей өтсін!

Болды дейміз жарысымыз — жемісті! Озып шығар кім білімді, кім күшті — әділқазының шешіміне жүгінейік. Әділ бағамен жеңісті жариялаймыз.

Ескерту: әділқазылардан қорытынды ұпай мен нәтижелер сұралады.

I жүргізуші: Демеңіз, біз өнерді аяп қалды — мезгіл де біраз таяп қалды. Қош болып тұрыңыздар, көріскенше! Осымен сайысымыз аяқталды. Келгендеріңізге көп-көп рақмет! Сау болыңыздар!